МҰРНЫН ТЕСКЕН ТАЙЛАҚТАЙ кекесін. Көнгіш, ырыққа ерігіш, жуас. –
Кетсеңші енді, Махмұт, кетіп қал! Мынау тұрғансын, сені оңдырмайды. – Жоқ
саспаңыздар мұрнын тескен тайлақтай жуасытып берем сендерге бұл аюды (Б.Әбілов).
447.
МҮДДЕШІЛ сын. Өз мүддесін қорғайтын. Серғазы мүддешіл адам, өз есесін
жібере қоймас («Қаз.әдеб.»).
448.
МҮСІРКЕГІШ сын. Есіркегіш, аяғыш. Мүмкін бұрынғыдай мүсіркегіш
көздерімен қарамайтын шығар (Р.Тоқтаров, Тұлпар.). Аямпаз – мүсіркегіш дегенге
мәндес, ал гуманизм аяу емес, рақымшылық, адамгершілік («Ана тілі»).
449.
МІНАЖАТШЫЛ сын. Құдайға сыйынғыш, құлшылық етуге құмар. Бір кездегі
аюдай ақырған айбары жоқ, әбден мінажатшыл боп алған (Н.Серәлиев, Қаңтар).
Эстетикалық терең талғам иесі Абайдың мұндай әрі мінажатшыл, әрі «құрау», «жамау»
өлеңдерді сынап, мінеуі заңды еді («Қазақст. мұғ».).
450.
МІНӘЙІ сын. жерг. Сыпайы. Хафиз басыңқы, мінәйі мінезді адам
(Б.Кенжебаев, Асау жүрек).
451.
МІНЕЗДІ сын. 1. Мінезге бай, кең. Ол өте мінезді, тілінен де, қолынан да келетін
пысық әйел боп шықты (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). Жәнібек маған бұл дүниедегі
мінезді, өнерлі жан сол жігіт боп елестеді де тұрды (А.Жақсыбаев, Егес). Мінезді болса
алғаның, Одан артық жар бар ма. Екі жаман қосылса, Күнде жанжал, күнде шу
(Алдаспан). 2. Күтпеген жерден оқыс мінез, қылық көрсететін әдеті бар деген
мағынада.
452.
МІНЕЗДІЛЕУ сын. Мінезі барлау. Бұл бір қызық мінезділеу қазақ еді
(С.Сейфуллин, Шығ.). Досан туралау, тік мінезділеу секілді (М. Әбдіхалықов, Қара
тасқын). Тұйық мінезділеу тігінші әйелінің сөзіне қолды бір-ақ сілтеді (X.Есенжанов,
Тар кезең).
453.
МІНЕЗІ АУЫР [АУЫР МІНЕЗДІ] Аса ұстамды, сабырлы, адамға бірден
ашыла қоймайтын. Өмірінде өріммен ғана шұғылданған, мінезі ауыр, ол ауылдағы
ойын-сауық, айт-той сияқты думандарға да желігіп көрмеген адам (С.Мұқанов, Есею
жыл.). Құлындай ащы дауыстым, Құлжадай айбар мүйіздім. Қырмызыдай ажарлым,
Хиуадай базарлым, Теңіздей терең ақылдым. Тебіренбес ауыр мінездім! (Махамбет,
Өлеңд.).
195
454.
МІНЕЗІ МАЙДАЙ Мінезі жайлы. Гауһардай көзі, бұлбұлдай сөзі, Жаннан
асқан бір пері. Жүзі бар айдай, мінезі майдай, өзгеден артық сол жері (Ш.Құдайбердиев,
Шығ.).
455.
Достарыңызбен бөлісу: |