306
салды (А.Ханкелдин, Қара торғай). Кешірген өмірінің, жазған өлеңінің, ретсіз болып, яки
ғибрат алмаққа жарамайтындығын,
ақылға сыйымсыз жері болса, кейінгі замандағы
сынаушы жастардан өзінің тәрбиесіз, үлгісіз өскен өмірін айтып, надан елдің ішінде неше
түрлі машақат, әурешілік пен бойды ыза кернеп, өткен қатам болса аяп, аз сөзге көріңдер,
деп жазғаны – Өлсем орным қара жер сыз болмай ма...” (А.Байтұрсынов, Шығ.). Сенің әке-
шешең әдет-ғұрыпқа сүйеніп, сені сүймеген адамға берем деуі, адамшылыққа да,
әділшілікке де, жолға да сыйымсыз (М.Дулатов, Шығ.). Бұралқылар сандалды, Жуандарға
сыя алмай. Сыйымсыз болды алашқа, Барамтасын тыя алмай. 3. ауыс.
Есепсіз, қисапсыз,
мөлшерсіз. Қайта-қайта директор есебіне деп жаза берсем, әрі сыйымсыз көп, оның үстіне
есепсіз дүние бар ма, бастан асьш жететін (С.Бегалин, Уақыт.).
909.
СЫҚАҚҚОЙ сын.
Қуақы тілді, қалжыңшыл, әзілқой, мысқылшыл. Қазақта: «ойыншы,
күлдіргі, қу, мысқылшыл, сықаққой, қылжақ» аталатындардың бәрі де табиғатында артист
болып туғандар (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Бай күйеудің жолдасының ішінде әнші,
күлдіргіш, сықаққой адамдар да болады (Ы. Алтынсарин, Таңд. шығ.).
910.
СЫҚАҚШЫЛ сын.
Біреуді сынап-мінеуге, келеке етуге бейім, ажуашыл, мысқылшыл.
Асқар, меніңше, ең сықақшыл ақын (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.). Хұсекең найза тілді,
сықақшыл да кісі. Бірақ сыңақты тура айтпай, көп жағдайда астарлап, тұспалдап мақтамен
бауыздайды («Лен. жас»), Малтекең сауықшыл, отырған жері күлкілі, сықақшыл,
біреулерді келеке етуге жаны құмар адам еді («Қаз. әдеб.»).
911.
СЫҚАЯҚ сын. жағымсыз.
Алаяқ. Осы құрылтайда
сықаяқ тілмаш Камал Акрамов
атамекеніміздегі мүғалімдердің жартысынан астамын «залалдыларға» жатқызды
(М.ІІІоқай, Танд.).
912.
Достарыңызбен бөлісу: