Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ҚОСЫМША А  Қазақ ұлтының танымындағы жағымды мінез атаулары  АҚКӨҢІЛДІЛІК (97)



Pdf көрінісі
бет81/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   348
18.08.2023 dis

ҚОСЫМША А 
Қазақ ұлтының танымындағы жағымды мінез атаулары 
АҚКӨҢІЛДІЛІК (97): адал ниетті, адал, айласыз, ақ көйлек адам, ақ, ақжарқын 
мінез, ақжарқын, ақжелең, ақжүрек, ақжүректі, ақкөкірек, ақкөңіл, аққа құдай жақ, ақниет, 
ақниетті, ақпейіл, аласыз, алғаусыз, алды кең, аңқылдақ, аппақ, арамдығы жоқ, ары таза, 
аузын ашса жүрегі көрінетін, аузын ашса, іші [көмейі] көрінетін, ашық жүзді, ашық қайың, 
ашық мінезді, ашық райлы, ашық, ашық-жарқын, бала көкірек, бала мінезді, барын айта 
салатын, біреудің ала жібін аттамаған, бүкпесіз, даңғал, дарқылдық, дарылдақ, елгезек, 
елжірегіш, елпілдек, жайдарлы, жайдары, жайқар, жайлы, жайраң мінез, жайраң, жайсаң, 
жарқылдақ, жарқын жүз [жүзді], жарқын, желғабаз, желтабан, жүзі [өңі] жылы, жүзі 
жарқын, кексіз, кекшіл емес, кенен, кең жүрек, кең қолтық, кең мінезді, кеудесінде инедей 
кірбеңі жоқ, кешіргіш, көйлек жыртпас, көңіл жықпас, көңілі бос, көңілшек, күшігін аузымен 
тасығандай, қабағы ашық, қулық-сұмдығы жоқ, қулық-сұмдықты білмейтін, құлқы таза, 
лепілдек, марайма, мінсіз, өрелі жігіт, пейілді, пейілі ашық, пейілі таза, пәк, риясыз, саудыр-
садақ, судан тұнық, сүттей ақ [судай таза], сүттен ақ, судан таза, сыр мінез, сыралғы, 
сырбаз, таза, терісі кең, тетігі аузындағы кісі, тілалғыш, үмітшіл, халис, хәләл, хошуақ. 
БАТЫРЛЫҚ (75): адуынды, айбарлы, айбатты, айбынды, айдынды, аламан, албырт, 
албыт, алмастай өткір, арыстан жүректі, әндемді, әнжемді, батыл, батымды, батыр, 
бетті, бірбеткей, дүмді, дітіне берік, ер көңілді, ерек, ержүрек, еркек мінез, еркөкірек, 
жанкешпе, жанкешті, жанқияр, жаугер, жаужанды, жаужүрек, жаутүсіргіш, жойдасын, 
жойыт, жүрегінің түгі бар, жүрекжұтқан, жүректі, жылан жұтқан, көз жоқ, көзсіз 
батыр, көзінің[-де] оты бар, көкжал бөрі[-дей], күшті, қадалған жерден [жерінен] қан 
алатын, қажымас, қажырлы, қайратты, қайсар, қайтпас қайсар, қайтпас, қайыспас, 
қарағайдың қарсы біткен бұтағындай, қас батыр, қасқыр жүрек [-ті], қауға тиген өрттей, 
қаһарлы, қырау қабақ, мықты, от жүрек, от көзді, өжет, өржүрек, өркеуде, өрмінез, 
өрмінезді, өршіл, өткір жүрек, өткір, салқам, табаны жаудан таймаған, тастүйін, 
тәуекелшіл, тепсе темір үзетін, тік мінезді, тік, шер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет