СҰСТЫЛАУ сын. Түсі суықтау; зілділеу, қатулау. Мыңжасар бұрын көкесі соғып
әкелген өлі қасқырды көргені болмаса, тірісін көріп отырғаны осы, Арлан сұстылау көрінді
оған (Фермаға кел.). Жүрекбайдың дауысы сұстылау шыққандықтан да, Түлкібек абыржып
қалды (Т. Нұрмағанбетов, Қарлығаш.).
901.
СҮЙЕГІ БОС Жасық, болбыр. Өз қайны Әлібайдың алысырақ, Шамасы сексен
шақырым, емес жырақ. Жәмила – қалыңдығы жиырма жаста, Сүйегі бос, бет-аузы тәуір-
сымақ (С. Торайғыров, Таңд. шығ.).
902.
СҮЙЕК БЕРМЕС Қомағай, обыр, сараң. Оларша – жердің белі, таудың құзы, Ата ұлы
арыстандай кер ауызды. Біздіңше хат білмейтін бір қатты шал Жуан ит сүйек бермес
жалмауызы (І.Жансүгіров, Шығ.).
903.
СҮМЕЛЕК сын. Еңбекті сүймейтін жалқау; жексұрын, жек көрінішті адам. – Әй
Қатай, Бөпіш қалада біреуге жалданып жүр деген, ол да біздің ауылдың сүмелегі
(С.Жүнісов, Өшп. із.). Пайдағұлға үнемі айтып жүретін өсек-лайсаңы есіне түсіп,
«жылмаңдауын қарашы, сүмелектің, өзі күлгенмен көзі күлмейді екен!» – деп ойлады ол
(Р.Райымқұлов, Қыз – айна). – Мына отырған сүмелек, қолымдағы екі баланың әкесі еді
(О.Сәрсенбаев, Жиде.).
904.
СҮМЕЛЕКТЕЙ сын. Сүмелек тәрізді. Сағыздай созылып, сүмелектей шұбатылып
өтпей қойған күндер артта қалған соң-ақ құмырсқа адымға айналады екен (Д.Исабеков,
Тіршілік).
905.
СҮМЕЛЕКТЕУ сын. Шаруаға қыры жоқ, жұқсыздау. Оның үстіне өз әкесі өлгеннен
кейін, шешесіне үйленген қайнағасы да бір сүмелектеу кісі еді, ақыр сол шаруасын
шалқайта берді, шалқайта берді («Қаз. әдеб.»).
906.
СЫҒЫРДАҢ сын. сөйл. Қатаң, қытымыр. Университеттің профессоры Джорж
Бейкер сығырдаң, өзімшіл, ақсүйек адам (Т.Әбдіков, Күзгі.).
907.
Достарыңызбен бөлісу: |