Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


 Қазіргі қазақ дискурсындағы мінез атауларының жиілігі



Pdf көрінісі
бет71/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   348
18.08.2023 dis

2.4 Қазіргі қазақ дискурсындағы мінез атауларының жиілігі 
Диссертациялық зерттеуді қолға алғандағы бір мақсат қазіргі қазақ 
дискурсындағы мінез атауларының қолданысын белсенді ету жолдарын 
қарастыру болатын. Күнделікті сөйлеу тілі мен жазба тілде кездесетін мінез 
атауларының жұтаңдығы, ол ұғымдарды беретін сөздерді көбінесе орыс тіліндегі 
атаулар алмастырып кететіні белгілі. Қазақ тілінде адам мінезін сипаттайтын 


113
атаулар, сөздер, тіркестер, мақалдар, мәтелдер, прецеденті мәтіндер бар екенін 
және біршама екенін біле отырып, орыс және басқа тілдегі мінез атауларын 
қолдана салатын жағдай күнделікті сөйлеу тәжірибемізден жиі байқалады. 
Дегенмен жазба тілде ауызша тілге қарағанда мінез атаулары біршама 
қолданылады. Бірақ қандай сөздер қолданылады, және қандай сөздердің 
қолданылуы жиі? деген сауалдар айналасында нақты жауап беру үшін деректі 
ақпараттарға сүйену үшін 2016 жылы жарық көрген «Жалпы білім берудегі қазақ 
тілінің жиілік сөздігінің» материалдарына қарап көрдік. Өйткені сөздіктің 
жауапты редакторы Анар Фазылжан бұл еңбектің осы типтегі сөздік жасаудың 
озық тәжірибесінесүйеніп, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 
ғалымдарының жасағанын, жалпы саны 1000-ға жуық грамматикалық 
омонимдер мен кейбір омографтар ажыратылған, мәтіндік базасы мектеп 
оқушысының күнделікті қоғамдық және тұрмыстық өмірінде коммуникацияға 
түсуі мүмкін түрлі дискурстағы мәтіндердің 7 миллионнан астам сөз 
қолданыстан тұратын ауқымды көлемін қамтыған алғашқы тілтанымдық 
лексикографиялық еңбек екенін айтады [101].
Сөздіктегі қазақ тілінің бес стилінен (ғылыми стиль, көркем стиль, 
публицистикалық, ресми-іскери, сөйлеу) және әртүрлі стильден теңгеріммен 
жинақталған ортақ мәтіндер базасынан алынған 36265 бірліктен тұратын 
негізсөз сөзтізбесінің жиілікті-әліпбилі түрінен мінез атауларының жиіден сирек 
қолданысына қарай орналастырыла сөздерді теріп алдық және жақша ішінде 
сөздің кездесу жиілігін бердік. Ең жиі қолданылған жақсы (8118) деген сөз 
болды. Одан кейінгі сөздер бұл сөзден екі есе кем қолданылады, дегенмен 
қолданысы бар: қатты (2995), көркем (2135), білімді (2081), ашық (1889), қиын 
(1702), тұрақты (1599), адал (1566), тура (1566), жаман (1459), қарапайым 
(1433), еркін (1250), жан-жақты (857), белсенді (824), шынайы (809), күшті 
(798), зиялы (702), жауапты (660), әділ (620), сенімді (598), жомарт (523), 
ақылды (509), әдепті (488), іскер (480), батыл (477), өткір (443), жайлы (407), 
дана (389), батыр (388), мұқият (366), саналы (364), қалыпты (355), талантты 
(354), қатал (353), жұмсақ (352), ізденімпаз (344), сауатты (321), түзу (319), 
ұлтшыл (319), жағымсыз (296), жағымды (293), көңілді (293), ойшыл (269), 
жетік (262), қуатты (234), әлеуетті (232), қорқақ (230), тәртіпті (229), 
мейірімді (226), беделді (219), қырсық (214), ерке (202), қайсар (196), білгір (179), 
пәле (172), тентек (172), жынды (170), алғыр (166), сыпайы (165), сүйкімді (164), 
әділетсіз (160), момын (156), салмақты (150), жалқау (144), тапқыр (143), 
білікті (133), қатыгез (133), жауыз (129), сыйлы (128), талапты (126), жүректі 
(122), оңбаған (122), қырағы (121), қайырымды (118), ержүрек (114), өжет 
(113), қаһарлы (112), мінезді (112), кемеңгер (111), ұнамды (111), тұйық (105), 
текті (103), кәсіпқой (101), табанды (100), зерек (98), жағымпаз (97), білімсіз 
(96), еңбекқор (96), бұзық (91), сараң (90), сорақы (90), сұм (90), ұлтжанды (90), 
қырсықты (89), пысық (85), сабырлы (85), шыншыл (81), тиянақты (79), 
сезімтал (77), ұяң (76), еңбексүйгіш (75), қайратты (75), мақтаншақ (75), 
айлакер (74), жайдары (74), салиқалы (72), байсалды (70), жаңашыл (70), 
жинақы (70), озбыр (70), айбынды (69), қонақжай (67), арсыз (66), жексұрын 


114
(66), ынталы (66), дарқан (65), дүлей (65), зерделі (63), зұлым (62), бейқам (60), 
жалынды (60), білгіш (59), еріншек (59), икемді (59), ақкөңіл (57), арлы (55), 
ширақ (54), долы (52), аңғал (50), жайсаң (50), отансүйгіш (50), сотқар (50), 
содыр (46), әдепсіз (45), ақылсыз (43), сайқал (43), опасыз (42), күншіл (41), 
сыншыл (41), иманды (40), кішіпейіл (40), маңғаз (39), мейірбан (39), намысты 
(38), салғырт (37), мылжың (36), өрелі (34), байыпты (33), момақан (33), әлжуаз 
(31), алдамшы (30), көргенді (28), қызғаншақ (28), қыңыр (26), сұрқия (26), 
тәлімді (26), ынжық (24), инабатты (23), паң (23), шайпау (23), ділмар (22), 
зорлықшыл (22), қиялшыл (20), талғампаз (20), елгезек (17), жасқаншақ (17), 
құлықты (17), тақуа (17), ымырашыл (17). 
 
 
Сурет 4 – Қазіргі қазақ мәтіндерінде жиі қолданылған мінез атауларының 
салыстырмалы кестесі 
Мұндағы мінезге ғана қатысты болмайтын, екі не үш мағынасы бар жақсы, 
қатты, көркем, ашық, қиын, тұрақты, тура, жаман, қарапайым, еркін сияқты 
жиілігі жағынан алдыңғы орындарда тұрған сөздерді ескере отырып, қарағанда 
қазіргі қазақ шаршысөз, көркемсөз, ғылыми сөз, ресми сөз стильдерінде осындай 
бейтарап мағыналы сөздер жиі қолданылатыны белгілі болды. Кездесу жиілігі 8 
мыңнан басталған жақсы атауынан бастап кездесу жиілігі 17 ғана болатын 
ымырашыл атауына дейінгі аралықтағы сөздердің ішінде жағымды деп 
бағаланатын мінез атаулары 117 сөз болды. Олар мыналар: жақсы (8118), көркем 
(2135), білімді (2081), ашық (1889), тұрақты (1599), адал (1566), тура (1566), 
қарапайым (1433), еркін (1250), жан-жақты (857), белсенді (824), шынайы 
809
824
857
1250
1433
1459
1566
1566
1599
1702
1889
2081
2135
2995
8118
0
1000
2000
3000
4000
5000
6000
7000
8000
9000
ШЫНАЙЫ
БЕЛСЕНДІ
ЖАН-ЖАҚТЫ
ЕРКІН
ҚАРАПАЙЫМ
ЖАМАН
ТУРА
АДАЛ
ТҰРАҚТЫ
ҚИЫН
АШЫҚ
БІЛІМДІ
КӨРКЕМ
ҚАТТЫ
ЖАҚСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет