Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


БӘЛЕҚҰМАР сын. Бәлешіл, жалақор. Сөзқұмар, бәлеқұмар Баймұрындар аз ба  (М.Әуезов, Шығ.)



Pdf көрінісі
бет222/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   348
18.08.2023 dis

БӘЛЕҚҰМАР сын. Бәлешіл, жалақор. Сөзқұмар, бәлеқұмар Баймұрындар аз ба 
(М.Әуезов, Шығ.). 
192. 
БЕЗБҮЙРЕК сын. Ешкімге жібімейін, қаныпезер, қатыгез, мейірімсіз. Бітімі жоқ 
безбүйрек Еспембетті салғаны ма (М.Әуезов, Шығ.). Тоқта! – деді Мұхтар. Мен қайтайын. 
Ол безбүйректен түңілгем, өзімді жауып қоюдан тайынбайды. Мәжит, сен бірге оқыған 
құрбысы едің ғой, сөйлесіп көр (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Ертеңінде жатты құм Кешегі бір 
шаттығын Тез ұмытқан безбүйрек, Бауырында батты күн (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ.).  
193. 
БЕЗЕР сын. Қиқар, бір бет, айтқанға көнбейтін қыңыр. – Енді өзіңде де бар ғой, қыс 
ішінде, сондай ұзақ жерге Абдрахман сияқты безерге есі бар адам түйесінің майын берер 
ме? – деді Қоржынбай (С.Сейфуллин, Шығ.). Бірақ, бірінен-бірі өткен безер, кесір, ішін 
жарып алмасаң шындығын айтар түрі жоқ (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Безердің белі 
ауырмас (М. Әлімбаев, 666 мақал).  


240
194. 
БЕЗІЛДЕК сын. Безілдей бергіш, безілдеуік, зарлауық. Көмір кенін басқаратын 
ағылшынның орынбасары – жылт-жылт етіп бір жерге тұрмайтын безілдек сары (Ж. Саин, 
Жол үсті.). 
195. 
БЕЙАПАР сын. жерг. Мазасыз, тынышсыз, бейбастақ. Әйелің бейапар болса, 
жұрттың тыныштығынан не пайда (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі). 
196. 
БЕЙАУЫЗ сын. Аузына не келсесоны айтатын, бетпақ. 
197. 
БЕЙБАС сын. Содыр-соққан, тентек, әдепсіз. Шәкең шал көсе құрбысының бейбас, 
артық ауыз айтып қалған сөзін де, кетпенші баланың қатты қысылғанын да сезді 
(Д.Досжанов, Тұлпар.). Бәлкім сіздің балаңыз шығармын, кім біледі? Олай дейтінім мені 
тыр жалаңаш бейбас қалпымда шидің түбінен тауып алыпты (О. Әубәкіров, Сиқыр). Әкем 
болса, онша ешкімге имей бас, Тілге көнбес болар ма едім бір бейбас. Мақтанына айналсам 
да қыздардың Қақпанына бір түсірмей күн қоймас (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем). // 
Сотқар, оңбаған, жүгенсіз. Үйсін менен найманға белгілі ғой, Алдыңда сан түйіннің 
шешілгені. Өзіңдей әділ қазы жүрген елде Қалайша бейбастардың есіргені (Бақтыбай ақын, 
Жел қобыз). 
198. 
БЕЙБАСТАҚ сын. 1. Тәртіпсіз, әдепсіз, жүгенсіз, көргенсіз. Сол класта тәрбиеге 
көнбейтін, шу асау, бейбастақ Төрехан деген бар (Ж. Жұмаханов, Махаббат.). Күнжан 
бейбастақ өскен, бетімен кеткен, ұрыншақ әйел (С.Талжанов, Ұлдай.). – Ондай 
бейбастағыңызды басқа жерде істеңіз, – деді Ғайни ашуланып (С. Сейфуллин, Шығ .). 2. 
Қатал, қатыгез, сотқар. Қазақ-қырғыз сияқты дінді, құдайды білмейтін бейбастақ 
жұрттар қала шауып, ел тонап дамыл бермеген соң, соларды дінге, мәдениетке
отырықшылыққа үйретуге, өздерін жуасытуға, «әулие» деп табынып жүрген Қожа Ахмет 
Яссауиіне өшпес белгі орнаттырған (Ж.Аймауытов, Шығ.). Есімін кәрі ұғыпты, жас 
ұғыпты, Дей алман досы тұрсын қасы ұғыпты. Батырды бейбастақ жау таппасын деп, Өр 
өзен толқынында жасырыпты (I. Мәмбетов, Жас қанат). Ақтиын өте қатал, өте бейбастақ 
адам (Ж.Саин, Жол үсті.).  
199. 
БЕЙБАСТАҚТАУ сын. Тәртіпсіздеу, әдепсіздеу, жүгенсіздеу. Машина қалғанмен
шоферының қалар түрі жоқ. Ол боқтампаздау, бейбастақтау біреу екен (С. Мұқанов, Есею 
жыл.). 
200. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет