Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет101/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   348
18.08.2023 dis

жасағыш, айлакер. Сезімтал Әмина Өмірзақова «Тақиялы періште» фильмінде 
сөйлегіш, өзіне де, басқағада маза бермейтін пысық, тыным таппайтын әрекетшіл адам 
ретінде көрінеді (Қ.Сиранов, Кино тур.). 2. Іс-әрекетке бейім. Сары уыздың бір 
жағында кішкене ақ түсті дақ көрінеді, бұл – цитоплазманың ең әрекетшіл бөлігі, осы 
жерде ядро орналасқан (Жалпы биология). Сөйтіп, интерфаза – клетканың әрекетшіл 
кезеңі (Жалпы биология). 
86. ӘСЕРЛЕНГІШ сын. Әсер алғыш, сергек, сезімтал. Соның салдарынан бала жас 
кезінен-ақ әсемділікке әсерленгіш, әр нәрсені есінде сақтағыш келеді (М.Мұқанов, Пед. 
очерк.). Талантты адам әсерленгіш, құлазығыш келеді (Ж.Молдағалиев, Торғай.). 
Бұрын ол Нәскен жанының осынша әсерленгіш екенін білмейтін еді (З.Шүкіров, Жас 
жесір). 
87. ӘСЕРШІЛ сын. Әсерленгіш, әсер алғыш, сезімтал. Әсет – әсершіл жан (Ә.Тарази, 
Асу.). Жаңабек аса әсершіл, желөкпе емес (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.). Соны көрді де, 
өзге балаларындай жабы түйсік емес, әсершіл ұлы барына риза болды. Баласын өзінің 
кәсібіне баулуға ынт-жынтымен кірісті (Ә.Кекілбаев, Бір уыс.). 
88. ӘУЕСҚОЙ сын. жағымды. Кәсіби маман болмағанмен, белгілі бір іспен ыждағатпен 
айналысушы. Қаладағы әдебиет әуесқойларының талап-тілегі бойынша биылғы оқу 
жылында сол факультетінің ауқымы кеңейіп, қазақ әдебиеті университеті болып қайта 
құрылды («Қаз.әдеб.»). Радио-кино әуесқойлар үйірмесінің мүшелері мектепті толық 
радиоландырды («Қазақст. мұғ.»). Әуесқой әншілер мен аспапшыларды біріктірген 
музыка ұжымдары республикалық, бүкіл одақтық байқауларға қатысып, өзара өнер 
сайыстары өтіп тұрды (ҚҰЭ). 


156
89. БАҒДАРШЫЛ сын. Байқағыш, аңғарғыш. Былайша бағдаршыл Наурыз ай жарығында 
адаса қоймаспын деп сенеді (Ө.Қанахин, Жасдәурен). Сұлтанмахмұт көзін 
Кенжетайдан Шакизатқа аударып, оның бағдаршыл, естілігін аңдап отырған сияқты 
(Д.Әбілев, Арман.). 
90. БАЖАЙЛЫ сын. Байыпты, байсалды. Мұғалім сөзі баланың сөзінен айырмасы: 
бажайлы, байсалды болу, мұғалімнің сөзін баланың ұққандығы, шабыттанып, 
ынталанып құлақ қойғаннан білінеді (Ж.Аймауытов, Шығ.жин.). Баланың жауабы 
анық, ашық, бажайлы, мазмұнды болу керек (Ж.Аймауытов, Шығ.жин.). 
91. БАЙҚАҒЫШ сын. 1. Абайлағыш, бірден танығыш. Байқағыш көз ауылда бұдан басқа 
да өзгерістер бар екенін және байқар еді (Б.Соқпақбаев, Бастан.). Бірақ, алыстан да 
байқағыш Хакім оның кім екенін де танып қалып еді (X.Есенжанов, Тар кезең). 2. 
Аңғарғыш, көреген, сезгіш. Мал мiнезiн бұлжытпай танығыш, байқағыш Есiргеп екi 
серiгiне ақ қойлар туралы көп-көп сөздер сөйлейтiн (М.Әуезов, Шығ.). Мен өткен 
күннің мына бір хикаясын айтайын, байқағыш болсаңыз оның да астарын байқаңыз (Ә. 
Әбішев, Ғаламат.). Баланың өзі байқағыш па, әйтеуір Хакімжан өнерге іждағатты 
болды (С. Байжанов, Жастық.). 
92. БАЙҚАМПАЗ сын. Аңғарғыш, сезгіш. Мұндай байқампаз, жіті көз қарттардың 
жинағаны мол болады (С.Бақбергенов, Қарға там.). Жас адам байқампаз болмақ, 
аңғырттығын салқын сабырына жеңгізсе, алғырлығы сол да (С.Сарғасқаев, Көңілді 
бала.) 
93. БАЙПАҢ сын. Мінезі жұмсақ, жайлы. Үйіне келген мейманды, Қайырымен тойдырса, 
Бай жолдасы байпаң-ды, Бәйбішеге жарасар (Үш ғасыр.).  
94. БАЙСАЛДЫ сын. 1. Сабырлы, ұстамды, байыпты. Байсалды бала көп жерде ұш-
қалақ баланың мінезіне мінезі қарсы (Ж.Аймауытов, Шығ.). Өзі бүгін тәуір киімдерін 
киіп, байсалды бәйбішелерге ұқсап, керіле қалыпты (Б.Майлин, Шығ.). Сәбира күйеуі 
ауданға қанша жыл басшы болса да баяғы байсалды мінезінен аумайды (Т.Ахтанов, 
Боран). 2. Ақылды, зерек. Баланың байсалды естияр адамдай суырыла сөйлеген сөзіне 
қайран қалдық (С.Омаро. 3. Беделді. Маң-маң басып жүріңіз, Байсалды үйге түсіңіз 
(Бұқар жырау.). Ол сондай-ақ Отанның байсалды, әрбір ісі мен сөзіне жауап беретін 
партия екендігін атап өтті («Егемен Қазақстан»). 4. ауыс. Жуас. Байсалды айғыр үйірін 
ат жақтайды (Мақал мәтел). Байсалды айғыр байталды болсын! (Тілек). Тағы бір тілек 
тілейін, Шын бергенін білейін, Өңкей ала, шұбардан, жал-құйрығы шұбалған Айғырды 
бер байсалды («Анатілі»). 
95. БАЙЫМДАҒЫШ сын. Аңғарғыш, байқағыш. Ол оқыған болса да, байымдағыш, 
жүйрік көкірегімен өзінің досын мақұл көргенді (М.Әуезов, Шығ.). Ғалымның өскен 
ортасы жастайынан әр нәрсені байымдағыш, көріп-білуге құмар болып өсуіне әсер етті 
(«Халық мұғ.»). 
96. БАЙЫМДЫ сын. Салиқалы, байсалды, байыпты. Жоғарғы айтылған сындардың 
ішіндегі ең байымды, байсалды, ең тәуірірек сын Тоқтыбайұлынікі (С.Сейфуллин, 
Шығ.). Табиғат құбылысын танитын Ерекең мұның бәріне байсалды қарап, байымды 
бағасын айтып отырған тәрізді (Қ.Ұябаев, Қырда.). Ол институттағы өткен ғылыми 
конференцияда өте мазмұнды, байымды еңбегімен көзге түсіп жүр («Лен. жас»). 
97. БАЙЫПТАҒЫШ сын. Байыбына барғыш, аңғарғыш. Тез байыптағыш, алғыр, 
сезімтал Сұлтанмахмұт шошына секем алды (Д.Әбілев, Ақын.). Русаков мұндай сырды 
байыптағыш, Бұрыннан қараштардың жүзі таныс, Жігітім, қайдан таптың әдетті бұл, 
Біреуге жала жапқыш, айыптағыш (Қ.Бекхожин, Үшкезең). 
98. БАЙЫПТЫ сын. Сабырлы, салмақты, орнықты (адамға қатысты). Әрбір сөзін 
байыпты да, әдемі етіп айтатын Етекбай әңгімесі Шоқанға сондай ұнады (С.Бегалин, 
Бала Шоқан). Айжан байыпты мінезіне көшіп, сабырлы үнде ақыл салды (3.Шашкин, 
Сенім). 


157
99. БАЙЫПШЫЛ сын. Байсалды, байыбына барғыш. Бір көргенде: «Шіркін, келбеті 
келген, мәмлесі мол, мәселесі байыпшыл бастық екен-ау» – деп те қаласың («Қаз. 
әдеб.»). 
100. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет