Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет241/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   348
18.08.2023 dis

ЕКІ АЯҒЫН БІР ЕТІККЕ ТЫҒАТЫН Жанын шығаратын, апшысын қуыратын. 
Кеше Қарлығаш бізді жұмыстан алып қалып, екі аяғымызды бір етікке тықты 
(Т.Қойшыманов, Қоңырат.). Дүниесін фактурамен дұрыстап алайын деп жүрген баланың 
екі аяғын бір етікке тығып, жұрт тақымдап болмады (С.Жүнісов, Жапанда.). Үш комбайнға 
төрт-ақ машина. Тым жеткіліксіз екен. Бір Төлегеннің өзі екі аяғымызды бір етікке тығып 
жатыр («Лен. жас»). 
315. 
ЕКІЖҮЗДІ сын. Сөзінде тұрақ жоқ, бірде олай, бірде бұлай сөйлейтін; қу, айлакер, 
зымиян. Десе де кеңес үкіметі екіжүзді саясат ұстанды: қаржылай көмекті көз қылып беруін 
бергенмен, екі досты Саратовта тұтқындап, ол ақшаларын қайта алып қойды (Сыздықова, 
Әнес). Екіжүзді, сұрқия адвокат Мәкен дәлме-дәл және нанымды бейнелеп, мейманның 
епті сыңары етіп көрсетілген (М.Қаратаев). – Адам әрқилы текке жатады. Біреу ақылды, 
біреу ақымақ, біреу екіжүзді, айлакер, қулығын асырғыш. Енді біреу маубас, момын 
(Қ.Толыбаев, Қайдасың.). Есеңгіреп жүрмесең, Елді неге даттайсың. Екіжүзді болмасаң, 
Байды неге мақтайсың (Жамбыл, Таңд. жин.).  
316. 
ЕКІСӨЗДІ сын. жағымсыз. Сөзінде тұрақ жоқ, пәтуасыз, өтірікші. Жұрттың бәрі сөз 
сатқан, Сатып алып не керек? Екісөзді Тәңір атқан – Шыр айналған дөңгелек (Абай, Тол. 
жин.). Екісөзді, қатал, бірақ жұрттың бәрі оны жақсы көреді. Махаббатқа адал («Жас 
Алаш»). Екісөзді шерменде арын сатқан. Адамдарды араз ғып шағыстырып, Аузы ептілер 
арадан пайда тапқан (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Екісөзді болып елеңдеп жүргеннен, бір сөзді 
болып мерт кеткен дұрыс (Б.Момышұлы). 


252
317. 
ЕЛТІГІШ сын. Бір нәрсеге елтіп кеткіш, елтуге бейім. Сонымен бірге [Ғайша] 
жалаңаш құмарлықтың да бетін ашып, соның барлық мауыққыш, елтігіш тұлғасын көріп 
шыққандай болды (М.Әуезов, Қараш.). Бақытты едім. Ойдан жырақ, елтігіш кезімде мен 
Алалығын өмірдің сезінбеп ем (Ф.Оңғарсынова, Мазасыз.). 
318. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет