Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет323/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   348
18.08.2023 dis

САРЫУАЙЫМШЫЛ сын. Уайымдай беретін, күйрек. – Қайда барса алдынан 
«қорқыттың көрін» көретін бір сарыуайымшыл жанға неге шықтың? (I.Есенберлин, 
Қатерлі.). – Сен, бала, өзің бір сарыуайымшыл солқылдақ екенсің. Майданға түссең 
майыспа! Төзімді, тапқыр бол! (Қ.Толыбаев, Қайдасың.).  
846. 
САТҚЫН сын. Өзіне қымбат асыл құндылықтарды, өзін жақсы көретін адамдарын, 
т. с. дүниеге, жеке мүддесіне т.б. бола айырбастап кететін опасыз, арсыз. Опасыз, 
сатқын кіл сымпыс, Кешегі достық, бүгін жау, Жаңылса жағын – жалт бұрыс, Тұрақсыз 
дүние – зырылдау (Ғ. Қайырбеков, Көнсадақ). – Достарыңды қалдырып, Сатқын болып 
келдің бе? Үміт жібін жандырып, Тірі қалам дедің бе? (Ж.Қашқынов, Соқпақ.). // Сатқын 
адам. Осындай кезде есі дұрыс адам сатқындардың армиясына бара ма (Т.Ахтанов, Боран). 
// Отанының, елінің мүддесінен жеке басын жоғары қойған, ел-жұртын сол үшін сатып 
кеткен бейахлақ адам. Шын мәнінде олар кім: сатқын ба, әлде қашқын ба, демократ па, 
ұлт азаттығының, тәуелсіздігінің күрескері ме? Иә, тарихшыларға ойлануға тура келеді 
(М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт). Бір жағында советтік империя, сталиндік тоталитарлық 
режим, екінші жағынан – соғысып жатқан Отан. Бір жағында Қызыл Армияда тұтқын жоқ, 
тек сатқын деген директива, фашизмнің концлагерінен босанған совет солдаттары мен 
офицерлерін қуғындау (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт). 1916-ж. Ұлт-азаттық қозғалысы 
туралы Отандық тарихта көп жазылды. Бірақ, онда жарлы-жақыбайларды бастаушы, бай-
молдалар, алаш зиялылары сатқын болып көрсетілді (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт).  
847. 
САТЫМСАҚ сын. Сатылған, сатқын, арсыз. Сатымсақ ардан кешкен ар зан ақын 
болма, жуандарға қостаушы, құптаушы, қошаметші болма (М.Әуезов. Әр жыл.). Қарт 
ойындағысын ашық айтып тұр, соған қарағанда сатымсақ біреу емес, жай әншейін уайым 
шыл жандардың бірі болуы керек (Ж.Жұмақанов, Әлия). Драматургтер халықтық 


301
интеллигенция мен сатымсақ интеллигенция арасындағы күресті осы Долгов, Әзімхан 
образдары арқылы бей нелейді (Р.Нұрғалиев, Трагедия.). 
848. 
САУДАЙЫ сын. көне. Алаңғасар, нақұрыс, есі ауған. Екі тентек қосылса, саудайы 
болар, екі мақұл қосылса, таудай болар (Мақал). Қос жүйрік қатар тұрғанда қолының ұзын 
боларын, осыны саудайы баласының түсінбей, бекерге шай хысламданып жүргенін 
қатынының құлағына құя кейіген (Т.Әлімқұлов, Ақ боз ат). // Әйел көрсе, есі ауып кеткен, 
аңғалақ адам. Саудайы-ай сауды алмадың-ау сырқауды алып, Бір пәлеге жолықтың 
шырқау барып, Ала жаздай көгалды бір кермедің Сары жұртқа қондың ба ірге аударып? 
(Абай, Шығ. жин.). 
849. 
САУЫҚҚҰМАР сын. Сауықшыл, думан-тойды жақсы көретін, тамашашыл. Қыр елі 
қызық халық сауыққұмар. Даусын-ай, қандай ашық, қандай мығым? Әйтеуір сиқырлы әуез 
арбайды мың. Әлдидеп әннің пірі алса солай, Мұндай да қақпай қалар таңдайды кім? 
(Т.Сәдуақасов, Өлеңд.).  
850. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет