201
құрметтеп, оған ілтипатпен қарап, көмектесуге бейім тұрады. Ол
жағымды істен
қанағат табады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
521.
РУШЫЛ сын.
Рулық жікке, атаға бөлінгіш. Мұрат қазақтың ру таласы, ру
бәсекесі күшті мезгілде өсті. Мұрат – өте рушыл ақын.
Алшын болып таласса,
байұлыны мақтайды, байұлының ішінде бәсеке болса, өзінің руын мақтайды. Мұраттың
айтыстарынан алаштың түбіне жеткен ру таласының, ру бәсекелерінің суреттері айқын
көрінеді (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). Бірде тату, Бірде араз Рушылың, Жершілің.
Мысығымыз дүрдараз Мысығымен көршінің (Қ. Мырзалиев, Мәңгі.).
522.
САБЫРЛЫ сын.
Ұстамды, байыпты, салмақты. Таңертең Ақбілек пен келіні
далаға
барып келе жатқанда, ақсақалдың көзі түсіп: «Келін бір бәйбіше болғандай
денелі, жүрісі сабырлы адам екен» деп ойлады (Ж.Аймауытов, Шығ.). Досмағұл кіші
пейіл, мейірімді, сабырлы кісі еді (С.Көбеев). Ондайда адам сабырлы, салқын келер,
Айтқан сөзі салмақты, алтын келер (А.Тоқмағамбетов, Шығ.). Сабырлы жетер мұратқа,
Сабырсыз қалар ұятқа (Мақал).
523.
САҚИ ЖАН Жомарт, дарқан, кеңпейіл адам. Терминнің номинативті
мағынасы «төрдегі адам», көшпелілердің таным-түсінігіндегі тор – кісілікті, парасатты,
сақи жандарға арналған сакралдық менге ие орын, сонда бұл елдер өздерін ұлықтап,
«таңдаулымыз» деп атаған («Жас Алаш»).
524.
САҚҚҰЛАҚ сын.
Естігіш, бәрін біліп, сезіп отыратын. Мына жолаушының
қарасы көріне бергенде шеткі үйдің бірінен саққұлақ,
ақ қаншық шәуетті
(Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Саққұлақты орман да тұр ойда қап, Ақ бұлақты арман
жатыр аймалап (Т.Айбергенов, Мен саған.). Дәл осы минуттарда саққұлаққа желдің
жылжуын естуге болады, олардың қимылын естуге болады (Ол күнд. өшпес.).
525.
САҚУАТТЫ сын.
Қайырымды. Сол кезде бір бай болған Балпаң атты. Кісі еді
даңқы шыққан салтанатты. Ешкім жоқ кіші жүзде одан озар Әрі ер, әрі жомарт сақуатты
(Құл мен қыз, БЖ).
526.
САЛДАРЛЫ сын.
Байыпты, салмақты, салауатты. Жақаш ақ сақалды, сары
тісті, салдарлы адам қалпында мұрнын бір шүйіріп, тоқтай қалды (Ғ.Сыланов, Асау
арна).
527.
Достарыңызбен бөлісу: