ӘЖУАШЫЛ сын. сөйл. Ажуашыл. Едірей болысына қараған Әйбике руының ішінде
аты шулы Мұқай деген тапқыр, әжуашыл, ауыл тілімен айтқанда «қу» болған («Қаз.
әдеб.»).
146.
ӘЗӘЗІЛ [ар. ليزازع] aуыс. Рухани азған, әзәзiлдiң алдауына ерiп кеткен адам. Бiр әзәзіл
д i ң өсегiне ерiп, өз қуанышыма балта шауыппын мен бейбақ (Б.Момышұлы, Шығ.). Әзәзіл
адамды алдап кәсіп етер, Еңбексіз тілін жалдап нәсіп етер. Опасыз өмір сүрген өтірікші,
Алдынан әділдіктің қашып өтер (Ө.Тұрманжанов, Менің кітаб.). Сұқтанатын көршілер
ылғи қарап, Болды өтетін шат күлкі бұл үйді орап. Әзәзілдер әртүрлі сөз таратып, Бұрқ етті
кеп бір соғыс қырғи қабақ (С.Мәуленов, Алыс кетіп.). // Азғырушы, арбағыш. Баяғыдан
берi iшiм жегi құрттай жеп жатқан сол әзәзіл қызғаныш қазiр қайта бас көтергендей, түсi
кенет өзгерiп, әйелiн тиып тастады (Қ.Жұмадiлов, Соңғы көш).
147.
ӘККІ сын. Айлакер, қу, зымиян. Жазықта құтылмасын біліп, әккі қасқыр «Жеті
құдықтың» обалы шоқысына беттеді (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Ауыл адамдарының
дабырына еліккен әккі тазылар мен кейбір төбеттер қозылардың алдын орап қақпайлайды
(Ә.Көшімов, Қарт аңшы.). Ақботадан гөрі, тісқаққан, әккіс ары атан адастырмай колхозға
алып барар деген үмітте едік, ақтамады ол құрғыр (3.Шашкин, Өмір.).
148.
ӘЛЕПЕТ [ар. افلاخ
ت
] зат. Қырсық, әлек, кесір. Қамқордың әлепеті болмаса, тиыш
жатқан момын ел мұндай бола ма? (К.Оразалин, Көктем.). Әлепет шал әлі де борбайлады,
Ұнамайды жігіттің тоңды ойғаны. Дүниені өткізу актісіне, Қасарысып, қыңыр шалқол
қоймады (М.Мақатаев, Шығ.). Тамашалап тобыр топ дуылдайды, Қол ұшын беріп біреу
бұрылмайды. Ей, әлепет ит өмір, естисің бе? Торға түскен торғайың шырылдайды
(М.Мақатаев, Шығ.)
236
149.
ӘЛПЕЙІМ сын. Бірде олай, бірде бұлай, құбылмалы. Әлпейім, мінезі ауыр,
сөйлемейтін, Қиғаш қас, қабақ шытпас пары болса. Ләйлідей лебіз ашса, сүйсінерлік,
Тілінің тынықтырар балы болса (Үш ғасыр.).
150.
Достарыңызбен бөлісу: |