Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет36/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   348
18.08.2023 dis

ӘДЕПТІЛІК (58): асқақсыз, ахлақты, әдеп көрген, әдепті, бәсең, бипаз, биязы 
мінезді, биязы, жібек мінезді, зиялы, ибадатты, ибалы, иман жүзді, иманды, 
инабатты, инабатшыл, көңілі түзу, көргенді, кішік, кішіпейіл, қарапайым, қыз 
мінезді, қыздай сызылған, қылықты, майпаз, майпаң, мархабатты, мәдениетті, 
мәйім, мәмілешіл, мінәйі, мінезі текті, ниеті мақұл [ақ], [жақсы], [түзу], 
[дұрыс], өнегелі, сәлемшіл, сәлемі түзу, сөзі майда, сыпа, сыпайы, сып-сыпайы, 
тәлімді, тәлім-тәрбиелі, тәрбиелі, тәртібі жақсы, тәртіпқұмар, тәртіпті, 
тәртіпшіл, текті, тойған қозыдай, ызбайлы, ықыласы түзу,ізгі ниетті, ізгі, 
ізгілікті, ізет [әдеп] сақтаған, ізетті, ізетшіл, ілтипатты деген атаулар – 
әдептілік концептісінің әртүрлі көзқарастар тұрғысынан аталуы. 
Маслова орыс мәдениетінде көптеген моральдық ұғымдар әйел, ер екеніне 
байланысты айтылады деген. Орыс ұлтында ұят ұғымы әйелге қатысты ғана 
қолданылады дейді. Мысалы, девичий стыд; потерять стыд деген тіркестер 
көбінесе әйел туралы айтады дейді. Әйелдің әдептілігі – күйеуіне мойынсұну, 
қарапайымдылық, адалдық екенін білдірген. [44, б. 98]. Қазақ мәдениетінде де 
ұят, әдептілік негізінен әйел адамға ғана айтылады. Мысалы, Айшаның өзі де 
әйелдің сүйкімдісі. Мінезі қандай биязы, бипаз болса, тілі де соңдай жұмсақ, 
майда (З.Шашкин, Теміртау). Жұрттың айтуынша, ол ілтипатты, ақылды, 
тіпті барып тұрған сұлу көрінеді (I.Есенберлин, Көлеңке.). Әйел ұяттан тұрады 
дейді, ұялшақ жігітті қыз мінезді деп жақтырмайды.
Әдептілікті имандылық жасайды. Сондықтан бұл мінездің момындықтан, 
әдептіліктен кейінгі орынға шығатыны түсінікті. Ә.Табылды имандылықты 
әдептіліктің жарқын көрінісі деп, иманды адам әдеппен сөйлеп, әдепті 
қимылдайтынын, адам баласына тек жақсылық жасайтынын, ізеттілік, 
әдептілікті, мейірімділікті, тазалықты көрсететін бұл ұлттық мінез қазақ 


68
халқының ұлттық психологиясына тән құбылыс екенін, иманды адам – инабатты 
адам болатынын, ол басқаның адамдық қасиетін қадірлейтін, арын ардақтайтын 
адам екенін, иманды адамнан басқалар байыппен қарап үлгі-өнеге алатынын, 
иманы бардың – сыйламы бар деп, халық иманды адамды жоғары бағалайтынын 
дөп басып сипаттаған [74, б. 13-18]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет