МЕЙМАНҚОР сын. Қонақжай, меймандос. Қазақтардың тәні де, жаны да таза,
сыпайы, сүйкімді мейманқор халық екен («Қаз. әдеб.»).
418.
МЕЙМАНҚОС сын. Қонақжай, меймандос. Жаппастың сап-сары алтын жиған
мүлкі, мейманқос келеді оның барша жұрты (Айтыс).
419.
МЕЙМАНШЫЛ сын. Қонақжай, мейман сыйлағыш, меймандос. Асылында
бұл ауылдың адамдары ерекше мейірманды, мейманшыл, ақжарқын көрінеді
(А.Сатаев, Ақын ізі). // Қонақжайлық, меймандостық мінез. Маңқыстауда мүнара да
мұнара. Бұл араның мейманшылын сұрама (С.Сейітов, Алуан.). Ұрлық істеп беті
күйген адамдай мейманшыл үйдегі үш жанға қарауға көз шыдамайды (Ә.Нәбиев, Тың
тынысы).
420.
МЕЙРАМШЫЛ сын. Той-думаншыл, мерекешіл. Мейрамшыл қауым
мәдениетті үлкен жерлерге келіп, мейрам-сауық кештерін өткізіп тұрады («Қаз. әдеб.»).
421.
МЕЙІРБАН сын. Рақымы мол, қайырымы мен шапағаты зор. Мейірбан түсі
жылы кісі екен ғой, Бір ойдан әлдеқандай адам десем. Еншәлла, бағытымда зая болмас,
Кешірімді болғандай адам екен (Ә.Найманбаев, Шығ.). Ғалымның қанша айтқанмен
қасиеті, Патшаға айтқызбады бөтен бұлтаң – Мейірбан перзентімнің мейірі үшін.
Келтіргіл бір қап гауһар, болса імкән (О.Шораяқов, Шайыр.). Елді ойламай ақынның
таңы атқан ба, Сырымды оқы мейірбан қабақтан да. Жүрегімнің бір шетін үзіп берем
Қазағыма жақсылық таратқанға (К.Салықов, Жезкиік.). // Рақымды, қайырымды адам.
Рас, рас, қанша тағдыр қол артсын, Сен солардың көңіліне қарапсың. Өміріңде
жатсынбадың ешкімді, Мейірбансың, өйткені сен жомартсың (М.Шаханов, Ғасырлар.).
422.
МЕЙІРБАНДЫ сын. Рақымды, қайырымды, шапағатты. Оның сезімтал және
мейірбанды, рақымды адам екенін осы үнінен аңғардым (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ.).
Баукең үйінде аса мейірбанды, ер көңіл, кішіпейіл адам екен (Н.Әбуталиев, Сахара.).
«Жауыңа қандай қатал болсаң, досыңа сондай мейірбанды бол» деп, бабаларымыз
өсиет айтқан (І.Есенберлин, Алтын Орда).
423.
Достарыңызбен бөлісу: |