Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет292/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   348
18.08.2023 dis

ҚҰНЕЗЕР сын. Неден болса да қайтпайтын даукес, дауқұмар. Жұман байды шама 
келгенше дабырасыз жерлеп, жегісін өткізгеннен кейін, сақалтай-сақалтай құнезер 
балалары енші алысу жайын қолға алысып, тарбайысып қалып еді (Ғ.Мүсірепов, Таңд. 
шығ.). – Құнезер байдың несі жақсы дейсің, – дейді Бәкен Боржабайға (С.Мұқанов, Өмір 
мектебі). Құнезер байлар мен жәдігөй билер қудалаған Ақан жалғыздықта күн кешеді 
(М.Қаратаев, Туған әдеб.). 
632. 
ҚҰНЖЫТ зат. Болбыр, босбелбеу адам. – Неғып, сопая қалдың, әй? Болашақ 
тоқалыңды қарап тұрмысың? Ол келмейді, өзің бармасаң. Ендігі ұрғашы басын бұлдауды 
білер. Құнжыт өңкей (Ж.Нәжімеденов, Аспан шақырады.).  
633. 
ҚҰНТСЫЗ сын. Ұқыпсыз, құнты жоқ; салақ. Ал хат жазуға бұлардың бәрі де құнтсыз 
еді (Ә.Әлімжанов, Отырар.). Арон бұл үйдің есігін ашпағалы не заман? Наурыз айтта сәлем 
беріп шығуға да құнтсыз (Б.Аманшин, Көкжар). Далада туып өскен еркек қалтаға орамал 
салып жүруге қандай құнтсыз болса, қалада туып өскен келіншек мейман терлеп отыр екен 
деп, сүлгі алып беруге сондай құлықсыз (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты). Артық айтсам, 
келмеңіз, Құнтсыз шыққан кемеміз Адасатын жиі біз. Үйден-үйге жететін, Демде тарқап 
кететін Үйірілген құйынбыз (Қабан жырау. Алтын қазық) 
634. 
ҚҰРКЕУДЕ сын. Тек өз күшінесенетін даурықпа бос адам. Автор Көтібарды бос
қуыс, құркеуде, күнінің өткенін өзі де білмейтін, күші жоқ феодалдық қоғамның өкілі етіп 
алады (Қ.Жұмалиев, Әдеб. теор.). Қара жұмысқа қажырым бар деп жүрген құркеуде екен. 
Алқынып, ентігіп қалды (Б. Тоғысбаев, Асыл адам.). Бірді аударып бірге кетіп қалыппын 
Жолым қайда? Түстім бе әлде сүрлеуге?! Отан – менің алдымдағы жарық күн, Болдым 
әлде, мағынасыз құркеуде?! (Ө.Нұрғалиев, Кемпірқосақ).  
635. 
ҚҰРЫСҚАҚ сын. Құрысып қалғыш, ашуланшақ. Кейбір басшылардың басында жиі 
ұшырасатын құрысқақ, өзімшіл, паң мінездіге кезікпей, ақ жарқын адамға 
636. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет