Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет44/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   348
18.08.2023 dis

НАМЫСҚОЙЛЫҚ (24): арланғыш, арлы, аршыл, арынды, арыны күшті, 
жалынды, жүрегінде жалын бар, жігерлі, жігерімен тасты үгіткен, кеудесінде 
оты бар, көзінде оты бар, көкірегінде [кеудесінде] оты бар, меселді, мұратшыл, 
мүддешіл, намыскер, намысқой, намысқор, намысты, намысшыл, рухтанғыш, 
рухтандырғыш, рухты, шабытты. ӘСЕРШІЛДІК (20): ақынжанды, арқасы 
бар, әсерленгіш, әсершіл, әуесқой, елтігіш, еліккіш, еліктегіш, еліктемпаз, 
жүрегі нәзік, құмарпаз, құмартқыш, қызыққыш, махабатшыл, нәзік, өз әлемі 
бар, өлеңшіл, өнершіл, сыршыл, таңсыққой. ӘЗІЛҚОЙЛЫҚ (19): әзілдегіш, 
әзілкеш, әзілқой, әзілқұмар, әзілшең, әзілші, әзілшіл, күлдіргіш, күлегеш, күлешек, 
күлкішек, күлкіші, күлкішіл, күлімпаз, қалжыңбас, қалжыңқой, қалжыңшыл, қу 
тілді, қуақы. 
Ал ШЫНШЫЛДЫҚ, шынайылық қазақ мінезінің жақсыатты болып 
көрінуге бейжайлық, қалай бар, солай болып көрінгенді жанына жақын көретін, 
егер жақсы атты болуға ұмтылушылықты көрсе, қаны қараятын, жаны 


79
қаламайтын болмысынан шығады. Адалдық – сөздің таным мен сенімге 
ұштасуы, оның іс-әрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық адамның азаматтық 
борышына, ар-ожданына қалтқысыздығы. Адал да шыншыл, әділетті болу — 
еңбек пен білім алуға, жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты, 
тіршілікте тиянақты, принципті болу деген сөз. Адалдық пен шыншылдық бар 
жерге кісі әділетті де, кішіпейілдік пен қайырымдылық, қарапайымдылық етіп 
жүреді, бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді. “Сырты бүтін, іші 
түтін”, яғни босқа көлгірситін көзқарас пен мінездегі түрлі жалған көріністер 
(екіжүзділік, жарамсақтық, жалтақтық, күншілдік, іштарлық, мақтаншақтық, 
тәкаппарлық т.б.) нағыз адалдық шыншылдықпен еш сыйыса алмауы екенін 
айтады педагог ғалымдар [75, б. 44-55]. 
Бұл концептінің тілдік репрезанттары (19): ақ, ақиқатшыл, алақолсыз, 
әділ, әділетті, әділетшіл, бәріне бірдей, кіршіксіз, қара қылды қақ жарған, 
мінсіз, пәк, сенімді, таза, тура, турашыл, тік, үзеңгісін тең басқан, шынайы, 
шыншыл деген атаулардан тұрады. 
Мысалы, Қадірі қалың, малы көп, Қылмаған кімге себепті? Алақолсыз 
мырза еді, Кем-кетікті елепті (Абай, Тол. жин.). Қақ жарған қара қылды биің 
қайда? Ақ орда би түсетін үйің қайда? Салтанат Сарыарқада құрған қазақ, 
толықсып жүрген кеше күнің қайда? (М.Дулатов, Шығ.). Ертеңіне қалма 
ұмытып, шыншылым, Достарыңа бүгінгі күн серт беріп. Сырты дос боп 
жүрген болса, іші жау – Ондай итке: «Маңайымнан кет» делік (М.Дулатов, 
Шығ.). Ел қайғысын кім ашар? Үзеңгісін тең басқан Төресі ғаділ хан ашар. Аққа 
су мен кең қоныс, Түрленген жасыл көк ашар (Кердері Әбубәкір, Қазағым.). 
Сондай-ақ ЖАЙЛЫЛЫҚ сипат та қазақы мінезге тән қасиет (17): байпаң, 
бал мінезді, жайдарлы, жайдарман, жайдары, жайқар, жайлы, жайраң, 
жайсаң, жаны жайсаң, жылы шырайлы, жібек мінезді, майда қол, мінезі 
жайлы, мінезі жұмсақ, мінезі майдай, үйек. Жайлылықты толеранттылықпен де 
ұштастыруға болады. З.Ахметжанова толеранттылықтың дифференциалды 
белгілері қарым-қатынас объектісі – басқа мәдениеттің, басқа этностың өкілі; 
қарым-қатынас 
тақырыбы 
– 
әртүрлі 
белгілер 
түрінде 
көрінетін 
айырмашылықтар: тіл, сыртқы келбет, мінез-құлық, әдет-ғұрып және т. б. болса, 
онда қарым-қатынастың мәні мына алгоритммен көрінетінін айтқан: білу – 
түсіну – қабылдау – құрметтеу [4, б. 94]. 
Бір назар аударатыны ШЫДАМДЫЛЫҚ (17): ақпан соқса да өлмейтін, 
тоқпан соқса да өлмейтін (шыдамды), дәті берік, жанкешпе, жанкешті, 
жансебіл, жаны берік, жаны сірі, көнімпаз, табанды, тағатты, тауанды, 
төзгіш, төзімді, төзімпаз, төзімтал, төзімшіл, шыдамды; БІРСӨЗДІЛІК (11): 
антына берік, аузына берік, бұқыл, бірауызды, бірсөзді, дәті берік, сенімге берік, 
сертте тұрғыш, сертшіл, сырға берік, уәдеге берік; ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет