78
Ұқыптылық жинақылықпен байланысты:
абайлағыш, жинақы, жып-
жинақы, құнтақты, құнтты, мұқият, мұқиятты, талғағыш, талғамды,
талғампаз,
тастұйнақтай,
тиянақты,
ұқыпты,
үлгілі,
үнемшіл;
тынымдылықпен байланысты:
тұрлаулы, тындырымды, тындырымпаз,
тынымды, тыңғылықты, тіректі, ықтиятты.
Маслова адамдардың өздері туралы не ойлайтынын көрсететін
автостереотиптер және басқа халыққа қатысты гетеростереотиптер бар екенін
және олардың өте маңызды екенін айтады. Мысалы, бір халықта ұқыптылықты
білдерітен мінез, екінші бір халық үшін сараңдық болып табылуы мүмкін дейді
[44, б. 84]. Сол сияқты мысалы, үнемшілдік дегенді сараңдық емес, ұқыптылық
екенін қазақ халқы енді бағалап жатқанын айтуымызға болады.
Қазіргі қоғам мүшелеріне баға бергендезаманға сай атаудың басқа тілдік
бірлігі шыққан. Ол –
жауапкершілігі бар, жауапкершілігі жоғары деген атаулар
.
«
Жауапкершілік – бұл адамның үй іші, әке-шеше, тума-туысқандарына қатысты
перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам
етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін
бар санасымен терең аңғара
алып, түсіну, бұл парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру» [5, б. 343-
353]. Сондықтан сөзі шынайы, берген уәдесіне берік, айтқан сөзінен
айнымайтын, өзінің борышы мен жауапкершілігін біліп жүретін адамға ел
сенеді. Кісілігі бар деп атайды. Ал
оны ресми-іскери қатынаста жауапты,
жауапкершілігі бар, жауапкершілігі жоғары немесе жауапсыз, жауапкершілігі
жоқ деп атайды. Бұл, бір жағынан, орыс тіліндегі
ответственный деген сөздің
аудармасы түрінде пайда болған сөз. Дегенмен қазіргі іскерлік ортада жиі
қолданылатын мінез сипаты атауы болып, тіліміздің табиғи жолымен жасалған
бірлігі ретінде қабылданып кетті.
Жауапты деген сөздің 15 томдықта мінезге
қатысты мағынасы көрсетілмеген, тек «міндетті, борышты; жауап беретін,
айыпты, кінәлі; негізгі, басты, маңызды» деген ғана мағыналары бар. Ал
жауапты, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын деген басты мағынасы бар [78,
б. 203].
Жағымды мінез сипаттарының келесі топтарын қатарластыра қойсақ, олар
Достарыңызбен бөлісу: