Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет50/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   348
18.08.2023 dis

ӘДЕПСІЗДІК. Әдепті атауына антоним ретінде болымсыздық жұрнағы арқылы 
жасалған жаңа сөз болғанмен, бұл ұғымның бұрыннан келе жатқан дөрекі деген 
атауы бар. Дөрекі (дурәг) – парсы тілінен енген сөз. «Тұрпайы, анайы, топас» 
дегенді білдіреді. Дөрекілікті, ерсі қылықты қазақ тәрбиесі жат мінезге 
санайтыны соншалық бұл мағынаны таңбалайтын 64 бірлік жиналды: адыр 
мінезді, адыраң, адыраңбай, адыраңдаған, адыр-бұдыр, адырлау, арсыз, аусар 
мінезді, әдепсіз, әумесер, бейбастақ, бетсіз, беті қалың, дойыр, дөкір, дөң, 
дөрекі, дуайпат, дүңк етпе, есерсоқ, ессіз, ессіз-ойсыз, есірік, жабайы, жынды, 
ибасыз, имансыз, инабатсыз, кеудесімен жер соққандай, көргенсіз, қара қамшы, 
қарабет, қаражүзді, құлқы бұзық, құрысқақ, қызыл көз, мәдениетсіз, мойыс, 
мінезсіз, нойыс, оғаш мінезді, одыр, ожар, оңбаған, оспадар, оспадарсыз, өкірең, 
өкіреш, өнегесіз, өрескел мінез, сиыр мінезді, сиыртектес, тасырақ, тасыраң, 
тәрбиесіз, тәртіпсіз, томырық, тоң мінез, тұрпайы, тұрпайылау, ұрда-
жық.ұятсыз, шімірікпейтін, ынсапсыз. 
Бұл ұғым көбінесе қимыл-әрекеттің ерсілігін, сүйкімсіздігін ерекшелеп 
айтып, сүйкімсіздіктен тыя атайды: адыр мінезді, адыраң, адыраңбай, 
адыраңдаған, адыр-бұдыр, адырлау, бейбастақ, дуайпат, дүңк етпе, кеудесімен 
жер соққандай, одыр, ожар, оспадар, оспадарсыз, өкірең, өкіреш, сиыр мінезді, 
сиыртектес, тасырақ, тасыраң, ұрда-жық, шімірікпейтін. 
Қазақ тіліндегі жағымсыз мінез атауларының ішінде МЕНМЕНДІК, 
ТӘКАППАРЛЫҚқа қатысты атаулар 79: адамсыған, алкеуде, асқақ, 
астамшыл, бақайына келтірмейтін, басы жерде, билеп төстегіш, білгіш, 
дандайсыған, екі иығынан [иінінен] дем алған, есірік, жел кеуде, желкөкірек, 
жеңімен [жең ұшымен] сәлем беретін, зор кеуде, зор көкірек, кеппе кеуде, кер 
асқақ, кер қабақ, кер, кердең басқан, кердең, керенау, кеуде көтерген, кеудесі 
жоғары, кеудесі кепкен, кеудесін қаққан, көзі көкте, көзінің еті өскен, көкке 
қараған, көкірек біткен, көкірек керген, көкірек көрсеткен, көкірек қаққан
көкірек, көкіректеу, көкірекшіл, көңілі биік, көңілі көкте, көппе, көшеге сыймай 
жүретін, кірпияз, кісілігі жоқ, кісілігі ұстаған, қау көкірек, қопи, құдайын 
ұмытқан, құлақ аспайтын, маңғаз, мардат, менмен, менмендеу, менменшіл, 
меншіл, мұрнын [көкке] көтерген [шүйірген], мұрнына есек құрты түскен, 
мүйізі шыққан, ордаң, өктемшіл, өкірек, өкірекбай, өкірең, өкіреш, өпірем, 
өпірім, өр көкіректеу, өр көңілді, өркеуде, өркөкірек, паң кісі, паң, салмойын, 
танауымен көк тіреген, тәкаппар, түкірігі жерге түспейтін, үзеңгі бауы алты 
қабат, хан көкірек, ханға сәлем бермейтін, шалқақ. 
Мұсылмандық, имани тұрғысынан құпталмайтын, қазақ дәстүрлі түсінік 
танымында датталатын бұл мінез қазіргі қазақ мәдениетінде де жағымсыз мінез 
қатарында болып табылады. 
«Өзімшілдік, өркөкіректік, өзім білермендік, өктемшілдік, өрескелдік, 
өрсіздік арқылы пайда болатын менмендік мінез басқаның сағын сындырады. 


88
Өзімшілдікпен «мен білемін, менікі дұрыс, мен артықпын, мен озықпын, мен 
жақсымын яғни мен, мен, мен» деп, өзін-өзі артық санап, өрікпіген адам 
менмендік мінезбен өзінің «осалдығын» білдіріп опық жейді. Өркөкірек адам 
өзгенің жақсылығын жақтырмай, жетістігін жете білмей, өзін мақтап, өзгені 
табалап, көкірегін көтереді. Өзім білермендік жасап, менменшіл адам, басқаның 
байыбына бармайды, өз ойын, өз шешімін ұсынып, ұрыс-керіс шығарып, теріс 
ойын тіксініп, тепсініп, айтқанынан қайтпайды» деп анықтайды психологтар [83, 
б. 7-9]. 
«Екі көзің еліріп, құр қарайсың аспанға» деп, Абай айтқандай, мастанған, 
байлыққа, мансапқа, бақытқа, атаққа мастанған қазақ қай заманда да болған. 
Мансапқа ие болса, маңғазданып, марғау тартқан, туғанына да қарамай, 
«құдайды құлағынан ұстағандай» тәкәппарланып, тантитын адамзат қай ұлтта да 
бар. Бұл жалпыадамзаттық пенделік сипат. Сондықтан қазақ мәдениеті бұл 
мінезді имансыздық, әдепсіздік деп санаған. «Ұлық болсаң, кішік бол», 
«кішілікте – кісілік» дейтін қазақ халқы қашан да мұндай мінезді жақтырмаған. 
Өйткені тәкәппарлықтан қайырымсыздық пайда болады. «Тәкәппарлық, 
негізінен, ақымақтықтан пайда болады. «Кішілікте – кісілік» деп халық ақылды 
адамың кісілігін жоғары бағалайды» [86, б. 173-175]. 
Тәкаппарлық қазақ халқы үшін кеудемен ассоциация құрайды. Кеудесін 
керу, көкірегін жазып ұстау денотаты өзін биік сезіну, өзгелерден жоғары 
болумен мөлшерленеді. Сондықтан мысалы мына сияқты тіркестермен 
сипатталған: жел кеуде, желкөкірек, зор кеуде, зор көкірек, иінінен дем алған, 
көкірек біткен, көкірек керген, көкірек көрсеткен, көкірек қаққан, қау көкірек, 
өркеуде, өркөкірек. 
Сондай-ақ тәкаппарлық ұғымы көзбен, қарау қимылымен және мұрынмен 
байланыстыра аталған. Мысалы, кер қабақ, көзінің еті өскен, көкке қараған, 
көңілі көкте, басы жерде, мұрнын [көкке] көтерген [шүйірген], танауымен көк 
тіреген. 
Ал үзеңгі бауы алты қабат деген тұрақты тіркес байлықтың, 
менсінбеушіліктің, қарадан өзін жоғары санаушылықтың асырмалы атауы болып 
тұр. Мысалы: Сақина десе сақина, қашан болсын керіліп, созылып, үзеңгі бауы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет