Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет291/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   348
18.08.2023 dis

ҚҰЛҚЫНЫ ЖАМАН 1. Ындыны бұзық. Құлқыны жаманға қыз қосып жіберген 
өзіңнен көр (Ауызекі). 2. Ашқарақ, қомағай. 
628. 
ҚҰЛЫҚСЫЗ сын. 1. Ынтасыз, селқос. Ләйлә шеше тәлім-тәрбиесін жүре тыңдайтын 
орашолақ, құлықсыз қыздардың біріне де ұқсамайды (Ш.Құмарова, Қаз бауыр.). Айдар 
үйге қызыққанымен, қазір оны көріп шығуға құлықсыз. Көңілі анасын ойлап алаң
(К.Баялиев, Жер тынысы). 2. Немқұрайды. Біз ертең жайлауға көшеміз – деп әңгімені 
құлықсыз бастады (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Негізі ең мықты велосипед клубтары 
қатарындағы велошабандоздардың өз еліндегі чемпионатта топ жарғаны асса құлықсыз 
(“Алматы ақшамы”). Қазақтың құлықсыз, құлқынсыз, таза жүріп, жұртқа пайда келтіретін 
күні бар ма? Құлға «дес» тиген күні құдайы ұмытып, бармақ бастыға сала бастайды 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). Ондай жан Асты да Құлықсыз ішеді. Көзінің асты да Көлдіреп іседі. 


282
Жаулайтын жалғанды Жыр ғана құралым. Оңаша қалғанды Тілеп-ақ тұрамын 
(Қ.Мырзалиев, Мәңгі) 
629. 
ҚҰМ МІНЕЗ Айнымалы, тұрақсыз. ...Махаббатың құм секілді мінезі жоқ сырғыма 
Жүргенімен көп опық жеп алданып... Ғайша кенет орнынан сүйретіліп тұрды да, Бір ғана 
ойға табан тіреп түбірлі (М.Шаханов, Ғасыр).  
630. 
ҚҰМАРПАЗ сын. 1. Бір нәрсеге ынтық, қызыққыш, әуесқой. Көрсеқызар, кұмарпаз 
Байламап па еді бағыңды? Адасасың сен, Махмұт, Алданып, қума сағымды (С. 
Торайғыров, Алаш ұраны.). Мен аңшылыққа көп әуес те емеспін, ал құмарпаздар аң 
аулауға барайық деп қолқаласа, кет әрі де жасамаймын (Ә. Жылқышиев, Айтолқын). 2. 
Құмар ойынына берілген адам. Құмар ойнайды. Бұрынғы меңгеруші құмарпаздарға 
қосылған, картаға беріліп кеткен, атақ-абыройды ұмытқан (Д. Досжанов, Дария). Күні-түні 
карта ойнап, қалтасы қағылған, басын тауға-тасқа ұрса да ұтылғанын қайтара алмаған 
құмарпаз да осылайша опық жеп, өлердей өкінетін еді (С. Алдабергенов, Жаңару). Болдық 
бүгін жазушы кітабы жоқ, Құмарпаздай қолы бар ұтары жоқ. Көздеуі бар мергендей атары 
жоқ, Байтеректей сидиған бұтағы жоқ. Бәрінен де сұмдығы іштен жылап (Ғ.Қайырбеков, 
Көнсадақ). 
631. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет