Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


САЙҚАЛДАУ сын. Көлгірлеу, әзезілдеу. Мәлике бір топ шашы самайына жығылып,  сайқалдау жүзімен аға сына күлімсірей қарайды (Р.Тоқтаров, Ертіс.)



Pdf көрінісі
бет320/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   348
18.08.2023 dis

САЙҚАЛДАУ сын. Көлгірлеу, әзезілдеу. Мәлике бір топ шашы самайына жығылып, 
сайқалдау жүзімен аға сына күлімсірей қарайды (Р.Тоқтаров, Ертіс.). 
831. 
САЙРАМПАЗ сын. Сөйлеуік, сөзуар. Оның үстіне бұл сайрампаздың аузын құмға 
толтыру пәлендей қиынға түспейтінін біледі (О.Сәрсенибаев, Сағым). Мұны сайрампаз 
Жатыпатар байқамады білем, Шаянға сүліктей қадалып отыр (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). 
832. 
САЙРАНШЫЛ сын. Ойын-сауыққа құмар, сауыққой. Ол көбіне-көп қасындағы 
сайраншыл әбжіл жігіттермен билеп көңіл көтереді (О.Сәрсенбаев, Сағым). 
833. 
САЛ БӨКСЕ Оңайшылықпен қозғалмайтын, тез қимылдай қоймайтын; сылбыр
Олардың ойынша бұлардың алдындағылар оқымаған, білмеген, сал бөксе, самарқау 
біреулер болған тәрізді («Қаз. әдеб.»). Сонда ғана торуылдап жатқан сал бөксе қасқырлар 
сүйретіле тұрып, жылысып кете бастады («Қаз. әдеб.»). 
834. 
САЛ СҮЙЕК Селқос, енжар, жалқау. Жалқау бар ма жатаған, Жұрынбекке тең келер? 
Сал сүйек, – деп атаған сол себепті жеңгелер (С.Сейітов, Жаңғырық).  
835. 
САЛАҚ сын. 1. Кір, лас. Көрді ме енді көзің кеткендігін, Замана өз жұмысын 
еткендігін. Сақтанбай салақ өскен жалқау жұртты, Көндіріп кедейлікке жеткендігін? 
(М.Дулатов, Шығ.). Салақ әйел ауы да болар тесік, Қолын тығып қасуға оңай десіп. 
Тағдырда мандайыңа жазған болса, Табиғаттың ісіне амал нешік (Шал ақын, Өлеңд.). 
Айтпасымды айтқыздың, Аузыңды бақпай, келіншек! Шаруа десе – шалдуар, Салақ, олақ, 
еріншек (Дулат Бабатайұлы, Замана сазы). 2. Шаруаға ыңғайы жоқ, қырсыз, құнтсыз, 
ұқыпсыз, еріншек. Алар жерге келгенде Жан салмайды сыпылдап Бір парсы тым салақ 
Шаруаға сылпылдап (Бес ғасыр.). Олақтан салақ жаман (Мақал). Ақыл керек, іс керек, 
мінез керек, Ер ұялар іс қылмас қатын зерек. Салақ, олақ, ойнасшы, керім-кербез, Жыртаң-
жыртаң қызылдан шығады ерек (Абай, Тол. жин.). 3. Жайбарақат, бейқам. Көрді ме енді 
көзің кеткендігін, Замана өз жұмысын еткендігін. Сақтанбай салақ өскен жалқау жұртты, 
Көндіріп кедейлікке жеткендігін? (М.Дулатов, Шығ.). «Мылтық сақтау әдетім, салақ 
жүрмей, Бұл үйге кірдім аю барын білмей. Мазағың ба, жоқ мені сынадың ба, Неге алдадың 
кір-кір деп, түк білгізбей? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Соңғы кезде қосшы ұйымының 
қызметкерлері айлықтарын ала алмаған соң, қызметке де салақ болып кетті 
(А.Байтұрсынов, Шығ.).  
836. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет