266
Алғаш бригада жігіттерін өндіріс бригадирі тың ашуға жасақтап
жатқан кезде Кәрібай
кежір мінез көрсеткен-ді («Лен. жас»). 3.
Жалқау, еріншек. Ал енді бірлі-жарым кежір,
керенау табыла қалса, «сөлеңдеп бос жүреді, не оңар дейсің!» – деп, көпшілік ондайды
айыптап отырады (С.Шаймерденов, Сыбызғы.). Ақпа құлақ – алаңғасар, жалқау, кежір,
өзім ғанамын дейтін өр кеуде баладан не күтеді жұрт? (Р.Райымқұлов, Бұрылыс.). Кежірдің
ас ішкісі келгенмен Пештен түскісі келмейді (Шопан сырласы). //
Жалқаулық, еріншектік.
Желкесін
басқан кежірден арылып, өрісі ашылған кезде тізгінін Қасболатқа беріпті
(Т.Ахтанов, Дала сыры). Қарапайым еңбекші жандар үйдің орайын қалай келтіріп жатыр.
Ілесу керек соларға. Қию керек желкедегі кежірді (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.).
452.
КЕЗЕП [ар.] зат. 1.
Қу, сұм, сұмырай, екіжүзді, алаяқ; кәззап. – Бірге жүруіне қарағанда
ол да әлгі кезептердің досы ғой, сірә (М.Гумеров, Хазірет.). Шыққыр көзім шықпаса,
таныдым мен ол кезепті (Р.Тоқтаров, Тұлпар.). Сондықтан
сенбеңіздер бұл кезепке
Азғынның айла сөзі елге сеп пе? Адасқан Аманкелді ерсін соған, Ермейді ұйтқысы бір ел
өсекке (Қ.Бекхожин, Дала комисс.). 2. ауыс.
Ұры, қарақшы. Талай жерде бүкіл ауыл соңына
түсіп ұстай алмай жүрген, елден жылқы қоймаған кезептің қашып келіп, Мистер
Харслейдің үйіне паналағанын білгеннен кейін ишан жігіттері кейін қайтып кеткен
көрінеді (М.Қаратаев, Далада.). – Сәкежан, мына бір Байсалықов, Беков деген аты шулы
кезеп ұрылар күн көрсетуді қойды (С.Талжанов, Ұлдай.). Аман-есен жүрсің бе, Тезек төре,
Елден жылқы қоймаған, кезеп төре. Күні-түні жегенің ұрлық еті, Ақыретке барасың не деп,
төре?! (Айтыс).
453.
Достарыңызбен бөлісу: