АЯУ БІЛМЕС Қатыгез, мейірімсіз. Деуі-ақ сонда мұң екен, Көк қарулар кезенген,
Көкшіл беттер безерген, Аяу білмес сұм екен (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Сені көріп қайта
тудым мен бүгін. Аяу білмес мынау жендет жүрегімді мұз қатқан, Ойран-асыр
дөңбекшіткен, сыздатқан Дімкес соқыр сенімімді күл-талқан ғып құзға атқан, Пенделікке
ұстатпаған сауырын Сенің даңқың артсын мәңгі! (М.Шаханов, Ғасырлар.).
137.
АЯУСЫЗ сын. Аямайтын, жаны ашымайтын, мейірімсіз, қатігез. Мырықтың
шешеме, әсіресе буыны қатпаған сәби маған істеген аяусыз озбырлығы есіме түскенде, күні
бүгінге шейін тұла бойым түршігіп қоя береді (Ө.Қанахин, Жер бас.). Екі ауылды қойған
кім жанастырып, Бұдан асқан бола ма оғаш қылық. Екі ауылдың іргесін бөлу үшін, Жатыр
әлі аяусыз талас жүріп (М.Шаханов, Ғасырлар.). Халықты қырды аяусыз жауыз патша, Бұл
сөзім жалған емес, алақашпа. Қырық-отыз кедейді Көлқамыста, Аттырды таңып қойып бір
ағашқа (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
138.
ӘБІГЕРШІЛ сын. Мазасыз, тынымсыз, беймаза. Бір-екі штрихтың арқасында
шүйкедей ғана әбігершіл кемпір Платониха әпкейде қайта тіріліп келгендей болады («Қаз.
әдеб.»). Көш-қоны көп осынау әбігершіл елдің ермегі көп емес (С.Бақбергенов, Мен сізді.).
139.
ӘДЕПСІЗ сын. 1. Көргенсіз, тәрбиесіз. Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы
бала (Мақал-мәтел). Еламан бұрын-соңды әйел-баласында дәл мұндай әдепсіз жанды
көрмеген-дi (Ә.Нүрпейiсов, Қан мен тер). 2. Дөрекi, әдеп ережелерiн бiлмейтiн, iзет
сақтамайтын, сыпайылықтан жұрдай. Ашық болам деп әдепсіз, қалжыңшыл болам деп
дарақы болған түрi бар (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Әлдеқайдан пайда болған, қазiр сатушы
болып орналасқан әйелi бар. Екеуi де әдепсіздеу, екеуi де беймазалау (Ғ.Мүсiрепов,
Кездесп. кет.). Шал келіп: «Сәлем бердік, ханым – деді, Ризалық тапты ма енді жаның?» –
деді. Жаратпай шалдың сөзін, кемпірі ұрсып: «Әдепсіз, ақылы жоқ, жарым», –деді
(А.Байтұрсынов, Шығ). 3. Имансыз, арсыз, ұятсыз. Жайдары, күлдiргiш қалқам, Ұятсыз,
әдепсіз, салқам, Күлгенiм бiр сенiң арқаң, Ыржақта, Қылжақта, әйда! (Шәкәрiм, Өлеңд.
поэм.). Жігіт болсаң – әдеп күт, Әдепсіз болсаң – тамұқтың Жанып тұрған отысың (Кердері
Әбубәкір, Қазағым). Қалып тұр қазағымнан туысқандық, Заман ба, пенде азды ма –
суысқандық. Кісі өлтіріп, мал талап әдепсіз боп, Бұрынғыда бар ма екен бұл дұшпандық?
(Ә.Найманбаев, Шығ.).
140.
Достарыңызбен бөлісу: |