Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет256/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   348
18.08.2023 dis

ЖЫЛМАҚАЙ сын. Сумақай, жылпос, ылпың-жылпың. – Нұреке, бұндай пальто еш 
уақытта табылмайды. Бұны қалай да аламыз, – деп жылмақай Жүніс пальто сатушы 
адаммен бір сағаттай саудаласты (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.). Көңілім өзіме аян, кірсіз 
аппақ, Жүрмеймін ішке қулық пікір сақтап. Жылмақай жігіттерден жеркенемін, Мұнтаздай 
сырты жылтыр, іші сатпақ (Ә. Оңалбаев, Таң алды.). Бірақ осы әділ соттардың арасында 
кейде сәт-сәттің арасымен жымсып жүрген жылмақайлар да кездесіп қалады 
(Б.Қыдырбекұлы, Шойынқұлақ). 


261
408. 
ЖЫЛМАҢ сын. 1. Жылпос, қу, жылмақай. Тасқын Жәнәбілов деген жылмаң 
дүкеншіні ұнатпаған, тастай батып, судай сіңіп тұрған сол жылпоспен Нұрадынның қалай 
достасқанына қайран қалған-ды (М.Сатыбалдиев, Жартас.). Су жұғар ма, Сөз ұғар ма, 
Сыпыра жылмаң жел буаз? Айтты-көндім, Алды-бердім, Енді өкіндім-өзіме аз (Абай, Тол. 
жин.). Айшаның ойына терезеден қашқан жылмаң студент тағы да жылт етіп орала кетті 
(X.Есенжанов, Көп жыл.). Жолдастың да, жолдастар, жолдасы бар, Сырты жылмаң, іші 
арам оңбасы бар. Шын адалын, адамын таба алмасаң, Өмір бақи кетпейтін таңбасы бар 
(А.Тоқмағамбетов, Өмір.). 2. Алдамшы, сұм. Бойы бұлғаң, Сөзі жылмаң Кімді көрсем, мен 
сонан Бетті бастым, Қатты састым, Тұра қаштым жалма-жан (Абай, Тол. жин.). 
Қызылжардың жылмаң саудагерлері, саудагер жүліктері бірі саудаласып тұрса, бірі мына 
момындардың ұсқынын танып, “қағаз” дегенді тәптіштей бастады (Ғ.Мүсірепов, Тұтқын 
қыз). Жылмаң, жыртаң, Бұртаң-тыртаң, Бұртаң-тыртаң, Сұм өмір… (М.Жұмабаев, Шығ.). 
409. 
ЖЫЛМЫСҚЫ сын. Шынайы емес, жалған; арам, жымысқы. Оның жылмысқы 
жымиысы мен көлгірсіген сөзінесенгеніне өзіне-өзі жекиді (С.Сарғасқаев, Біз төртеу.). 
Онан бір адым кейін келе жатқан Фридерикс жылмысқы күлкісін жасыра алмай, мырс-
мырс етті (А.Сатаев, Дала.)  
410. 
ЖЫЛПОС сын. 1. Пысық, епті, ылпың-жылпың. Қалтай аса пысық, сөзге ұста, 
қалжыңқой, әсіресе Ақанның түндегі жүрісіне өте ыңғайлы, әрі жылпос, әрі тілді ер жігіт 
еді (М.Әуезов, Қараш.). Жүргіншілер жетіп, ауыл иелеріне сәлемдесіп болысымен, бір-бір 
жылпос жігіт аттарды ұстап, қонақтарды құрметпен түсірісті (М.Әуезов, Шығ.). Үсен 
болысқа үзбей шабарман болған, қазір де жаңа болыс Байсақалға сол қызметін көрсетіп 
келе жатқан, алымды, жылпос, шаршау дегенді білмейтін бір оқшау жан (Б.Нұржекеев, 
Жау жағадан.). Оның қасындағы жылпос ақсары жігітті де бұрын талай көрген, алдарынан 
шығып қарсы алды (С.Бегалин, Уақыт.). Сарбаланың қасындағы Атуша дейтін жылпос 
жігіт ертеректе болыстың шабарманы болған, ел жайына, қулық, сұмдыққа жетік 
(Ғ.Мұстафин, Көз көрген). 2. Ширақ, ұшқыр, жүрдек. Көңілді, көрікті ақ сұр жүзді Шәке, 
жел қайықтай ескен жылпос сұр бедеумен лып етіп жетті де, сәлем берді (М.Әуезов, Абай). 
Қаршыға салған адамға ыңғайлы, жүрдек, жуас, жылпос ат керек (Ш.Айманов, Қыран.). 
Лашын – алғыр құстардың ішіндегі жылпос ы («Спорт»). 3. ауыс. Арам, қу, айлакер. Сұм 
жалған келді кезі кеселденген, Естіні туды заман есер жеңген. Барады кей қаламгер желе 
жортып, Қу жылпос, су жұқтырмас «шешендермен» (К.Салықов, Жезкиік.). 
Шайлықпаймын ылдидан да, өрден де, Қаймықпаймын төменнен де, терден де, 
Жылпостардың бәрін бір сәт ұмытам Қимас достың адал көзін көргенде (К.Салықов, 
Жезкиік.).  
411. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет