Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ДІЛДАР зат. Тілі мен жағына сүйенген берекесіздеу адам. Шешенсіген ділдардан  үндемейтін есті артық (Мақал). 303.  ЕБДЕЙСІЗ



Pdf көрінісі
бет239/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   348
18.08.2023 dis

ДІЛДАР зат. Тілі мен жағына сүйенген берекесіздеу адам. Шешенсіген ділдардан 
үндемейтін есті артық (Мақал).
303. 
ЕБДЕЙСІЗ сын. 1. Ебедейсіз (икемсіз, оралымсыз, епсіз; қорбиған). Жігіттің ебдейсіз 
саусақтары қалай қарай қозғалса, бұрандасы түспегір оның айтқанын қалт қылмай әлгі 
қолдың ыңғайына жығыла береді (Б.Алдамжаров, Қара нөсер). Ол өз пайдасына келгенде 
сол ебдейсіз денесімен ұршықша айналады (Қ.Қуандықов, Серке Қожамқұлов.). Ол 
орнынан тұрып, сипалап жүріп, Қарабаланың жанынан темекі дорба мен шырпы тауып 
алды да, ебдейсіз қолдарымен шоқпалақтай қылып орап тарта бастады (Балдәурен). 2. 
Ыңғайсыз, жөнсіз, сөлекет; ерсі. Кіреукеленген көзінде сәуле жоқ, жараның орнындай 
шүңірейеді де, қоңқақ мұрыны мен өрескел аузы ол да жансыз, ағаштан ойып жасай 
салғандай ебдейсіз (О.Бөкеев, Біздің жақта.). Сорайған ұзын бойынан қысылғандай, 
ебдейсіз қимылдап, брезент плащының шұбатылған етегі қаудырлай береді (Б.Тілегенов, 
Көктем.).
304. 
ЕБЕДЕЙСІЗ сын. 1. Икемсіз, оралымсыз, қорбиған. Өзі [Нұрғали] ебедейсіз үлкен 
жігіт, оның үстінесөлекет киімдер қосылыпты (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). Аты бір нәрседен 
бесең алып, жалт бергенде Шермектің ебедейсіз тоқымы қолбаң етіп, ер-тоқымды 
құшақтай аттан қалпақтай ұшқан секілді болды (Б.Майлин, Шығ.). Қаршадайынан темірді 
қанша илеген ағамның добалдай саусақтарының жіп-жіңішке қаламды тым ебедейсіз 
ұстағанын көргенде менің күлкім келіп кетті (Ө.Қанахин, Жер бас.). 2. Ыңғайсыз, жөнсіз, 
сөлекет, ерсі. Ол өзінің осы ебедейсіз халін өзі мысқылдағандай Айдынға қарап күліп 
қояды (К.Сақабаев, Көктас.). Қадыр қос шелек жылы суды Мөңке қарттың қасына апарып 
қойып, ебедейсіз қимылмен жейдесін, тоқымасын легенге араластыра салып, шелекке қол 
созғанда, Халима шыдай алмай дауыстап жіберді (Т.Жұртбаев, Бесқарагер). 
305. 
ЕБЕЛЕК сын. 1. Дәрменсіз, әлсіз, қауқарсыз. Жалпы сағалағанды бағалағандар да бар 
шығар. Қайтеміз, ердің ебелегінен сақтасын дейміз де (Т.Иманбеков, Тұт ағашы.). Мен 
жалғыз екенмін, мен әлсіз екенмін, күшті жел тұрса домалай безетін ебелек екенмін 
(Ж.Саин, Жол үсті.). Еркі желдің еркінде, Ел емес едім, ебелек. Өткен күнде белгі жоқ, 
Айтып-айтпай не керек (I.Жансүгіров, Шығ.). 2. Ұшып-қонған, қалбалақ, жеңілтек
ұшқалақ. Ұшқыны жоқ, бейне ебелек – Бір қызға мен жолықтым, Жаны жалған жан екен 
тек, Қаштым, сүймей «қорықтым» (Т.Жароков, Шығ. жин.). Бейімған қарт шыбын жанын 
ала ұшып, жүгіріп тұрған бір ебелек жан («Қаз. әдеб.»).


251
306. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет