ТІЛІНЕН БАЛ ТАМҒАН Шешен, тілмар. Менің әкем Пірман тілінен бал
тамған шешен, он саусағынан өнері төгілген шебер кісі ед (С.Омаров, Жүйрік.).
Тілдерінен бал тамған, Жорга жүйрік майталман, Шешен де өтті дүниеден (Жамбыл,
Шығ.).
673.
ҰҒЫМПАЗ сын. Ұғымтал, алғыр, зерек. Тыңдаушы ұғымпаз болса, сөйлеуші
шешен болар (С.Бақбергенов, Қайран шешем). – Сіздің балаңыз оқуға өте ынталы және
ұғымпаз (С.Мұқанов, Теміртас).
674.
ҰҒЫМТАЛ сын. Ұғымпаз, ұққыш, зерек, алғыр. Сабаққа зеректігі болмаған
мен, өлең-әнге ұғымтал-ақ (С.Жүнісов, Жапанда.). Бүкіл бастан кешкенін қазақ халқы
сөз арқылы ғана сақтап келген ғой, сол ұғымталдар – осы ақындар (Қ.Байсейітов,
Құштар көңіл).
675.
ҰЖЫМШЫЛ сын. Ынтымақты, ұйымшыл. Өңшең нашар жарлы-жақыбай,
басыңа қиыншылық түскенде ұжымшыл бол, біріге біл (Б.Аманшин, Көк жар).
676.
ҰҚЫПТЫ сын. Тап-тұйнақтай, жинақы (салақ емес); тыңғылықты. Кең,
жарық бөлмелер, ұқыпты жиналған аппақ төсектер (Б.Оразақов, Дәрігер.). Ол қайда
жұмсаса да, тапсырған істі шапшаң және ұқыпты орындайтын (С.Мұқанов, Аққан
жұлдыз). Жас азаматтарымыз тілге мейілінше ұқыпты, жанашырлықпен, қамқор көзбен
қарауы керек қой дейміз (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.). Қазақстан Республикасының
азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті
(ҚР Конституциясы).
677.
ҰЯ БҰЗБАС бейн. Тірі жанға қиянаты жоқ, жуас. Қой баласы – қоңырым, Ұя
бұзбас момыным. Шопан ата түлігі Қошақаным қайдасың? Пұшайт, пұшайт!
(Пернедегі терме).
678.
ҮЗЕҢГІСІН ТЕҢ БАСҚАН Әділетті, әділ. Ел қайғысын кім ашар? Үзеңгісін
тең басқан Төресі ғаділ хан ашар. Аққа су мен кең қоныс, Түрленген жасыл көк ашар
(Кердері Әбубәкір, Қазағым.).
679.
ҮЙЕК ауыс. Жаны жайсаң, жайдары. Адамдар мен адамдар арасында,
Көрінбейтін жай көзбен қарағанда Бір аңғар бар жаны үйек, бауыры қар, Кейде ызғарлы
зәнталақ дауылы бар, Кейде көктем есетін сауырынан (М.Шаханов, Ғасыр.
680.
ҮЙКҮШІК зат. Үйден ұзап шықпайтын, үнемі үйде жүретін кісі. Бәкен,
шынында да үйкүшік болып өскен кісі, еркек болып жұртпен бірге жүріп-тұрып, ел
аралап, сөз бағып көрген кісі емес (Б.Майлин, Шығ.). Үйкүшік болма дедіңдер,
Қарыздар екем мен де елге. Жақсы-ақ бір ақыл бердіңдер, сол үшін алғыс сендерге
(Т.Молдағалиев, Алатау қызы). Шаруа болар балаңды Шөп шапқаннан танисың.
Үйкүшік болар балаңды От жаққаннан танисың (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Жауға шабар
ерің жоқ Сақадай болып сайланып. Төсек жанды мырзалар Ала баспақ байланып,
Үйкүшік т е й үреді Отының басын айналып (Дулат Бабатайұлы, Замана.).
681.
Достарыңызбен бөлісу: |