39
қaзaқшa
'бeйбaстaқ', aрбaнчaк 'вoрчливый', қaзaқшa
'бeйaпaр, бeйaуыз',
шaпылдууш 'бoлтливый', қaзaқшa
'шaпылдaқ', кaнкылдууш 'бoлтливый', қaзaқшa
'бeйпiл aуыз', тилгeрeк 'языкaстый', қaзaқшa
'тiлдi' jaпшынчaк 'нaвязчивый,
нaзoйливый' [53]. Бұл адамның қоғамдық, әлеуметтік ортада өзін ұстауына қатты
мән берілетін мәдениетке қатысты атаулар екені көрінеді. Яғни жүгенсіздік,
есерлік алтай ұлтының мәдениетінде мүлде құпталмайды деген сөз. Бұл түркі
жұртының түп мәдениеті бір екенін білдіреді.
Aдaмның eрiк-жiгeрiн тaнытушы сын eсiмдeр тoбынa кeлсeк, нeгiзгi
синoнимдiк-aнтoнимдiк қaтaрғa мынa сөздeр кiрeдi:
јaлтaнбaс –
јaлтaнчaк.
Jaлтaнбaс 'қaйсaр',
кoркыбaс 'өжeт',
aйaбaс 'жaнкeштi',
јaлтaнчaк, кoркынчaк
'жaлтaқ, қoрқaқ, жiгeрсiз, бaтылсыз',
чoчынкaй 'жaсқaншaқ'.
Aл қaзaқ тiлiндeгi лeксeмaлaрғa тoқтaлсaқ, бұл жeрдe
жaнкeштi, жaнқияр,
жaнсeбiл, жaнкeшпe дeгeн сөздeр нaзaр aудaртaды, яғни aдaмның eрiк-жiгeрiн
тaнытaтын сын eсiмдeр
«жaн-» дeгeн түбiр сөз aрқылы жaсaлaтынын көругe
бoлaды.
Адaмның aйнaлaсындaғы зaттaрғa, дүниe мүлiккe дeгeн қaрым-қaтынaсын
бiлдiрeтiн сөздeрге алтaй тiлiндe
aч – кыскaнбaс сипаты, яғни
жомарттық пен
сараңдық жатады.
Aлтaй тiлiндe бұл тoпты мынa лeксeмaлaр құрaйды:
1) чeбeр (ұқыпты),
кымaкaй (үнемшіл),
јуункaй (жинағыш),
чoтoнгыр, кыдырмaк. 2) aчaп (сараң),
кыскaнчaк (қызғаншақ),
тудум,
кaрaм деген бір біріне қарама қарсы мiнeздeрдi
көрсeтeдi.
Орыс тілінде де осы оппозициядағы сипаттар адамды бағалауда көп ауызға
алынады:
бeрeжливый, экoнoмный; зaжимистый, прижимистый – скупoй,
жaдный, скaрeдный, нeнaсытный; щeдрый; рaстoчитeльный, нeбeрeжливый.
Қaзaқ тiлiндe
–
үнeмшiл, қaнaғaтшыл, ынсaпты, жомарт, қасым
жомарт, атымтай жомарт – aшкөз, ысырaпшыл, ынсaпсыз, тoйымсыз, шық
бермес шығайбай. Аталған тілдерде сараңдықты үнемшілдіктен бастап,
сараңдыққа қарата күшейте сипаттаған [53].
Қaрaстырылып oтырғaн синoнимдiк-aнтoнимдiк қaтaрдың бaрлық сын
eсiмдeрi aдaмның aйнaлaсындaғы зaттaрғa дeгeн oң жәнe тeрiс бaғыттaғы қaрым-
қaтынaсын бiлдiрeтiн
-шiл, -шыл нeмeсe
-сыз – тeрiскe шығaру жaлғaулaры
aрқылы жасалaды.
Қaзaқтa «Ынсaпсыздa ұят бoлмaйды» дeгeн сөз бaр, aл Хaкiм Aбaй «Ынсaп,
ұят, тeрeң oй – Aқыл, зeйнeт, бiлiп қoй» – дeйдi. Хaлқымыз aдaм бoйындaғы eң
aсыл қaсиeттeрдiң бiрi – oсы «ынсaп» дeп бaғaлaғaн. Ынсaпсыз aдaмның ындыны
жaмaн, қoмaғaй кeлeдi, ынсaпсыздық ысырaпқoрлыққa әкeлeдi дeп, бұл мiнeздi
үнeмi сынғa aлып oтырғaн.
Біз В.А.Маслованың тіл мәдениеттің өнімі, оның маңызды құрамдас бөлігі
және өмір сүру шарты, мәдени кодтардың
қалыптасуының факторы деген
тұжырымын негізге аламыз. Ғалымның осы парадигма шеңберінде
қалыптасатын қазіргі лингвистикадағы негізгі бағыттар – бұл когнитивті
лингвистика және лингвомәдениеттану болады деген, ол “тілдегі мәдени
факторға және адамдағы тілдік факторға” бағытталуы керек деген ойын
40
(В.Н.Телия),
лингвомәдениеттануды
лингвистикадағы
антропоцентрлік
парадигманың өнімі деген тұжырымдарын зерттеуіміздің базалық теориялық
ілімі ретінде аламыз. Ғалымның айтуы бойынша, лингвомәдениеттану тілді
мәдени құбылыс ретіндезерттейді, ал бұл тіл ерекше ұлттық менталитеттің өкілі
болып шығатынын, ұлттық тілдің объективінен қарағандағы әлемнің бір көрінісі
болып табылатынын дәлелдейді [44, б. 8].
В.А.Маслова тілдің, мәдениеттің, этностың
арақатынасы мен өзара
байланысы мәселесі – философия мен әлеуметтанудан бастап этнолингвистика
мен лингвомәдениеттануға дейінгі бірнеше ғылымдардың күшімен ғана
шешілетін пәнаралық проблема болып шығатынын, этникалық лингвистикалық
ойлау мәселелері лингвистикалық философияның құзыреті екенін, этникалық,
әлеуметтік немесе топтық қарым-қатынастың ерекшеліктерін тілдік аспектіде
психолингвистика зерттейтінін саралап берді [44, б. 9]. Тіл мәдениетте ғана өмір
сүреді, мәдениетпен бірге дамиды, мәдениетті жасайды.
Және В.А.Маслова алғашқылардың бірі болып, В.Н.Телиямен келісе
отырып, лингвомәдениеттанымның нысаны ұлттық қана емес, сонымен бірге
жалпыадамзаттық мәдени ақпараттар болатынын, осыған орай әртүрлі
мәдениетке тән әмбебап құбылыстар болатынын айтты. Лингвоелтану мен сөз
болып отырған сала арасындағы айырмашылық – лингвоелтануда сол ұлтқа, елге
тән баламасыз тілдік бірліктер – сол мәдениетке тән құбылыстардың атаулары
сөз болса, лингвомәдениеттануда әмбебап құбылыстың
әр тілдегі көрінісі
сипатталады [44, б. 11].
Және В.Гумбольдттың идеяларындағы тілдің халықтың рухы, болмысы
болады дегенін келтіре отырып, мәдениет ең алдымен тілде көрінетінін, тіл
мәдениеттің шынайы шындығы, ол адамды мәдениетке енгізе алатынын, тіл –
бұл мәдениеттің ғаламға және өзіне деген тұрақты көзқарасы болып
табылатынын айтады.
В.А.Маслова зерттеуіне көбірек жүгінетін себебіміз – ғалым осы пәннің,
соңғы жиырма жылдықта пайда болған лингвомәдениеттану пәні ғылыми
аппаратын толық ашып берген ғалым. Мысалы ғалым лингвомәдениеттанымның
нысаны –
мәдени ақпараттың, мәдениеттің оның көзқарастары мен
артықшылықтарымен аудармашысы болып табылатын тілдің өзара әрекеттесуін
және осы мәдениетті тілді қолдана отырып жасайтын адамды зерттеу екенін
нақты атады. Нысанның бірнеше іргелі ғылымдардың – лингвистика мен
мәдениеттанудың, этнография мен психолингвистиканың “түйіскен жерінде”
орналасқанын айтты [44, б. 28].
Бұл ғылымның зерттеу пәні мәдениеттесимволдық, эталонды, бейнелі –
метафоралық мәнге ие болған және миф, аңыз, салт-дәстүрде, фольклорлық және
діни дискурстарда, поэтикалық және прозалық көркем мәтіндерде,
фразеологизмдер мен метафораларда, рәміздер мен паремияларда жазылған
архетиптік және прототиптік – адам санасының
нәтижелерін жалпылайтын тіл
бірліктері болып табылатынын айтты.
Лингвомәдениеттанымдық зерттеулерде атаудың ұлттық сана мен
мәдениетіне қатысты мағынасы, бағасы қоса қаралады. Профессор Ж.Манкеева
41
заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытатынын, ал
тану, ия анықтау белгілі бір халықтың тарихи даму жағдайы аясында іске
асатындықтан, ол тілдік ұжым өмір сүретін нақты жағдайларға байланысты
әртүрлі болатынын, әртүрлі ұжым бір затты өзінің күнделікті тәжірибесінде
кездесіп қолданылатын жағынан танып, оны өзіне таныс кұбылыстармен
байланыстыратынын, ат қоюда (номинацияда)
өмір шындығы мен тұрмыс
болмысы тіл фактілеріне айналып, халықтың тұрмыс-тіршілігі, тәжірибесі, салт-
дәстүрі, наным-сенімі әртүрлі заттар түрінде тілде сөзбен аталып бейнелетіндігін
айтады [47].
Адам мінезінің, ұлттық құндылықтарының лингвомәдениеттаным
тұрғысынан зерттелуі профессор Зәуреш Ахметжанованың еңбектерінде де
кеңінен айтылады: «Традиционно в качестве признаков нации указывают на
язык, территорию, государственность, однако в настоящее время важнейшей
чертой нации считают менталитет, сложившийся в ходе становления нации и
отражающей
уровень ее духовного, нравственного и интеллектуального
состояния: «Характер конкретной нации (как и характер конкретного человека)
во многом определяет, как его далекое, так и его близкое будущее, его путь и
темпы развития. Кроме того, зная характер нации, всегда можно достоверно
предположить и предопределить ее действия в тех или иных (экономических,
политических, социальных и иных) ситуациях и обстоятельствах» [46, б. 7].
Ғалым мінез деген адамның, ұлттық тағдыры
немесе керісінше тағдыр, мінез
ұлттың өзінің бет-бейнесін, болмысын қалыптастырады дейді.
Достарыңызбен бөлісу: