Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет271/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   348
18.08.2023 dis

КӨРСЕҚЫЗАРЛАУ сын. Қызыққыштау, құмарлау. Пыхалов Владимир – әйел десе 
үйіріле қалатын көрсеқызарлау адам (Т.Қойшыманов, Қоңырат.). 
510. 
КӨТІНЕ БАҚПАС Қырсық, қиқар. Сен де бір отырған көтіне бақпас екенсің (Қазақ 
тілі. аймақ. сөздігі.). 
511. 
КҮЙГЕЛЕК сын. Қызуқанды, күйіп-пісуге дайын тұратын ұстамсыз, сабырсыз, 
тағатсыз. Саудагер көрсеқызар, шыдамсыз, күйгелек болды-ақ ұрынады, ұтылады. өткір 
сезім, күшті қиялдың саудагерге түкке керегі жоқ (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ерінің соңғы 
жылдары тіпті күйгелек, бұрынғыдан да қатыгез хәлге душар болғанын Күлпаш білетін 
(З.Жәкенов, Таң самалы). Андрей Семенович кейінгі кезде аяқ астынан ашуланып
күйгелек мінез көрсететінді шығарды (А.Хангелдин, Табыс. тағдыр). Бір сөз айтсаң 
кимелеп, Он сөз айтар үймелеп, Күйіп-пісіп отырар. Қашан көрсең күйгелек (М.Рашев, 
Бұйымтай). 
512. 
КҮЙГЕЛЕКТЕУ сын. Сабырсыздау, шыдамсыздау, тағатсыздау. Орта бойлыдан 
төмен, қатпалау қара кісі төрге шықты, өзі жүйкесі тозған күйгелектеу адам тәрізді 
(Т.Ахтанов, Үндістан.). Өзі күйгелектеу, жұмысын жанындай жақсы көретін жас соңғы 
кезде қатты жүдеп кетті (К.Сақабаев, Өткел.). 
513. 
КҮЙРЕК сын. Жігерсіз, осал, боркемік. Мұндай күйрек болар ма? Шарт та шұрт 12 
қараға сауданы пісіріп, келер сәрсенбіге мал бермек болып, қаз ілген қаршығадай 
тойқаңдап атқа қонды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Мирас өмір бойы қиындық көрмей, бұла боп 


271
өскен жігіт екен, күрт сынып, жүнжіп, күйрек болып кетті (Ә.Тарази, Үлкен ауыл.). 
Құрымбай балам өзіме тартқан, өмірімнің мақтанышы да, сәні де осы деп жүрсе, күйрек, 
жасық боп шыққан ба (З.Шашкин, Теміртау). // Жігерсіз адам. Жеңіс деп не бір күйрек 
қайраттанды, Құлпырды қайраттының қайнап қаны. Осымен өз бақытын жасады адам
Халықтың қайта атты жайнап таңы (Т.Әбдірахманова, Көгершін.). 
514. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет