81
имандылық (19), шыншылдық (19), жайлылық (17), шыдамдылық (17),
жақсы
(15), сыйымдылық (14), кеңпейілділік (14), бірсөзділік (11), қонақжайлылық (9),
еңбекқорлық (8).
2.2
Қазақ
мәдениетіндегі
жағымсыз
мінез
атауларының
лингвомәдениеттанымдық негіздері
Бұл тараушада алдыңғы тараушада айтылған қазақ тіліндегі жағымды
мінез сипаты атауларына қарама-қарсы енді жағымсыз мінез, теріс мінез
атауларын, қазақ ұлты құптамайтын, қазақ мәдениетінде
теріске шығарылған,
барлық ауыз әдебиеті нұсқаларында, паремиологиялық сөздік қорда әрбір
тұлғаны сақтандырып отыратын мінез сипатына берілген атаулар туралы және
оның лингвомәдениеттанымдық негіздері туралы сөз ететін боламыз. Ол
мақсатта алдымен түркі, қазақ жұртының ойшылдары және қазақ халқының
ұлттық мінез сипатын зерделеген психология,
педагогика мамандарының
зерттеулеріне сүйенеміз. Содан кейінгі кезекте жаман мінез атауларының
лингвомәдени концептілерін шығарып, құрамына кіретін атаулар мен сөз тіркесі
және паремиологиялық корды түгендейтін боламыз.
Алдымен атап айтатын ерекшелік – қазақ тіліндегі мінез сипаты
атауларының ішінде жағамсыз мінездердің номинациясы жетілгені, яғни басқа
тілдердегідей жақсы мінез атауына
бей немесе
емес көмекші сөздері қосылып
жасала салмай, жаңа түбірден жеке дара сөз болып жасалатыны. Мысалы, орыс
тілінде не префиксі арқылы жасалады:
скрoмный – нeскрoмный, высокомерный –
нeвысoкoмeрный, тщeслaвный – нeтщeслaвный, хвaстливый – нeхвaстливый,
сaмoувeрeнный – нeсaмoувeрeнный, сaмoлюбивый – нeсaмoлюбивый. Бұнда
байқалатыны алдымен жиі көрінген, бағаланған мінез атауы пайда болып, содан
кейін сол мінезге қарама-қарсы мінезді жұрнақ арқылы жасаған.
Алдымен
дін исламда теріске шығарылған, құпталмаған мінезге
тоқталайық. «Аят пен хадисте білдірілген жаман мінез алпыс түрлі. ...сол алпыс
түрлі жаман мінездің шығатын түп асылы жеті түрлі мінезден десіпті» Олар:
дінсіздік, өзбілермендік, менмендік, мақтаншақтық, күншілдік, сараңдық,
ысырапшылдық.
Қожа Ахмет Яссауи көрсеткен теріс мінез атаулары да осы дін жолы өсиет
еткен мінездерден шығарылады:
«Алланың ақ жолын мойындамау», «өз көркіңе
өзің мәз болу», менмендік, дүниеқұмарлық, парақорлық, еріншектік.
Ұлы Абай жиырма сегізінші қара сөзінде “...Әуелі иманды түзетпей тұрып,
қылған ғибрат не болады? ...жақсылық, жамандықты жаратқан – Құдай,
ауыртқан құдай емес...
Байлықты, кедейлікті жаратқан – Құдай, бай қылған,
кедей қылған Құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе – жоқ” – дейді [45].
ХХ ғасырдың басында Міржақып Дулатов (1885-1935) жас ұрпақты
мейірімділік пен имандылыққа тәрбиелеуде мұсылмандардың қасиетті кітабы –
Құранның үлгі-өнегеге толы тағылымына баса назар аудару қажеттігін тұңғыш
рет баса айтты. Ал Мағжан Жұмабаев өзінің “Педагогикасында”: “...дін сезімдері
күшті адам тәңірінің барлығына, құдіретінесеніп,
оның махаббатын алуға,
қаһарына ұшырамауға ұмтылатын адам өмір бойы ізгілікке ұмтылып,
82
жауыздықтан безбек” – дейді. Осындай ой-пікірлер қазақтың ойшыл ғұламалары
Жүсіпбек Аймауытовтың, Мұхтар Әуезовтың, т.б. еңбектерінде де жиі кездеседі
[79, б. 11-12]
Адам баласы басына пәлені бірінші – мінезден, екінші – тілден, үшінші –
әрекеттен табатыны белгілі. «Жетесіз адамдар ояуында ғана емес, түсінде де
басқалармен тіресіп, дауласып-жауласып жүреді. Атам қазақ «Жақсы – ісіне
сенеді, жаман – түсіне сенеді» дейді. «Көргенді-көргенсіз» дейді. Сын-сипат,
тіршілік деген – жанталасу,
жан бағу, күресу, озбырланып озу, басқалардың
алдында жүру, жол бермеу, өзін зор, басқаны қор санау. Бұл – өзімшілдік. Өзгені
ойламау, басқаға жаны ашымау, қадірлемеу,
сыйламау, құрметтемеу. Өзінен
басқаға жол бермеу. Мұның арысы – тексіздік, ақылсыздық, дәрменсіздік,
көргенсіздік» [57, б. 6-25].
Сонымен, қазақ мәдениетінде жағымсыз мінездің қандай түрлерінде
номинациялау басым болған не себептен және қандай мәдени негіздері болған
деген сұраққа жауап беру үшін «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің»
онбестомдығындағы барлық мінез атаулары мен
тұрақты тіркес және мақал-
мәтелдерді жинап, лексика-семантикалық топтарға бөлгенде ең бірінші
ТӘРТІПСІЗДІК болмаса
БҰЗЫҚТЫҚ концептісін шығардық. Мұндағы атау
саны өзге топтарға қарағанда жоғары болды.
Олар мыналар
(165 бірлік):
а десе, мә дейтін, адуын, адуынды, адыр-
Достарыңызбен бөлісу: