Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет333/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   348
18.08.2023 dis

СЫЛДЫР БАҚАЙ Пәтуасыз, тұрақсыз (адам). Сырыңның сылдыр бақай адамдары, 
Тұрмайды уәдеде табандары (Айтыс). 
913. 
СЫЛДЫР-СУАЙТ сын. Бос сөзді, өтірікші, алдамшы. «Дейді екенді» лепіртіп, Тағы 
айтар кім болды екен? Сылдыр-суайт, сұғанақ Сұқты көзді молда екен (А.Тоқмағамбетов, 
Дария.). 
914. 
СЫЛТАУШЫЛ сын. Желеуі, айтатын себебі көп, уәжшіл. Жалқау адам сылтаушыл, 
Жүре алмайды «ауырмай». Керіседі кей «актив», Біріне-бірі бағынбай (Қ. Жапсарбаев, 
Өлеңд.). 
915. 
СЫНАҒЫШ сын. 1. Кемшілікті мінегіш, шенегіш, сынға алғыш. – Сыр сақтағыш, ел 
сынағыш, Берік жансып жүруші ем. Жұртты сөгіп: “Таңырқағыш Неткен жан!” деп күлуші 
ем. Бұл не ғажап өзгелерден Артық болды жұдызың! (Ж.Аймауытов, Шығ.). Бұл неғып 
Хам-зинді сынағыш боп кетті (Ш.Мұртазаев, Қара.). Өз басының міні көп, өзгені сынағыш 
келеді деген осы ма әлде! (Н.Қазыбеков, Шалғай.). 2. Біреудің кемшілігін байқағыш, 
аңғарғыш, абайлағыш. Сәруар сынағыш назармен қонағының тұла бойына бір көз жүгіртіп 
өтті (Б.Аманшин. Көкжар). Қыз бала өсе келе жігітке көз салғыш, сынағыш болады екен 
(Ә.Нәбиев, Шолпан). Әкесіндей бұлдағы Білмегенін сұрағыш; Ненің қалай тұрғанын 
Абайлағыш, сынағыш (С.Мұқанов, Замандас.). 
916. 
СЫНАМПАЗ сын. Сын айтқыш, сынағыш, мінегіш. Мінез сұлулығынан гөрі, мін 
айтқыштар, сындарлы ойлардан гөрі, сынампаздар көп болды (К.Қазыбаев, Дәуір.). 
Ерқожаның қалжыңшыл, адамнан сөз тартуға құмар, сынампаз кісі екені көрініп отыр 
(Ғ.Сыланов, Домбыра.). Мал танығыш сынампаз кәриялар ентелеп, мойындарын соза 
қарасып, әр түрлі болжал айтысады (Б.Соқпақбаев, Қайдасың.). 
917. 
СЫНШЫЛ сын. 1. Біткен істі немесе біреуді сынағыш, мінегіш, оғаш істі байқағыш, 
көреген. Асықпай, байыпты оқып бергеніне сыншыл да есті әжесоншалық разы болып
батасын берді (С.Бегалин, Шоқан.). Солдат қауымы сыншыл келеді. Командир туралы 
пікірін естіртіп айтпағанмен, іштеріне тізбектеп жүреді (Б.Момышұлы, Шығ.). Тегінде жай 
көрермен болғанмен, жұрт көзі байқағыш та сыншыл ғой (Жүлдегерлер).  
918. 
СЫПЫЛДАҚ сын. Көп сөйлейтін сөзшең, өсекшіл, беймаза, Отырған жерін өсекпен 
өртейтін сыпылдақ әйелдер қара кемпірдің алдында аузын бағып сөйледі (А.Жақсыбаев, 


307
Кайырлы таң). Кеше әлгі сыпылдақ келін келіп еді З.Түкіров, Жас жесір). Тайжанның қызы 
жасынан жеңілтек, шешесіне тартқан сыпылдақ (З.Шашкин, Сенім). 
919. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет