Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет87/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   348
18.08.2023 dis

ЫНЖЫҚТЫҚ (100): айбынсыз, алақарға, арқасыз, аузын буған өгіздей, аузынан сөзі 
түскен, аумақай, ауызбаққыш, ашықауыз, батылсыз, батылы [дәті] бармайтын, бейқам, 
бетқақты, божырақ, бозөкпе, болбыр, болпаш, бопай, бопсасыз, боркемік, бос, босбелбеу, 
бошалақ, былбыр, былжыр, егілшіл, ез, езгек, енжар, есектен де жуас, еті тірі емес, жалтақ, 
жалтаң, жалтаңкөз, жалыншақ, жалынымпаз, жасқаншақ, жасық, жетесіз, жуас, жүрегі 
[көңілі] шайлыққан, жүрегі дауалай бермейтін, жібі бос, жігерсіз, жігері жоқ, именшек, 
итіншек, кеудесінде оты жоқ, көк есек, көнбіс, көнімшіл, көңілі борпылдақ, көткеншек, 
күйзелгіш, күйрек, күйреуік, қажырсыз, қайратсыз, қамшысын алып беруге жарамайтын
қожбантопай, қойнынан бөзі түскен, қойпалақ, қорғалақ, қорғалаң, қорғалауық, қорғаншақ, 
қорқақ, қорыншақ, қуыс кеуде, қуыс қурай, құнжыт, мәми ауыз, мойығыш, мойылғыш, 
мұңайғыш, мұңайымшыл, мұңшыл, мұрнын тескен өгіздей, мырың, намыссыз, өлдебар, өлез, 
рухсыз, сарыуайымшыл, сипақшыл, сиырдың жас боғындай, су мұрын, сүйегі бос, сүйегі 
жасық, сылбыр, тайсақ, тартыншақ, түйе үстінен ит қапқан, тірі өлік,ұялшақ, үрту, 
шабал, шегіншек, шірік, ынжық туған, ынжық. 
МЕНМЕНДІК, ТӘКАППАРЛЫҚ (79): адамсыған, алкеуде, асқақ, астамшыл, 
бақайына келтірмейтін, басы жерде, билеп төстегіш, білгіш, дандайсыған, екі иығынан 
[иінінен] дем алған, есірік, жел кеуде, желкөкірек, жеңімен [жең ұшымен] сәлем беретін, зор 
кеуде, зор көкірек, кеппе кеуде, кер асқақ, кер қабақ, кер, кердең басқан, кердең, керенау, кеуде 
көтерген, кеудесі жоғары, кеудесі кепкен, кеудесін қаққан, көзі көкте, көзінің еті өскен, көкке 
қараған, көкірек біткен, көкірек керген, көкірек көрсеткен, көкірек қаққан, көкірек, 
көкіректеу, көкірекшіл, көңілі биік, көңілі көкте, көппе, көшеге сыймай жүретін, кірпияз, 
кісілігі жоқ, кісілігі ұстаған, қау көкірек, қопи, құдайын ұмытқан, құлақ аспайтын, маңғаз, 
мардат, менмен, менмендеу, менменшіл, меншіл, мұрнын [көкке] көтерген [шүйірген], 
мұрнына есек құрты түскен, мүйізі шыққан, ордаң, өктемшіл, өкірек, өкірекбай, өкірең, 
өкіреш, өпірем, өпірім, өр көкіректеу, өр көңілді, өркеуде, өркөкірек, паң кісі, паң, салмойын, 


142
танауымен көк тіреген, тәкаппар, түкірігі жерге түспейтін, үзеңгі бауы алты қабат, хан 
көкірек, ханға сәлем бермейтін, шалқақ. 
ҚЫҢЫРЛЫҚ (74): әлепет, безер, бірбет, бірбеткей, бірезу, бірмойын, бітеубас, 
егесшіл, жар көкірек, кеж, кежір, кер езу, кер есек, кер табан, керазу, керғайзаң, кержік 
желке, кертақыс, кертартпа, керіскек, керітартпа, кесір, кесір-кежір, кесір-кердең, кесірлі, 
көнімсіз, көтіне бақпас, қалша, қарыспа, қасарғыш, қасарма, қасарыспа, қиғыр, қида кездік, 
қиес, қиқар, қиқар-қырыс, қира кезікті, қиракезік, қиракөз, қисық, қитар, қитың, қиямпұрыс, 
қияңкес, қияңқы мінез, қияңқы, қияпар, қияпатты, қыңыр көкірек, қыңыр қабақ, қыңыр мойын, 
қыңыр, қырсық, қырсық-қыңыр, қырсықты, қырсықшыл, қыртима, оғаш мінез, оданы кісі, 
сыңар езу,сыңар жақ, теріазу, теріс азу, томырық, тоң мінез, тоңмойын, тоң-торыс, 
тырысқақ, үдір, шәргез, шойқы, шырғал, іштен қара [қыңыр] туған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет