Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ЕНЖАР сын. Ниетсіз, ынтасыз. Ынталының ісі лезде бітеді, Енжардың ісі кейін кетеді  (Мақал)



Pdf көрінісі
бет242/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   348
18.08.2023 dis

ЕНЖАР сын. Ниетсіз, ынтасыз. Ынталының ісі лезде бітеді, Енжардың ісі кейін кетеді 
(Мақал). 
319. 
ЕПСІЗ сын. 1. Епті емес, орашолақ, олақ. Жас келіннің алғашқы уақыттағы епсіз 
істеріне, жөнін білмей бүлдіріп алған шаруаларына ренжімеді, қабақ шытып кейімеді 
(Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Біреу епті өмірде, біреу епсіз Жай ғана адамдар бар 
кереметсіз. Айғайсыз-ақ өз ойын айтатын бар, Тыңдап болмай, оған сіз не демексіз 
(Ә.Тәжібаев, Кеше.). Епсіздің еңбегі еш (Мақал). 2. Әдіс-айласы жоқ, құр тоқпақ. Епсіз, 
айласыз ештеңе де шығара алмайсың. Байлық, бақ, атақ деген нәрселер өз аяғымен келмесе 
керек (Ә.Көшімов, Екі бүркіт). 
320. 
ЕПШІЛ сын. Айлакер, тәсілқой, епті. Епшіл емсек жылпыңдар, Мазаны алды 
тықылдап. Жаңа ойладым, жығуға, Кім мені жүрген сиқырлап (I.Жансүгіров, Шығ.). 
Кекшіл болма, епшіл бол (Мақал). 
321. 
ЕРЕГІСКІШ сын. Өштескіш, егескіш, қасарысқыш. Оған қараған Оспан жоқ. Бұл бір 
ерегескіш мінезі бар, қисықтау кісі еді (Ғ.Қайырбеков, Шығ.). Қозғалмасақ, қонармыз, – 
дедi Шоқан, ерегiскiш мiнездi ұстай ғап (C.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
322. 
ЕРЕГІСІМПАЗ сын. Ерегіспе, ерегіскіш. Ерегісімпаз мінезімен аты шыққан адам осы 
Оспан («Қаз.әдеб.»). Ерегiсiмпаз кiсi кекшiл келедi (“Жұлдыз”). 
323. 
ЕРЕПЕЙСІЗ сын. Ебедейсіз, қолапайсыз. Дөңес қабағының үстіндегі қалың қасы 
бұрынғыдай ерепейсіз дүрдимей, жапсыра сылап қойғандай аздап жылтырайды 
(А.Лекеров, Түз гүлі). Тізеден төмен салбыраған ерепейсіз ұзын жеңді, салпылдаған ұзын 
сырғалы әйелдер, бір сөзбен айтқанда, өңшең қара халық қақ айырылып, жапырыла жол 
ашты (М.Мағауин, Аласапыран). Кабинетте жалғыз қалған Ланке орнынан тұрып, әрі-бері 
жүре бастады. Серейген аяқтары тіпті ерепейсіз ұзын еді (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш). 
Шашы алынған тап-тақыр басы ерепейсіз үлкен болып көрінді Нартайлаққа (А.Жүнісов, 
Өмір ізі). 
324. 
ЕРКЕ-ШОРА 1. сын. Бетімен еркін өскен, бұла. Ерке-шора бай қызы бір жағы 
қалжыңбастық, еркелікпен, екінші жағынан, жігіттердің намыстарына тиіп мазақ етті 
(І.Есенберлин, Жанталас). Темірланның көз алдына сүп-сүйкімді, тұлымшағы желбіреген 
ерке-шора Жанар мен мейірім шуағы мол шешесінің бейнесі тұра қалды (Дөңгеле, күн, 
дөңгеле). 2. сөйл. Еркек-шора. Әсия да жетім болды, бірақ ағаларының қанат астында ерке-
шора өсті (Х.Рахимов, Қарлығаш). Өнерлі жастардың ішінде скрипкашы Ізкеш, 
домбырашы Ысқақ, ерке-шора Мағрипа Тұрағұл қызы да бар (А.Әуезов, Бала Мұхтар). 
325. 
ЕРІНШЕК сын. Мойны жар бермейтін кежір, жалқау. Шырақтар, ең құмарың осы 
болсын, «Алла сүйсең, адамды сүй» дегендей. Құмарың бір, ісің көп болсын, жаным, Көпке 
құмар, еріншек болма мендей (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Еріншек етікшіден, елгезек 
масақшы артық (Мақал). Қайырсыз сараң малыңды, Еріншек есек жарыңды, Халыққа емес 
сыйымды Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді Улы тілмен улаттым (Дулат 
Бабатайұлы, Замана). // Кежір, жалқау адам. Теңгеге телміретін еріншектер, Түспеген 
желектері келіншектер. Қайырмай қайын атасын, «ұялам» деп, Бет басып, сырт айналып, 
шегіншектер (М.Дулатов, Шығ.). Еріншектің бір мінезі – еміншек (Мақал). Еңбек қылудан, 
қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұспан 
болды (Абай, Тол. жин.). // Жалқаулық, еріншектік. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы 
жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, – Бес дұшпаның, білсеңіз 
(Абай, Тол. жин.). 
326. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет