Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ЖЕҢІЛДІҢ АСТЫ, АУЫРДЫҢ ҮСТІМЕН ЖҮРЕТІН



Pdf көрінісі
бет254/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   348
18.08.2023 dis

ЖЕҢІЛДІҢ АСТЫ, АУЫРДЫҢ ҮСТІМЕН ЖҮРЕТІН жағымсыз. Қиындықтан 
қашқалақтап, жеңіл-желпі, үстіртін жүретін. Қойыңыз жеңеше, өйтiп ауырдың үстiмен, 
жеңiлдiң астымен жүре қоймаспыз (Б.Қожабеков, Көктөбе). [Жалқаулар] жеңілдің асты
ауырдың үстімен өмір сүріп, қоғамға аз беріп, көп алуға тырысады («Лен. жас»). 
395. 
ЖЕҢІЛТАП сын. Жеңілтек, сабырсыз, ұшқалақ. Жаратылысында жеңілтап, сабыры 
кем, үрейшілдеу адам ғой (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). Алма тым жеңілтап, желөкпе 
секілді (Д. Досжанов, Кісі ақысы). 
396. 
ЖЕТЕСІ ЖАМАН Тегі нашар, тексіз; ақыл-парасаты төмен; ұшып шыққан ұясы 
жаман. Жетең жаман болмаса, Жете жарлы болмассың (Мақал). Жетесі жаман бозбала
Тоқсандағы шалмен тең, Төре деген халқыңыз, Саудасы біткен сартпен тең (Дулат 
Бабатайұлы, Шығ.).  
397. 
ЖИДЕГІР сын. жерг. Ез. Жігіт емес, жидегір екенсің (Қазақ. тілі. аймақ. сөздігі).  


260
398. 
ЖҰҒЫМЫ ЖОҚ Сүйкімсіз, епсіз. – Төре тұқымы тыраш келеді деуші еді, рас қой 
деймін сол. Кісіге жұғымы жоқ, кекірейген біреу ғой, Шыңғысың! – деді Ұлпан қасақана 
Есенейге (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Туысқа да, жатқа да жұғымы жоқ безбүйрек жан 
Павелдің арқасында жұрт санатына қосылып еді (Б.Тілегенов, Уақыт). Адамға жоқ 
жұғымы, Қашатұғын қашырдай. Ессіздіктің белгісі, Екі дер сөзді айтпаймын (XVIII– XIX 
ғ. қаз. ақын.).  
399. 
ЖҰҚСЫЗ Қу, алаяқ. Астанада жалған ат жамылып, сырттан келген аңқауларды жер 
соқтыратын небір жұқсыздардың бар екенін ол білетін (Ә.Сараев, Бозқырау). 
400. 
ЖҰЛМЫР сын. Қағынған, қу, сұмырай. Семей мен Барнаул арасындағы ерсілі-
қарсылы өтіп жататын сауданың қазақтан шыққан жұлмыр алыпсатары – Кәрім, жол 
жұмысына жабысуды үлкен пайда деп орналасқан (I.Жансүгіров, Шығ.). 
401. 
ЖҰЛМЫТ сын. Пысық, жылпос, жұлымыр. Таң ата жұлмыт жігіттер келіп 
Ошақбайды орап тастайды, сосын еңкеңдеп, ыңылдап теуіп жөнеледі (Д.Досжанов, Жібек). 
Әлгі мекендердің есік-терезесін, еденін қайсыбір жұлмыт ұрлап тыншытпай жүр 
(Д.Досжанов, Зауал). 
402. 
ЖҰЛЫМЫР сын. Іліп-қағып кететін қу адам, сұғанақ, олжақор.Сол көрмейтін 
жерге жасырып қоймайсың ба, балапаным-ау, ол өзі сондай жұлымыр бала болды ғой, мә 
қанша керек еді, алып па ең әлгі керек қолғабыңды (О.Тәжиева, Қара қолғап). Кенжебекті 
ата-ана, ауыл-аймақ еркелетіп өсірді. Бұл жиырма бестегі жігіттей жырынды. Ат 
құлағымен ойнаған жұлымыр бала («Қаз. әдеб.»).  
403. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет