БАЙСАЛДЫЛЫҚ (57): аузына берік, ауыр мінезді, бажайлы, байлы, байсалды,
байымды, байыпты, байыпшыл, байырқалы, бапандай, басалқы мінез, басалқы, басалқылы,
басбақыл, басбілгі, басыңқы, батпанақтай, берік, бұқыл, бірқалыпты, бірмінез, бірмінезді,
бірсөзді, біртоға, дітіне берік, етінен ет кессе де мыңқ [былқ] етпейтін, жаны үлкен, жер
қозғалса, қозғалмайтын, қазақы мінезді, қасалықты, мойсапыт, мінезі ауыр, орнықты, өзіне-
өзі сенімді, пайымды, парасатты, парасатшыл, парықты, рухы жоғары, сабаз мінезді,
сабырлы, салдарлы, салиқалы, салқынқанды, салмақты, салуалы, сардарлы, сенімді, сенімпаз,
сөзге сараң, табанды, тағайынды, тұйық, тұрақты, ұстамды, үстінен түйе өтсе де былқ
етпейтін, фаһімлі.
БІЛІМҚҰМАРЛЫҚ (49): ақылды, білгір, білгіш, білермен, білмір, білікті, білімдар,
білімді, білімқұмар, білімпаз, біліскер, ғылымпаз, даңғыл, жан-жақты, зейілді, зейінді,
зерделі, көзді, көзі ашық, көзі қанық, көкірегінде көзі бар, көп білетін, көп оқыған, қарақты,
құймақұлақ, ойлампаз, ойланғыш, ойлы, ойшаң, ойшыл, оқымысты, өзіне де, өзгеге де
талапшыл, саналы, сарапшыл, сауатты, сұңғыла, талабы таудай, талап еткіш, талап
қойғыш, талапты, талапшыл, тыңдағыш, ұмтылғыш, үйренгіш, үйреткіш, үйретімпаз,
іздемпаз, ізденгіш, ізденімпаз.
ШЕШЕНДІК (34): айтқыр, айтқыш, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін,
әңгімеқұмар, әңгімешіл, ділмар, ділуар, жез таңдай, кеңесімпаз, көп сөйлегіш, орақауызды,
оттілді, сайрауық, сөзге жүйрік, сөзге шебер, сөзгер, сөзден мүдірмейтін, сөзуар, сөзшең, сөзі
өтімді, сөйлегіш, сөйлемпаз, сөйлескіш, сөйлеуік, сужұқпас шешен, суырып салма, сылдыр
көмей, тақылдағыш, тақылдақ, тақылдауық, тіл тапқыш, тілмар, тілінен бал тамған,
шешен.
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ (33): адамгершіл, адамжанды, адамшыл, ашық райлы, аяғыш,
есіркегіш, ет-жүрегі елжіреген, жанашыр, жаны ашитын, жәбірсіз, зәбірсіз, қайырымды,
қайырымшыл, қайырымы бар, қайырымы мол, марқабатты, мейірбан, мейірбанды,
мейірбаншыл, мейірқанды, мейірлі, мейірі [көңілі] түскіш, мейірімді, мейірімшіл, мүсіркегіш,
өңі жылы, рақымды, рақымшыл, сақуатты, фазылатты, шапағатты, шапағатшыл,
шарапатты.
Достарыңызбен бөлісу: |