268
шығ.). Мұндайда телефонисткалардан кесірлі адам бар ма? Апыр-ай, солардың төбеңнен
тоқпақпен ұрғандай дүңк етпесі-ай (Ш.Мұртазаев, Қара маржан). 2.
Менменсіп бұлданғыш,
тәкаппар, паң. Ноғайбай мырзаның ауыл салтанатын, үлгі-өнегесін көргенде әлгі кесірлі
манаптардың қыры сына бастайды (К.Әзірбаев, Аңыз.). Кесірлі адам кер болады, Кемеңгер
адам кең болады (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Оның мына кесірлі отырғанына жәнесөзін бөліп
жібергеніне іштей шала бүлініп Айбас отыр (Т.Қойшыманов, Қоңырат.). Кесірлімен
кеңеске, Керме иықпен егеспе (Қаз. мақал-мәт.).
473.
КЕСІРЛІЛЕУ сын.
Кесепаттылау, паңдау, тәкаппарлау. Кісіге көз қарасы, қасын
керіп тастап, кесірлілеу
паң отырысы айбын танытып, айдарын асқақтатып тұрады
(Ш.Мұртазаев, Қара маржан).
474.
КЕУДЕСІ КЕПКЕН Мақтаншақ, бөспе. Біздің ел – биікке өрлеп асатын ел, Кеудесін
кепкендердің басатын ел. Болса да
қандай мықты беттей алмас, Екпінді тау суындай
тасатын ел (Пернедегі терме.).
475.
Достарыңызбен бөлісу: