Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ЖЫЛТСЫЗ сын. жерг. Санасыз, сезімсіз, ұятсыз. Осының өзі жылтсыз ба деп қалдым  (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі)



Pdf көрінісі
бет257/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   348
18.08.2023 dis

ЖЫЛТСЫЗ сын. жерг. Санасыз, сезімсіз, ұятсыз. Осының өзі жылтсыз ба деп қалдым 
(Қаз. тілі. аймақ. сөздігі).  
412. 
ЖЫМПОС сын. сөйл. Жылпос. Ол әшейін Спановтың шығарып салма 
жымпостығымен түлкі құйрықтығы екен (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі.). 
413. 
ЖЫМЫСҚЫ сын. Білдірмей істейтін қулығы бар, арам, пасық. Дәуде болса, ол екеуі 
бармақ басты, көз қысты, жымысқы, қарым-қатынасқа көшкен (С.Омаров, Күншуақ). 
Досты апарып досына жамандатып, У таратып, ылаң сап, арандатып, Ағайынды аздырмай 
ала жылан, Жөніңе кет, жымысқы, қараң батып (М.Мақатаев, Шығ.). Зіркілдеп жұрқта 
жаманат төндіргеннен басқа түк білмейтін топас қой деп жүрген Жаппасбайы барып тұрған 
сұғанақ, жымысқы ұры боп шықты (Т.Ахтанов, Таңд.). Ел тонағыш басқыншылар, 
жымысқы, Абылай ханның аруағынан ығысты. Қырғын жұттың ізі өшіп «ақ табан», Құт 
жайлады ақ дастарқан ырысты (К. Салықов, Жезкиік.). 
414. 
ЖЫНДЫ сын. Тентек, әумесер, есер. Зейнеп Жақыптың мына сөздерін тыңдап 
отырып; – Есі кіріп қалған екен ғой бұл жындының! – деген ойда отырды (С.Мұқанов, 
Аққан жұлдыз), Қап мына жынды ит қайдан шыға қалып еді? Ал, сақ бол, Тайман 
(З.Қабдолов, Өмір ұшқ.). – Тәйт әрі, не деп тұр мына жынды қыз? (Д.Әбілев, Арман  
415. 
ЖЫНДЫБАС сын. жерг. Жеңілтек, есерсоқ. Ол жігіттің өзі де бір жындыбастау 
көрінеді (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі.).  


262
416. 
ЖЫНДЫСҮРЕЙ сын. Тентек, басбұзар. Біздің, ¦зақ деп аталар рудың да жігіттері мен 
атайын, сен тұр, өңкей бір жындысүрейлер еді, білек түріп, сыбанып олар шықты 
(О.Бөкеев, Біздің жақта.).  
417. 
ЖЫПЫЛДАҚ сын. Жып-жып еткен, жыпылдап қалған. – Мен бірақ осы бір тышқан 
көз, жыпылдақ Садырдан сескенемін (С.Шаймерденов, Мінез). Көсебайдың үйіне, не болса 
ол болсын, көзді жұмып, қойып кеттім. Үйде әлдеқалай абыржыған сөздер жыпылдақ 
еріндерден сыпылдап айтылып жатыр екен (Б.Қыдырбекұлы, Ұры.). 
418. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет