Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ТАҚУАЛАУ сын. Тақуаға бейімірек. Тақуалау кәрілердің жаңағы бата қылғыш,  бет сипағыш машықтарын көп істейтін болған-ды (М.Әуезов, Абай)



Pdf көрінісі
бет184/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   348
18.08.2023 dis

ТАҚУАЛАУ сын. Тақуаға бейімірек. Тақуалау кәрілердің жаңағы бата қылғыш, 
бет сипағыш машықтарын көп істейтін болған-ды (М.Әуезов, Абай). 
618. 
ТАҚЫЛДАҚ сын. Тақылдауық, сөзуар, сайрауық. Тақылдақ Меруерт тағы 
бірдеңе айтып, тиісе берер деп қысылды (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). 
619. 
ТАҚЫЛДАУЫҚ сын. Тақылдақ, тақылдағыш. Өзін оқуға зерек деп еститінмін. 
Бірақ мұндай тақылдауық екенін білмеуші едім (Т.Иманбеков, Үш ай.). 
620. 
ТАҚЫМКЕШ сын. Көкпарда, жекпе-жек тартыста жеңгіш (адам). Мұса – 
жерде балуан, ат үстінде, көкпарда тақымкеш жігіт (С.Сейфуллин, Шығ.). Арнала 
дайындалған тақымкеш жігіттерге тартыс серкесі берілді (С.Бегалин, Замана.). – 
Жүріңдер, одан да бес арыстың тартысқа салатын тақымкештерін көрейік (Ә.Көшімов, 
Жас аңшы). 
621. 
ТАЛАБЫ ТАУДАЙ Өте талапты, қабілетті. Жамалжан талап таудай 
болсадағы, тон келте, сүйгеніңнен қолы қысқа (М.Дулатов, Шығ.).  
622. 
ТАЛАҒЫНЫҢ [ТАЛАҒЫНДА] БИТІ БАР 1. Еті тірі, пысық, епті. Жиын-
тойда өлең айтып, жарқыратып «жол алып» шығуды талағында биті бар, аузының ебі 
бар жігіттің бәрі-ақ өнер көретін (С. Сейфуллин, Шығ. жин.). Алаштың талағының биті, 
көкірегінің көзі бар азаматтарының қатарынан озбаққа ұмтылғаны жақсы (Ә.Кекілбаев, 
Үркер). Мәті бидің Әбілхайыр ханға айтқаны деп «Үркерде» мына сөздерді келтіреді. 
«Алаштың талағының биті, көкірегінің көзі бар азаматтарының қатарынан озбаққа 
ұмтылғаны жақсы» («Егемен Қазақстан»). 2. Келешекте іс тындыра алатын ізденгіш, 
зерделі. Ал өзге жас сөйтіп неге арқаланбаған? Талағында биті бар жігіт қай заманда 
болса да қарап қалған емес (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). 
623. 
ТАЛАЙЛЫ сын. Бақытты, абыройлы. Жұрт назары сүріне алға қарайды, Жан 
едік біз бүрыннан-ақ талайлы. Жанарымыз жамыраған жұлдыз боп, Жүзіміз де өзгеше 
бір арайлы (А.Хангелдин, Қыз жүрегі). Таз екенін қайтесің, Талайлысын айтсаңшы 
(Мақалнама). 
624. 
ТАЛАНДЫ сын. сөйл. Талайлы. – Иттен де таланды неме екенсің, – деді ол, 
Молдағұлға құрбылығын сатып (С.Мұқанов, Теміртас). Таланды ерге тап болар
Ақылға дана ару жар, Тал шыбықтай бұралған (Үш ғасыр.). 
625. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет