Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет303/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   348
18.08.2023 dis

МҰРНЫН [КӨККЕ] КӨТЕРГЕН Менменситін, дандайсыйтын, шамадан тыс 
көкірегін керетін, паңданатын. Бай сонда көтермес пе мұрнын көк к е. Етер ме «көтердің» 
деп оларға өкпе, Аурусыз «хақ-туүфә» деп құр жөтеліп, Паңдықты байқатпас па төңірекке 
(С.Торайғыров, Таңд. шығ.).  
716. 
МҰРНЫН ТЕСКЕН ӨГІЗДЕЙ Неге болса да көне беретін, жетекке көнгіш; жуас
Шаруадан басқаны білмейтін жуас күйеу, көк айыл әйеліне қарсы ештеме айта алмай, 


289
мұрнын тескен өгіздей жетегіне еріп жүре береді (С.Жүнісов, Ақан сері). Жазғытұрым 
Әбіш оны мұрнын тескен өгіздей мініп алады (Б.Шалабаев, Өмірде.).  
717. 
МҰТТАХАМ сын. Алдамшы, залым. Ел ортасында отырған мұттахам залым саудагер 
жапан түздегі, жазира шөлдегі халық талақ қылған арам ұлы Шынарға ұқсатты өзін 
(Ө.Тұрманжанов, Менің). Туылмай жатып қайдан мұндай мұттахам болды екен деп 
таңдансың да күйінесің (С.Баязитов, Алтын). 
718. 
МҮНАФИҚ сын. Екі жүзді (адам), имансыз. Мүнафиқ деп кінәлады. 
719. 
МҮТТАЙЫМ ар сын. Екіжүзді сұм, зұлым, арам. Сол мүттайымдарды тәубесіне 
келтіріп, халқының көзін ашу үшін көмекке келеді олар (Д. Досжанов, Жібек.). – Ой, 
мүттайым-ай, мүттайым! Сол алаяқтан халықтың көрмеген қиянаты аз емес, – деді олар (Е. 
Әкімқұлов, Қош бол.).  
720. 
МЫЖЫҢ сын. сөйл. 1. Мылжың (көп сөйлейтін, сөзуар). Сары үрпек қыз әбден күйіп 
кетсе керек: – Ағай-ай, мыжың екенсіз! – деді ақыр соңында (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). 
Көп сөйлесең, мыжың атанасың (Мақал). 
721. 
МЫЛЖЫҢ сын. Бос сөзге үйір, көп сөзді 
722. 
МЫРЫҢ сын. экспр. жағымсыз. Ынжық, ез. Ол нағыз мырыңның өзі («Сөз сандық»). 
– Мына мырың не дейді? Сорлы-ау, сүйреп шығарған төбемнен домалап кеттің ғой 
(Т.Ахтанов, Дала сыры). 
723. 
МЫСҚЫЛШЫЛ сын. Мысқыл айтуға шебер, сықақшыл. Қазақша: «Ойыншы, 
күлдіргі, қу, мысқылшыл, сықаққой» аталатындардың бәрі де табиғатында артист болып 
туғандар (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Жалпы, өзгелерге қарағанда қазақ мысқылшыл 
халық қой, бірақ сатириктер мен сатирикалық шығармаларға келгенде өзгелерден 
жұтаңдау («Қаз. әдеб.»). // Мысқылдауға шебер, сықақшы адам. Біреуді ұрсаң сорлайсың 
саймен жүріп, Мысқылшылдар қинайды қоймай күліп: «Көрсетуге қарасын қаймыққан 
ғой, Қайда барсын бүғынбай, қайран жігіт!» (Ғ.Орманов, Жер.). 
724. 
МЫСЫҚСОПЫ сын. Момақан, жуас жалған. Сіз қазір ел-жұртқа қамқор, қой 
аузынан шөп алмас, мысықсопы боп көрінгеніңізбен, дәуреніңіз жүріп тұрғанда алыстан 
тау асып, тас басып келген қандастарыңызға осындай қиянат жасадыңыз («Жас Алаш»). 
725. 
МІНДЕТШІЛ сын. Істеген ісін бұлдайтын, міндет еткіш. Иттің бажасы көп, құдасы 
жоқ дегендей, міндетшіл адамдарда тұрғылықты махаббат та болмайды (Р. Райымқұлов, 
Бұрылыс.). 
726. 
МІНЕГІШ сын. Мін таққыш, сынағыш. Бұған қарама-қарсы енді біреулер жағымпаз, 
өзінің қолынан түк келмесе де, біреуді мінегіш, сықақшыл, қуыс кеуде («Лен. жас»). 
Сырттан баққыш, мінегіш, Сүрінгенге күлегеш, Жақсылардың жаңылғанын тілегіш, Қазақ 
аз ба қауымда (Ә.Тәжібаев, Шығ.). Мінегішім тілге майда, Мерт болған ба терең сайда. 
Тығылған ба терең жайға, Бір келмей ме осындайда (Қ.Жармағамбетов, Сырлы тал). 
727. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет