108
бастап, оның жүріс-тұрысы, киім киісі, мінез-құлқына шектеулер салынып, еріне
бой ұсынған.
Қазақ халқында келіннің мінез атауларына байланысты көптеген атаулар
кездеседі. Және осындай мінез атауларына келіндеріміз сай болған. Біз «Қазақ
әдеби тілінің сөздігі» онбестомдығы бойынша
келіннің де мінез атауларын
жинастырдық. Сонымен қатар келіннің әлеуметтік өміріндегі түрлі жағдаяттарға
байланысты да сипаттама атауларын жинастырдық, мысалдар жазып, мағынасын
ашуға тырыстық.
Жас келін мінезінің тектілігі мен тәрбиесіне қарата:
сәлемшіл, сыпайы,
сыпайылау, сыпайырақ, мінезі текті, тектік, ілтипатты деген атаулар
қолданған. Мысалы: Желігі басылмай жүрген неткен жан!
Сәлемшілін қара
өзінің! (С.Бақбергенов).
Мұнда баршаға сәлем беріп, амандасатын сәлемшілдігі
жайлы айтылады. Қоршаған көпшілікпен ол өте с
ыпайы, жұмсақ дауыспен
амандасты (С.Мұқанов, Менің мектеп.).
Бұл жерде әйел адам бойындағы ең
қажетті мінез сыпайылық жайлы айтып отыр. Сіздей шортан тілемейміз,
Сыпайырақ болыңыз, – дейді Гортензьо Катаринаға (М.Әуезов, Шығ. жин.).
Бұл жерде сыпайы мінез туралы айтылып тұр. Тектік – тектілік.
Бұл жерде
қазақ халқының келінге беретін мінез атауының ең жоғары бағаланатыны
тектілік туралы айтылып тұр. Ал тазалығы мен ұқыптылығына қарата
тастұйнақтай, құнтты деп атаған.
Қазақ халқының дәстүрлі отбасында келіннің орны ерекше. Қазақ «Келіні
жақсы үйдің керегесі алтын» деп бекер айтпаған. Келін – өзінің ашық-жарқын
мінезімен, кішіпейілдігімен, пысықтығымен, тектілігі мен тәрбиесімен сүйкімді.
Достарыңызбен бөлісу: