Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет33/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   348
18.08.2023 dis

ашықауыздығына қайранмын (С.Омаров, Қайырлы.). Үлгішілердің мінезі 
салмақты, именшек, бұйығы келеді. Олар өзі үшін істегенді сүйеді, жариялауды 
жаратпайды, құпияны, оңашаны ұнатады (Ж.Аймауытов, Шығ.). Иіс алмас 
есептелетін Есқара бұлардың біреуіне де арланбай, ерінбей, жалықпай жүре 
беретін, қанша қимыл жұмсаса да қажымайтын қарулы болатын (С.Мұқанов, 
Аққан жұлдыз). Қарағым, мені қойшы, мен өзім бір қоймүретпін ғой (Қазақ 
тілі. аймақ. сөздігі). Астындағы атын алты ай іздепті деген осы екен ғой, – деп 
қарт қосыла күлді де, қойторыға қарай бүкшеңдей бастады («Лен. жас»). Бұл 
мондыбас кісіге не түсіндіріп жарытушы еді? (Р.Райымқұлов, Бұрылыс.). 
Жуас-қоңыр сөзінде жуас сөзіне қазақ тіршілігінде жиі қолданылатын, 
санасында жағымды ассоциация тудыратын түсті, қоңыр түсті, қоңыр адам деген 
бұйығы, таза, шынайы адамды да атайтын сипат бар. Мысалы, Құрманғазының 
әкесі Сағырбай бүкіл өмірін байдың жалшылығында өткізген жуас-қоңыр адам 
болатын (А.Жұбанов, Құрманғазы).
Момындықтың микроконцептілері бар. Оның бірі АҢҒАЛДЫҚпен 
байланысты: алаңғасар, аңғал, аңғырт,аңқау, аңқау-аңғал, ашық ауыз, иланғыш, 
нанғыш, нанымпаз, сенгіш, сенімпаз, сенімшіл. Келесі микроконцепті 
ЖУАСТЫҚпен байланысты: бетегеден биік, жусаннан аласа, бұйдалаған 
тайлақтай, бұйығы, есектен де жуас, жуас, жуас-қоңыр, иленген терідей, иі 
жұмсақ, иіс алмас, келісімпаз, көнбіс, көнгіш, көндіккіш, көндімбай, көнтерілі, 
көніккіш, көнікті, көнімді, көнімшіл, көтерімді, қой аузынан шөп алмайтын, қой 
мінезді, қойдай жуас [момын], қойдан қоңыр, қоймүрет, қойторы, қоңынан 
кесіп алса да, тойған қозыдай [қозы секілді], тұйық, тығырықталған түйедей, 


64
тілалғыш. Ақкөңілділік концептісінде де қаралған АДАЛДЫҚ микроконцептісі 
мұнда да осы мағынада көрінеді: қақ-соқпен ісі [жұмысы] жоқ, қақ-соқсыз, 
қулық-сұмдығы жоқ, қулық-сұмдықсыз, қулықсыз, тірі жанға қиянаты жоқ, 
МОМЫНДЫҚпен байланысты: можан-топай, момақан, момын, мондыбай, 
мондыбас, моп-момақан, мұрнын тескен тайлақтай, сып-сынық, ұя бұзбас, ұяң, 
ымырагер, ымырашыл деген атаулардан тұрады.
Қазақ мәдениетінде момындықтың стереотип-бейнесі – қой екенін мына 
тіркестер дәлелдейді: қой аузынан шөп алмайтын, қой мінезді, қойдай жуас 
[момын], қойдан қоңыр, қоймүрет, қойторы [76].  
Академик Ә.Қайдар «Бауырмалдық» та осы қасиетке жақын мінез деген. 
Қатыгез, қатал, қанқұйлы халық бауырмал бола алмайтынын, бауырмалдықты 
бұл арада «өз бауырына ғана, өзінің туыс жақындарына ғана бауыры бұру” деп 
түсінбеу керектігін, қазақы бауырмалдық басқа туыс, көрші халықтарға да ашық 
көңіл, дарқан жүрекпен, өз бауырына тарта қарайтын табиғи қасиетіне 
байланысты айтылып, солай қабылданатынын айтқан [1]. Яғни момын адамның 
бойында міндетті түрде бауырмалдық болады.
Маслова стереотиптің тіл мен сөйлеудің тұрақтандырушы факторы екенін, 
ол бір жағынан белгілі бір мәдениеттің кейбір басым компоненттерін сақтауға 
және өзгертуге, екінші жағынан өзін өз ішінен тануға және сонымен бірге 
"өзінікін" анықтауға мүмкіндік беретінін айтқан [44, б. 85]. Жоғарыдағы 
мысалдан осыны көреміз.
Момындыққа ілесе – байсалдылық мінез жеке аталатын болады. Оның 
бірнешесебебі бар. Қазақ дүниетанымында жақсы мінез сапаларының бірі оның 
бірқалыптылығы. Бірқалыпты деген атау «асығыс шешім қабылдамайтын, 
ақылға салатын байсалды, басқалардың жетегінде кетпейтін, белгілі көзқарасы, 
принципі, өзіндік мінез-құлқы бар, қауіп-қатерден бой тасаламайтын, 
батылдығы да бар, сенуге болатын, орынды жерді білетін, «Бойда қайрат, ойда 
көз, болмаған соң айтпа сөз» деп Абай айтқандай, сөзі мен ісі бір» деген мағынаға 
саяды. Қазақ мәдениеті үшін тұрақты мінездің мәні зор. Сондықтан бұл атау бір 
және қалыпты деген екі атау сөзден ұзақ сөзсажамдық процесс нәтижесінде 
кейін пайда болған. Осы ұғымды беретін байсалды деген атау бар еді. Бұл – 
«нәрсенің байыбына баратын, содан кейін әрекет жасайтын, байыпты, асығыс 
шешім шығармайтын, асықпай сөйлейтін, ақылға салатын, аңғарымпаз, сабырлы 
әрекетпен, түбін ойлайтын ұлттық мінез сипаты, жеке тұлғаның беделін 
биіктететін мінез». Байсалды мінезді адам айналасындағыларға үлгі болады. 
Қиын іс-әрекетті ақылдасып атқаруды әдетке айналдырған тұлға байсалды мінезі 
арқылы басқалардың бағдарын жөнге салып отырады. Әрбір әрекетін 
сабырлықпен баптайтын байсалды мінезді адам өз мақсатына жетіп, 
тындырымды іс-әрекет жасайды. Байсалды мінезді адам әрбір іс–әрекеттің түбін 
(нәтижесін, жеңісін, жемісін) ойлайды. «Жеті рет ойлап, бір рет піш», 
«асықпаған арбамен қоян алады», «асыққан–сайтанның ісі» деп халық ұрпағын 
байсалдылыққа тәрбиелейді. 


65
Байсалдылық – қазақ халқының тектік қасиетін көрсетеді. «Аялдап, артын 
ойла, түңілмей, түбін ойла» деп қазақ халқы тарихи жеңістерге байсалдылықпен 
жеткенін айтады ғалымдар.
Сонымен, жеке адамның тұлғасын биіктететін, қоғамның дамуына оң 
ықпалы бар бірқалыпты мінез БАЙСАЛДЫЛЫҚ атаулары мыналар (57): 
аузына берік, ауыр мінезді, бажайлы, байлы, байсалды, байымды, байыпты, 
байыпшыл, байырқалы, бапандай, басалқы мінез, басалқы, басалқылы, басбақыл, 
басбілгі, басыңқы, батпанақтай, берік, бұқыл, бірқалыпты, бірмінез, бірмінезді, 
бірсөзді, біртоға, дітіне берік, етінен ет кессе де мыңқ [былқ] етпейтін, жаны 
үлкен, жер қозғалса, қозғалмайтын, қазақы мінезді, қасалықты, мойсапыт, 
мінезі ауыр, орнықты, өзіне-өзі сенімді, пайымды, парасатты, парасатшыл, 
парықты, рухы жоғары, сабаз мінезді, сабырлы, салдарлы, салиқалы, 
салқынқанды, салмақты, салуалы, сардарлы, сенімді, сенімпаз, сөзге сараң
табанды, тағайынды, тұйық, тұрақты, ұстамды, үстінен түйе өтсе де былқ 
етпейтін, фаһімлі. 
Мысалы: Ретсіз сөздің керегі не? Аузыңа берік бол, абайлап сөйле дегенім 
қайда? Әр сөздің айтылатын өз орны болады (Ә.Нұрмаханова, Шығыс 
шынары.). Мұғалім сөзі баланың сөзінен айырмасы: бажайлы, байсалды болу, 
мұғалімнің сөзін баланың ұққандығы, шабыттанып, ынталанып құлақ 
қойғаннан білінеді (Ж.Аймауытов, Шығ.жин.). Істің басы байлы болса, түбі 
сайлы болады (Мақал-мәтел). Автор біраз терминдердің қазақша баламаларын 
ұсына отырып, фольклорлық терминдер мәселесінің байырқалы шешімі әлі 
табылмай келе жатқанын ескертеді («Қаз. әдеб.»). Сегіз қырлы, жалғыз сырлы, 
Қайда барсаң бірмінез, Артын байқап, терең ойлап, Мағыналы сөйлер сөз 
(Ш.Иманбаева, Шығ.). Байұзақ одан соңғы адамы еді, Бәрі кісі-ақ еді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет