Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет85/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   348
18.08.2023 dis

ӘЗІЛҚОЙЛЫҚ (19): әзілдегіш, әзілкеш, әзілқой, әзілқұмар, әзілшең, әзілші, әзілшіл, 
күлдіргіш, күлегеш, күлешек, күлкішек, күлкіші, күлкішіл, күлімпаз, қалжыңбас, қалжыңқой, 
қалжыңшыл, қу тілді, қуақы. 
ИМАНДЫЛЫҚ (19): діндар, діншіл, ибадатты, ибалы, иманды, иманжүзді, иманмен 
қаптап қойғандай, иманы бетінде үзіліп тұрған, иманына берік, қанағатшыл, құдайшыл, 
мінажатшыл, намазқой, намазшыл, нысапты, тақуа, тәубешіл, шүкірлік еткіш, шүкіршіл. 
ШЫНШЫЛДЫҚ (19): ақ, ақиқатшыл, алақолсыз, әділ, әділетті, әділетшіл, бәріне 
бірдей, кіршіксіз, қара қылды қақ жарған, мінсіз, пәк, сенімді, таза, тура, турашыл, тік, 
үзеңгісін тең басқан, шынайы, шыншыл. 
ЖАЙЛЫЛЫҚ (17): байпаң, бал мінезді, жайдарлы, жайдарман, жайдары, жайқар, 
жайлы, жайраң, жайсаң, жаны жайсаң, жылы шырайлы, жібек мінезді, майда қол, мінезі 
жайлы, мінезі жұмсақ, мінезі майдай, үйек. 
ШЫДАМДЫЛЫҚ (17): ақпан соқса да өлмейтін, тоқпан соқса да өлмейтін 
(шыдамды), дәті берік, жанкешпе, жанкешті, жансебіл, жаны берік, жаны сірі, көнімпаз, 
табанды, тағатты, тауанды, төзгіш, төзімді, төзімпаз, төзімтал, төзімшіл, шыдамды.
ЖАҚСЫ (15): алды бар, арты жоқ, асыл жүректі, ашусыз, аялы, жақсы адам, жақсы 
мінезді, жаманшылығы жоқ, жаны жайсаң, жібі түзу, зілсіз, кексіз, мінезге бай, мінезді, тез 
қайтатын, ызасыз. 
СЫЙЫМДЫЛЫҚ (14): бүйірлі, ел-жұртқа жағымды, жағымды, жағымтал, 
жарасымды, жұғымды, қадір тұтқыш, қастерлегіш, құрметтегіш, сый-құрмет көрсететін, 
сыйлағыш, сыйшыл, сыйымды, үлпетті. 
КЕҢПЕЙІЛДІЛІК (14): алды кең, бейғам, дүниеге кең, ежекті, етек-жеңі кең, кенен, 
кең қолтық, кеңпейілді, кешірімді, кешірімпаз, кешірімшіл, қайтымды, пейілді, пейілі кең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет