Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет154/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   348
18.08.2023 dis

МАЙДА ҚОЛ Жақсы мінез, жағымды қылық. Сынық көңілім көп кешер, Майда 
қолмен ұстасаң. Көңілге түрлі ой түсер, Әр тереңге нұсқасаң (Абай, Тол. жин.).  
408. 
МАЛСАҚ сын. Малжанды, малдың жайын көп ойлайтын. Адайбек деген 
жылқысының жағдайын ұйықтап жатып та көріп жататын малсақ кісі (С.Санбаев, 
Аруана). Малсақ шопандар қойын шөбі шүйгін, суаты мол алыс өріске әкетсе керек 
(3.Жәкенов, Таң самалы). 
409. 
МАРҚАБАТТЫ сын. Ізгі ниетті, қайырымды. Шетсіз, шексіз күшім бар 
Мақтанарлық ісім бар. Марқабатты елім бар. Шалқыған байтақ жерім бар (К.Әзірбаев, 
Таңд. шығ.). Әділ, көпшіл, көсем, жайдары, ашық Адамға алыс-жақын марқабатты. 
Қырмызы қызыл жібек, кең мінезді, Жылы жүз, жұмсақ мінез болған тәтті 
(Е.Ысмайылов, Ақындар). Иванның бәйбішесі марқабатты, Жан еді жүзі жылы, тілі 
тәтті (Д.Әбілев, Шығ.) 
410. 
МАРХАБАТТЫ сын. Қайырымды, шапағатты. Ұлы мәребелі, ұлы 
мархабатты, ғақылына сай күн сәулетті ұлы ағзам император ханымға хақ тағаладан 
ұзақ бақытты патшалық ғұмыр тілеймін, әумин! – деді Әбілқайыр хан (Т.Ахтанов, 
Шығ.). Қош, сау тұр, артта қалған кемпір мен шал, Балаңа дұға ойлаңыз қадари хал. 
Жоқ еткен өзін-өзі бейшараны Қарғамай, мархабатты есіңізге ал (М.Сералин, Шығ.). 
Жер мен көкке жағалай, Шұғыласын құйып тең. Мархабатты анадай, Күн қарайды 
биіктен (С. Мәуленов, Алыс кет.). 
411. 
МАХАББАТШЫЛ сын. 1. Махаббат құмар, сүюге дайын, ынтызар. 
Тұлпардай топ алдында ойқастаған. Ән «Хорлан» тамашада той бастаған. «Жігіттің 
арманы несүйгенді алған!» Көңілге махаббатшыл ой тастаған (М.Әлімбаев, Көңіл күйі). 
Миым менің қажығанда, іздей-іздей жүр елін, Бар міндетті алады өзі махаббатшыл 
жүрегім. Сүйіну мен күйінуден жалыққанда жүрегім, Жүйке болып қалады бар 
сүйенерім, тірегім (Қ.Мырзалиев, Домбыра). 
412. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет