Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет68/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   348
18.08.2023 dis

дуайпат өгей шешенің қолына қараған жетім баладай жаутаңдауық болған 
Алсай-Сараның ендігі күні мүлде мүшкіл (Ш.Мұртазаев, Қызыл жебе). Қазақ 
халқы әйелдің ашушаңдығы мен ызақорлығына қарата долы, долау, дуайпат 
мінез деген сөздерді қолданған. 
Адам баласы тағы болып, еркегі хайуан дәрежесінде жүргенде әйелден 
бала туып, ол балалардың бәрі де жастық, қорғансыздықтан анасының 
айналасына үйіріліп үй ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын кіргізген. 
Бұған қарағанда адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел. 
Сондықтан да ұлы бабаларымыз адамық негізі – әйелде деген ұлағатты сөзді жиі 
қолданған. 
Ер адамға қатысты мінез атаулары. Қазақ мәдениетінде ер адамды 
түздің адамы ретінде санап, оны ешқандай үй тіршілігіне араластырмай отбасын 
асыраушы ретінде қараған. Көшпелі қоғамның тағдырында ер адамдарымыз 
отанын ойлайтын ұл, өнегелі әке, жерін қорғайтын батыр, халқына ақылшы 
ақсақал болған. Сондықтан да, халқымыз ер адамды әйелден бір саты жоғары 
санап, ер адамдарға ерекше құрметпен қараған. 
Кесте 4 – Қазақ тіліндегі ер адамға қатысты атаулар. 
Ер адам 
ер бала, жеткіншек, жігіт, әке, ата, аға, іні, жезде, 
бажа, ақсақал, батыр, күйеу бала, қайын аға, қайын 
іні, қайын ата, бауыр, шал, ер адам, еркек жынысты 
адам, отағасы, шаруабасы, шаңырақ иесі, ел 
қорғаны, ер азамат, еркек кіндік. 


111
Ер адамның дәстүрлі ортадан алатын орнын көрсететін мақал-мәтелдеріміз 
де баршылық. Халқымыздың: «Ер барда – ел қор болмас» деген мақал 
жолдарынан, ер адамның отан алдындағы, отбасы алдындағы жауапкершілігінің 
үлкендігін аңғарамыз.
Ұлттық дәстүрімізге сай қазақ халқында ер адам мінезі: сабырлы, ұстамды, 
уәдесіне берік, намысшыл, ер жүрек және т.б. болып келеді. Қазақ халқында ер 
бала мінезіне қарата көптеген мінез атауларын қолдана білген. Осы орайда біз 
«Қазақ әдеби тілінің сөздігі» он бес томдығы бойынша ер адамға қатысты мінез 
атауларын барынша жинастырдық, мысал келтіре отырып мағынасын ашуға 
тырыстық. Ер жігіттің батылдығы мен ержүректігіне қарата: айбарлы, ақиық, 
аламан, арлан, жалын атқан, әндемді, балтажұтар, көзсіз батыр, жанқияр, 
жансебіл, жаугер, көз жоқ, майданшыл, от жүрек, өжет, сайыпқыран және т.б. 
атауларды қолданған.
Мысалы: Өсті батыр тұлғалы, Жолбарыстай қарулы, Қырандайын қырағы, 
Арыстандай айбарлы (Жамбыл, Шығ. жин.). Мұнда ер адамның батырлығы мен 
ер жүректігіне айбарлы деген мінез атауын қолданып отыр. Қармыстың 
батырлығында шек жоқ. Қармыс – асқан батыр. Бірақ Қармыс – аламан батыр. 
Екі жүз елу жәумет – жаман ниетті аламан, Қармыс – жақсы ниетті аламан. Екі 
жағының құлқында айырма аз (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). Рысқұлқанша аламан 
болса да, он солдаты ойсырату оңай шаруа емес қой (Ш.Мұртаза, Жұлдыз.). Бұл 
жерде ер ада батырлығына аламан деген сөзді қолданып отыр. Таласа екі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет