Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Құлшылық құпиясы немесе Құраннан үзік бір сыр


Керуенші ата жолының сарбаздарына насихат



бет6/6
Дата19.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#147995
1   2   3   4   5   6

Керуенші ата жолының сарбаздарына насихат.

(Астарлы ақиқат)

Кеш мезгіл, келе жатты екі кісі, Өшігер олар қайта мұнан жаман,

Сөйлесіп, кеңесерлік болып ісі. Тыймассың кесек атып, лақтырып.

Арсылдап бір ит шығып қақпа астынан, Үндемей жайымызға жүре берсек,

Бөлінді екеуінің әңгімесі. Өздері қояр әлі үріп-үріп.

Жүгірді және бір ит соны көріп, Бұл сөзді екеуі де қабыл етті,

Артынан тағы ит шықты оған еріп. Иттерден қырық елудей қадам өтті.

Жиылды сол арада қырық елу ит, Басылып бірте бірте дауыстары,

Бірінің даусын естіп, бірі келіп. Кешікпей алды-алдына тарап кеті.

Біреуі жүргіншінің сонда тұрып, Тағы да бір сөз айтар келді ретім,

Ойлады қуалауға таспен ұрып. Жаратқан түрлі мінез құдіретім!

Жолдасы жанындағы оған айтты: Біреудің малын яки бағып күндеп,

Қарама, не қыласың мойын бұрып. Күншілдер жоқ па шулап итше үретін.

* * * * * * * * *

Күндесін, шуылдасын, қылсын өсек,

Етпелік сөйлеп жүр деп сөзін есеп.

Иттердей үріп-үріп тарап кеткен,



Қояды шулап-шулап, үндемесек. (Міржақып Дулат ұлы.)
Қылықтар нәтижесіне рухтың жауабы.
Қандай да жаратылыс болмасын сыртқы ішкі әсерлер салдарынан әлсіздерді әлділер, ауруды басқа бір тіршілік егесі, ал пенде баласының немесе сол өмір сүрген қоғамныңда, ортасында, сондай дәрежеде өзгеріске ұшырап отыратынына көзіміз жетпейді, себебі күрделі және ақылмен болжанбайды. Құран аяттарына жүгінсек «Ғанкәбүт» деп аталып «арна» (оқпан) деген мағынаны білдіреді. Өткен басылымда есеп жүйесін баяндап өткенмін, енді қысқаша мағлұмат беріп өтсек. Алла тағаланың жер бетіндегі екі сипатына байланысты адамзатқа екі құпия қасиет белгісін жазып қойған. Бірі уақыт болса, бірі ден саулық. Екеуін тең ұстауды міндеттеген. Сонан барып жан теңдігі қалыптасады. Сол теңдік бұзылса, жазасын да себеп қылып, жаратып қойған. Ден саулыққа мән бермесең, уақытың қысқарып, өлім жетер, ал уақытыңды қалай болса солай пайдалансаң, ден саулықтан айрыласың да өлімді шақырасың. Сондықтан да әрбір пендесіне тіршілік ету барысында білмей істелетін, қателіктермен күнәларды жеңу үшін әрбір пендесіне ерекшелік қасиет белгілерін де, жыныстық белгілерін де жаратып, соған қарсы қосымша несіп, сыйға сынақ белгілерін бекітіп қойған. Енді тек өзің шеш, не ісетегің, немен айналыссаң да ерік берііп, бәрібір есебін бересің өлім арқылы және адмзат бір бірімізге тәуелділікте, себептермен байланып біртұтас өмір деген клеткалардың ішінде тіршілік етеміз де Алланың тәнін құраймыз. Сол біз тұратын ірілі уақты клеткалар жүйесіне 9 түрлі сынақ бар. Қазақ жеріне 9 түрлі сынақ болса, әр пендеге 30 түрлі ауру бар, сөзге байланысты, тағы қылыққа байланысты т.б 9-ға түрленіп санын есебін біле алмаймыз. Ал сезімнің саны 19 және жұбымен 38 болып сонша түрлі жан жүйке ауру болады. «Шизофрения» дегеніміз осы 19-тілдік, ақпарттық байланыстың толық істен шығуын көрсетеді. Негізінен ауру екі топқа бөлінеді бірі сөзден, бірі нәпсіден, қылықтан. Сондықтанда пайғамбарымыз; «Адамдарға екі мүшесіне еге болу керек бірі екі еріннің арасы. Бірі екі аяқтың арасы, бүкіл қайғы қасірет осы екі мүшеден келеді» деп қатаң ескерткен екен. Ешқандай да пендені жазықсыз жазаламаймын, көпшілігін күнәларын кешірем, жамандыққа сондай жамандықты тартасың, ал істеген ізгі жақсылығы болса 10 есеге көбейтемін деп, ал кейбіреулерін жазалар алдында бар мүмкіндік есіктерін ашып қоямын деген уәде бар аятта Раббымыз. Сол есіктер қазаққа қазіргі таңда ашылды да еркіндігімізді сезінгендігіміз сонша, Алла тағала түсірген заңдылықтарды түземек болып, әуреге түсіп және біразын өз ойымызға, өзге жұртқа сәйкестендіріп түзеп тастадық та. Ақиқат бастауының екінші кітабында жазылғандай құрбан айының басталуымен, алғашқы он күндігене сәйкес; желтоқсан айының 22 ші жұлдызы мен қаңтар айының 19-шы жұлдызы арасында жер жүзіне белгі қамшы түсетінін бір жыл бұрын есебін бергенмін. Сол қамшы Алматы қаласымен басталды, европа мемлекеттерімен аяқталды. Ақпан айының аяғында Астанаға ескерту беріледі деп көрсеткенмін, құдайға мыңда бір шүкір ол ескерту тек темір жолға келіп, Алматы қаласымен екі ортада болды. Неге жолға? Алматы мен Қарағанды темір жолында болған ескерту қараша айында Қарағанды қаласында базар мен, спорт кешенінін өртенуімен аяқталды. Сол сияқты Англия мемлекетінде де салынып жатқан спорт сарайы өртеніп кетті. Америка елінде «голф» спорт алаңынан бастап 1000 шақырым жер өртке оранды. Германия да сол сияқты әлемдік футбол ойыны кезінде аспаннан ірі бұршақ жауып көліктердің, үй әйнектерінің қирауы болса жыл өтпей спорт кешенін қар басып құлады да бір жылдан соң су апаты болды. Орыс елі көршіміз жылына екі рет халықтық аза күнін атап өтуді міндетке айналды. Мүмкін бәрі де кездойсоқ шығар-деп ойласаңыз? Онда алдағы, болашақтағы елімізде болатын сынақтарды күтейік. Болашақта шымкентегі балардың қан ауруымен болған жағдай адам ақылы жетпейтіндей елімізде әйтеуір бір қалада тағыда қайталанады. «Біз жаратқан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылы атқаратын топ бар» «Тағы да оларға мұрса беремін. Әрине шараларым да қатаң». (Ағраф-181,183). Туралыққа түсіңдер деп хикметпен үкім келгеннен кейін, өз ара көре алмастық болып, артынан қатаң шаралармен ескертенін, елге келген адам өлімімен аяқталатын сынақтарға ақылмен қарауды ескертеді. Былтырғы 2006 жылы жаз айларында үй қабаттарының жалпы биктігі; 25-27 ден аспауы керек деген ескерту түскен, бірақ мән бермеген едім, жуықта Дубай қаласының сол 27 қабатқа дейін жанып кеткенін көрдім де, мүмкін биік үй салып жарысып кеткен қалталылар ескерер, болашақта қанша адамның обалына қалмас үшін. Астана қаласында да осындай биік ғимараттарға ескерту түскеніне қарамастан әлде де биіктетуге жарысып жатыр. Неге Америка еліндегі әлемдегі биік ғимаратқа ұшақтар соқтығып қиратылды? Сол үлкен белгіден кейін Америка құрлығына қаншама азап қамшысы жауды? Енді әлемде осындай белгілі мерзіммен от апаты, су апаты үздіксіз қайталанып еркіндіктен бас тартып Алла тағаланың алдында жауап беретінін әрбір пенде баласына ұқтырғанша жалғаса бермек. Сол сияқты Түркия, Англия мемлекеттеріне үлкен апат белгісі түсіп жатыр. Бірі исламнан қашықтаса, бірі християннан алшақтады. Түркия мемлекетінде орамал тартуға тыйым салынғаннан кейін 3 күннен кейін алтын қоймасы жанып, асылыңнан айрылдың деген белгі түсті. Аталарымыз «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» дегені бекер емес ау. Енді тура бір жыл өтісімен сол мезгілде түрік елінде мамыр айында өзінен-өзі үй құлап 30 адам мерт болды. Енді 2008 жылы дәл сол мезгілде апат болып, әрі қарай азап қамшысы жауады және түрік елдерінде соғыс т.б сынақтарда болуы ғажап емес.. Сол сияқты Англия мемлекетіне бір жыныстылар арасына ұлықсат берілгеннен кейін 3 күн өткенде мұнай қоймасы жанды. Аспаннан бір дауыс келіп, сосын жарылыс болғанын естіп, көргендер бар. 2007 жылы дәл сол уақытта су апаты болып, келесі жылы тағы қайталанады да әрі қарай нәтиже шықпаса азап қамшысы басқалай жауатыны сөзсіз . Сол сияқты еркіндікті аңсаған бүкіл европа еліне, біріне ойынға, біріне ойға шексіз мақабат құмарлыққа ескертулер түсіп жатыр. Ал қазақ еліне де ерекше белгі түсті! Түсініп қабылдасаң бақ қарсыласаң сор. Бұл сынақ енді әрбір әулеттің мейлі дін танушы болсын мейлі ғалым, мейлі патша бол, дәулетің тасып бай бол, бәріне сынақ ескерту беріліп жатыр. Тек бәрін білімен болжауға үйренген пендеге беймәлім құбылыс. Оны көршіден немесе бір бірінен, дәрігерлерден, емшілерден, биліктен, патшадан деп түсініп солай түсіндіріп жатырмыз. «Егер бастарыңа қиындық, қасірет келсе оны ешкімнен көрмеңдер, өздеріңнің қол екі істегендеріңнен деп біліңдер» деп ескерткен аятта. Негізінен сынақтар мерзімінің екі санау жүйесі бар. Күндік және айлық мерзімге бағынса, жұлдыздарға байланысты тағы екі түрлі мезгілдік сипаты бар. Жалпы Құранда ескертілген сынақ белгісі 9 санын береді және 9 пайғамбар мысалымен ерекшелік белгісі бар. Алла тағаланы қадірлемеу және қастерлемеу болып апат белгілері 2 түрлі болып ескертіледі. 9+9=18 екі рет қайталанып соңғы нәтиже 36 санымен немесе 3 жылда ірі белгі болмаса ажал түсіп тұрады. Мұқият болыңыз 18 саны ғылымда «сорос» қайталау ұғымын беріп, Құран аяттарында да белгілі тұрақты ұғыммен байланысты және сызықтық шамасы да бар. (Алдыңғы басылымдарда дәлелдер бар.) Қазақ еліне сол апаттарды Алладан сұрап тоқтатып, дүние жүзіне үлгі болып, басқа елдерге құтқарушы болуға мүмкіндікте беріліп отыр. Бірақ оған дейін әбден түсінгенше, ғалымдарымыздың да, биліктегілердің де басын қатырып, шығындарға бастайтын түрлі аурулармен апатармен сыналамыз. Тек Аллаға жалбарынып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бұрынғы салт дәстүрді табалмасақ, талай қандастарымызды ахиретке есеп беруге шығарып саламыз. Айрылып та жатырмыз. «Тағы Біз әрқандай бір кентке елші жіберсек, олар жалбарынсын деп тұрғындарын таршылық, қиыншылыққа ұшыраттық. (94) Сонан соң жаманшылықты жақсылыққа ауыстырдық. Тіптен артылып та кетті де; «Аталарымызды басына да таршылық кеңшілік келген екен» десті. Сондықтан оларды кенеттен қолға алғанымызды өздері де білмей қалды.» (Ағраф-95) Қазақ халқына бақ құсы қонды, елші де келді Алла тағаладан. Ол өмірден өткен ата бабаларымыздың сынақтардан сынбай өтіп, «Құдайсыз қурай сынбайды» деп жерін қорғап басқа елге көз алартпай, «Қызға қырық үйден тыйым салып» (Алдағы басылымда ғылымы есебін көрсетеміз.) «Жер дауы мен жесір дауын» шеше біліп, еркіндік пен жауапкершіліктің арасын айыра білгендіктен, берілген сый. Ешқандай бақ өзінен өзі кездейсоқ берілмейді және жауапсыз қалмайды. Батпандай салмағы бар. Дүнисі көп немесе тамағы тоқ, ешқандай уайымы жоқ қазақ, жоқ бүгінгі таңда. Ас көп болса асқазан қорытпайды, ақша көп болса, бірақ жүректі жылытпайды. Бәрі бар бірақ берекеті жоқ. Бұл қазаққа келген кіші сынақ. Үлкені алда тұр, о,ан дейін дүниені көбейтіп, осылай бәрін ақшамен бағалап сатып аламыз деген сенімге келгенше жаратқанның жақсылығымен сыналамыз . Сосы өзіміздегі бақты бағаламай қарғысқа, лағнетке қаламыз. Себебі бұл ақыл жұмсамайтын ессіз, мақтаншақ басшылары бар елдерге берілетін тағдырдың ойыны. Оған дәлел аятта; «Тағы Біз әрқандай бір кентке елші жіберсек, олар жалбарынсын деп, ол жердің тұрғындарын таршылық, қиыншылыққа ұшыраттық.» Бар арап нәсілді ғұлама жиналып құрандағы «Біз» деген сөздің құпиясын ашпаған, олда тек қазақта дәстүр болып қалыптасқан. Кім қалыптастырған? «Сонан соң жаманшылықты жақсылыққа ауыстырдық. Тіпті артылыпта кетті де: «Аталарымыздың басына да таршылық келген екен» десті. Сондықтан оларды кенеттен қолға алғанымда өздері де білмей қалды.» (Ағраф-95) Тарихыңа үңіл, бұрында елші келіп, толық мойын ұсынбағандықтан таршылықта өмір сүрген. Енді тағы сол қайталанып тұр, бірақ түсінбесең жақсылықты қабылдап жалбарынбасаңдар жамандықпен сынап, бәрібір мойындатамын, сосын жақсылықты үйіп төгіп артық қылып беремін. Егерде қайта сол әндеріңе бассаңдар, апат жіберемін деп ескертеді. Бұл аят әр адамның жеке жан ұясынан бастап, мемлекет тағдырына да байланысты. Сол елшілер келгенін ескерту үшін әлем халқына сынақ түсті. Оған енді нақты дәлел айғақ келтірсек; 2007 жылы желтоқсан айының 11-ші жұлдызының 12-ші түнінен бастап қаңтар айының 9-на дейін жер бетінде әр түрлі ескерту сынақ апатар болады. Жылда ол құрбан айында қайталана бермек. Әсіресе алғашқы 10 күні қауіпті. Құранда елшілер түсуінің белгісі болып ескертілген. Тек қазақ елінің ғана Алланың хикметін түсініп мойын ұсынып, түсірілген аманаттарды орындағандар үшін бастарына ерекше бақ қонып, түсінбегендер үшін әртүрлі азаппен, сор болмақ. Бұндай әлем дініне келген сынақтардан енді ешқандай арапта, түрікте, өркенниетті ел атанған елдердің ақылы, ақшасы да, мәдениеті де құтқара алмайды. Алладан ешқандай құтқарушы жоқ, егерде ашық дәлелге мойын ұсынбасаң. Менен Мұса пайғамбар құсап тікелей сұрап жүрмеңдер деп ескерткен аятта.. Сондықтан қазақ әуелі өзімізді, шежіремізді ата дінімізді таниық! Және жаратқаннан жер кезіп, Алланың қадірінен қалай сұрауды қайта қалыптастырайық. Ол үшін құран үгітін меңгерейік, құдайға шүкір араптанда, мұсылман елдерінің қайсысынан да таңбамыз да сөзімізде ұзын, артық. Сонда: Молда құранды меңгерсе, тау асып сөз тасымас еді, онда қазақ «Баламды молдаға беріп кәпір қылдым» демес пе еді?. Ғалым құранды түсінсе, арзан сөзге алданбай елді жақсылыққа бастамаспа еді. Дәрігер құранды оқыса, өзі емдеген аурудан өзі де ауырып өлмес еді?. Әйелдер құранды түсінсе, қызымыз көргенді болып, ер қадірі артпаспа еді?. Ақын намаз оқыса, «Оралың бар да ойна да күл» деп жазбаспа еді? Әкімдер Алланы еске алса, құранды түсініп меңгерсе молдасымен мешітінен салық алмаспа еді?. Ақсақалдар намаз оқыса, пәтуасын түзеп, ұрпағы жатқа қашпас еді?. Саясатшы Құдайдан қорықса, ел бірлігін айтпаспа еді?. Бәрін айта бірін айт Қазағым тапса өз жолын, 14 бір жылды өткеріп, қой үстіне боз торғай жұмыртқалап жатпаспа еді! Еркіндіктің де қарсы сыңары бар ол жауапкершілік! Бірін қаласаң екіншісі кемиді. Еркін өмірді қаласаң жауапершілікті таста. Сыртқы әсетге тәуелді еркіндік сол тәуелділікке құлдыққа түсумен, немесе көз байланып құдыққа түсумен ғана аяқталады. Еркіндік жүректің тыныштығымен ғана бағаланады. Ол тек жаратқанды, өлімді еске алумен ғана нәтиже береді. Ал Аллаға жаққың келсе жауапкершіл бол. Өзіңді өзің шекте, тоқтат, сырлы әлемге сын көзіңді сала біл. Ерден қадір кетсе ел азар, әйелден қасиет кетсе ел тозар. Әйел қасиеті басыменен етегінде. Ер қадірін кетіретін де өсіретін де ішкі сырдың, жанның күтуші бағбаны әйел. Кімді кім қалай күту, сыйлау керек, кімнен кім жоғары тұру керек? Сол ғана жұмбақ, дәстүрін ұмытқан пендеге.
Қиямет немесе адамзатқа ортақ азаптың белгілері

Қиямет деп адамзаттың үйренген қалыптасқан жағдайын Алла үкімімен күрт өзгертуді, басқа бір тосын күтпеген жағдайға өтуді айтады. Өткен кітапта мезгілдік түрлер және сипат есебін келтіргенмін. Әл қиса пайғамбарымыздың кезінде бір кәпірлермен соғыс үстінде Әзіреті Әлі қалқанын түсіріп алып, көзіне түскен темір есікті жұлып алып қорғанған екен жауларынан. Содан соғыс жеңіспен біткеннен кейін, пайғамбарымыз орнына салып қоюды бұйырады сахабаларға. Әлгі есікті жеті, сегіз адам зорға көтеріп орнына қойған екен. Сонда пайғамбарымыз тұрып Әзіреті Әлиге «Рүстем Дастандай іс қылдың» деген екен. Ішінен өзіне-өзі риза болып мақтан кірген ол; «Оларда мен сияқты болған шығар» деп ойға кетіпті. Пайғамбарымыз ойын түсініп, бас шайқап кете беріпті. Әзіреті Әлі түнде түс көріп түсінде қызық бір іс көріпті. Ертесіне сол түсті жорытпақ болып пайғамбарымызға келіпті. Әңгімесін бастатпай-ақ, пайғамбарымыз былай депті; «Түс көрдің, ұзаққа сапар шегіп, түсіңде бір иттің ішінде күшіктері сыртқа шықпай жатып үріп жатыр екен соған таң қалдың. Болашақ менің үмбеттерімде жас балалары өмірді көріп білмей жатып, халыққа ақыл айтатын болады» деген екен. «Сонан кейін алдыңнан кесіп өтіп бара жатқан жыланға таяғыңды тосып едің, таяғыңа оралды, сөйлеп едің қолыңа оралды, айқайладың, мойныңа оралды, амал жоқтан жалындың, сонда ғана жөніне кетті» депті. «Ия солай болды» депті Әзіреті Әлі. «Ол сол заманның әйелдері сондай болады, еркектің жолын кесіп, сөйлесе қолынан қағар, ұрысса мойынға оралар тек жалынып теңдігін, еркіндігін беріп құтыларсың. Сонан кейін бір үйді көрдің, әсемдеп бірінің үстіне бірін қабаттап салыпты, бұл қандай әсем сарай деп ішіне кіріп, сасық иістен шыдамай, қашып шығып құлазыған тамды көрдің сонан шыққан жұпар иіске таң қалып амалсыздан дем алып тынығуға аялдадың» депті пайғамбарымыз. Солай болған – депті сахаба. «Сол менің үметтерімнің тұратын жайлары сондай болар, бірақ дүние соңында жолынан адасар, үйлерінде құран оқылып, Алланы еске алмай сасып ескіден әдетерінен жаңылысады, ал жұпар иіс тек ескі бейітте аталарында ғана қалар. Сонан кейін әсем бақшада сайрап тұрған бұлбұлға қызығып алдында тұрған асына нәжіске таң қалып; «Япырымау бұлбұл да боқ жейді екен-ау дедің». Сол заманның молдалары сөзі керемет, бірақ ісі қылығы мұсылманнан бөлек болар. Сонан кейін бір ақсақалды шалды көрдің, торсығы жерге түсіп кетіп, өңгеріп жіберуге өтініш айтты. Сен көмектеспек болып, үш рет ұмтылып көтермек болдың, бірақ көтере алмадың, ол шал саған миығынан күліп таяғының ұшымен сен көтере алмаған торсықты алдына өңгеріп жүріп кеткен жоқпа?» деп сұрапты пайғамбарымыз. «Ия сондай ұятқа қалдым» деген екен Әзіреті Әлі. «Ендеше сол Алланың атын аңызға айналдырып қалдырған Рүстем Дастанның өзі болар. Кешегі ойыңа Алладан келген жауап, қанша күшті үстем артық бола бер өз замандас қатарыңнан, бірақ бұрынғы өткен бабаларға бәрібір жете алмайсың» деп жауап беріпті пайғамбар. Енді ойланайық, иманды пенде барлық жақсылықты адамнан демей Алла тағаладан деп қабылдау шарт болса, болып жатқан жақсылықтарды теріске шығарып, діннен аталарымыз қателесіпті деп, өзімізді білімді керемет санап, өзге елдің амалына жүгіну надандыққа жатпайды ма екен?Әлде құран аяттарындағы жан есебінің құпия сырларын тылсымнан жалғасын көріп, білмегендіктен емеспе екен?

Қарасай ауданы Алғабас ауылы. ( Кітап болып басылған уақыты 2007 жыл сәуір айы. «Tandem-2» баспасынан басылды)



Басылымға андатпа-түйін сөз. Бұл басылым кітапшаның алдында «Ақиқат бастауы» атты кітаптың екі бөлімі жарық көріп және көптеген басылым беттерінде жарияланбасада басапасөз және телехабар тарту ақпарат орындарына, құзырлы мекемелерге жеке-жеке дін қызметкерлеріне, мүфтият ғалымдарына таныстырылып, табысталып отырғанмен ешқандай жауап та басқалай пікірге шақырған әрекетер де бұл қалай деген сұрақтар да болған емес. Діншілердің, әкім қаралардың және ғалым, философ, психолг ата мамандардың бейтараптығынан онан бері көптеген ата салт дәстүріне, ұлттық дін ұстанымызға заң жүзінде де ақпарттық сөз майданында ашықтай шабуыл ұйымдастырылып, жеңістерін тойлап та үлгірді. Бірақ құдаймен соғысып опа тапқан адамзат тарихында болған емес, керісінше санасы уланған, жалған рухани қарсы күштердің ықпалына түсіп, дінді ертегіге айналдырған тәпсір, үгітердің буына мас болған халқымыз енді қара күштердің қақпанына түсіп, еліміздегі болып жатқан келеңсіз оқиғалармен рухани қақтығыстардың нәтижесі айтпаса да түсінікті. Соған байланысты үкімет басшылары есін жиып «дәстүрлі дінді» қолдау көрсетуге талпыныс жасап жатыр. Әрине ештен кеш жақсы дегендей игі шара болғанмен әуелі сөз түзелмей елді қалай заңмен дінді түзеуге болады? Әрбір танымал нәрсенің өлшемі мен тілін білмей әрекетке барса «боғы шығады». Дінің тілі мен шамасын философиямен, псхологиямен (жан сыры) өлшемесе құр шектегеннен пайда жоқ тек кері ғана әсері бар.Философясы мен ісі жақын жүрген бір-ақ адам бар қазақ елінде, ол-ел басы. Бірақ өкінішке орай ел басымызға діннің тура жолынан, ғылымынан ақыл беретін психология ғылымы да, философтармызда өз сөздерін өздері түсінбейтін, өздерін жаманмен салыстырған жақсылар қатарында. Аталарымыз итті де қарсы оған үріп емес, сүйекпен ұрып үйреткен. Әрбір жандының, қылықтың философиясы мен жан сыры мен қалай тезге салуды кезінде бабаларымыз әлемге үйреткен. Діннің шектеулісін ғана біліп, үнемі толықтырылып отыратын шектеусіз сырын, үнін барымызды, рухани жетістігімізді жоғалтып, таразы басына қоятын сөзінің салмағы жоқ тек діннің дәстүрлік сипаты деп, онда да жаратқаннан әулие бабаларымыздың алғанын емес, араптардан қалғанын яғни дінінің мұсылмандық қарызын жоғалтқан 4-парыздық (қаж парыз емес) рәсімдік сипатын және муфтияттың ұсынған Ханафи әулие үлгісі «фиқһ» ғалымын дайындаудан қазақ елінде дінде қандай жетістік, қандай өнегелі әулие шықты? Дайындаған ғалымдарының ойлары кеміс, шешендіктері теріс, ғалымдықтарының малға шапқан қасқырлығы мен елдің рухын ұрлаған түлкілігі ғана. Масхабты, шариғатты ғана дін қылып онда салтымыз, ғұрпымызды және тозған білімен, өзге жұртан алған әдетімізді не істейміз? Дінің бір тармағын алып оны мемлекетен, ғылымнан бөліп қалған бөлігін дін емес деп, аманатарымыздан қашып, құдайдан жасырынып, өзімізді өзіміз заңмен шектеп алдарқатқатқаннан не шығады? Ғасыр бойы жиналған аманаттардан, күнәдан, қалай ақталып, рухани жүгімізді кім түсіреді? Сыртымызды әдемілеп намаз оқып, қажға барғаннан жүгіміз түсіп, ақыл- ойымыз, рухымыз, санамыз ішіміз түзеліп жүрегіміз тазарып кетеді ме? Жас балаға бәрін тиым салып, орнына мынаны жаса деген дұрыс әрекетті көрсетпесе онан қандай тәрбие, рухани жетіледі? Сол сияқты рухани құндылық жолына ізденіске кірген халық та жас бала сияқты. Әлемде діннің кейбір кесірлеріне тиым, шектеу бар, бірақ орнына ұсынған шектеусіздік жолы рухани таза ақпарат болмағасын керісінше ондай заңдар күнәні өсіруге, надандардың жасырған, тиым салған нәрселеріне құштарлықтарын артырып, қатарларын көбейтуге ғана жәрдем беріп жатыр. Қазақ ел басшылары, ғалымдарда осы сүрлеудің үстінде тұр. Оған себеп ата жолын өздеріміздің ата заңымызбен үкім шығарып соттап, енді қателіктерін мойындауға тәкәпарлықтары мен білімсіздіктері, ойшылдықтары, ақирет, тылсым жан сырынан білімсіздіктері мен өздерін төменмен, қарапайым халықпен, шет елдің толық рухани жетідмеген ойшылдығымен салыстырып алған дәрежелері мен үлкендіктері жібермей тұр. Онда құдайдың қаһары да, әлемге төніп тұрған қара бұлтың қазақ жеріне де жуық арада жарығын, шуағын түсірмесі айқын. Бұдан қандай қортынды шығаруға болады? Ол тек Момбай Ұлы Қыдырәлі бастап ірге тасын қалап кеткен рухтың, Құдай патшалығының елімізге түскен үкімін, аруақтар батасымен ғана әрекет етуді әрбір пенде тек рухтың, таза ақылдың жетегімен күнәдан ақталу жолын көлемді түрде насихаттап жалғастыру. Бірақ ата жолы неге осындай күйге түскенін, себебін және осындай сынақтарға себепші болған жалған аққу, сұңқар сарбаздардың кім екенін, жалпы дін шариғатын яғни ұлттық ата заңымыздың салттық амалдарын, өзге ислам елдерінен ерекшелігі бар, жан өсуін, рухани кемелденуді қалыптастыратын діни- дәстүрлік тазару ұстанымдарды берік ұстанбаудан ұлтына сай салттық, ғұрыптық ар-ұяттан аттап, к..тін көрсеткен, тәнін ашып, арын саудаға салған қылықтармен ұлы керуеннің көшін алға жылжыту мүлде мүмкін емес екенін әрбір саналы, ұлтына жан ашыр, еліне қамқор болғысы келген адам баласы білуге тиісті ақпарттық майданды өз ішімізде ашу керек. «Сын түзелмей мін түзелмес!» Туралық болған жерде туысқандыққа жол бермей, армыздағы қаптап жүрген жалған ұстаз, әдепсіз, ар- ұятсыз, мақтан құмар, даңғой, білімсіз шариғатқа теріс қылық жасайтын қуыс кеуде аққу, сұңқарларды көпшілік алдында әшкереле, кімнің-кім екенін халыққа үлгілі, ізгілікті, әдепті іс қимылдармен дінді ұстану жолдарымен ата жолының құндылығын ізгі амалдармен көрсете білуіміз керек. Жалпы ата жолының болашақта нақты дінің ең тазасы және бүкіл діндердің біріктіруші үлгісі болуға өзінің қазақи әдебі, парасатылығы мәдениетімен, сөзімен үлгі болатын аққу, сұңқарларды қалыптастыру керек. Дін білімін, құранның тек ата жолына белгілі болған құпия сырлары мен ата- баба аманатары мен еңбектерін ақпарат жүзінде қазақ еліне ғана емес әлемдерге талқыға ұсынатын кез де жеткен сияқты. Оған ата жолының тәжірибе сынақтарынан өткен ұландарымен, білімді көргенді әйелдерімізді, аналарымызды орта топтан сауатты, көргені мен өмірлік тәжірибесі мол ұлт жанды азаматтарды қатарымызға шақырып, діншілермен, ғалымдармен қолда бар мағлұмат, білім, іс тәжірибемізбен таразыға түсіп, көркем сөзбен пікір таласқа және аруақ батасының құдіреттілігін, берілген емшілік, бақсылық хикметтерді де ортаға салатын уақыт келді. Сондықтан үкіметіміз қандай шешім шығарса да сабырлық сақтап, тек өнегелі ізгі іс арқылы ғана ата заңымыздың қайта қаралып, халыққа ата дінімізге, тарихи шежіремізге, құдай патшалығына аруақ заңдылығына қызмет ететін шешімге келуге, болашаққа пайдалы, ұрпақтарымызға үлгі қалдыратын «Жеті жарғысын» шығартуға жол көрсетейік, насихатайық! Ата жолымыздың негізгі насихаты мен дін ұстанымымыздың бүкіл ойшылдық ( философиясы), жан сырының түсініктері Абай-Шәкәрім аталарымыздың еңбектерінде және Інжілде толық қамтылған. Сондықтан Ата жолымыз өмірден өткен даналарымыздың жолы екенін дәлелдейтін білім жолына үлес қосуға ат басын бұрғанымыз абзал. Абай атамыздың әулиелігі де осы ата жолының, қазақтың ата дінінің ой бағатын шопандығының (діннің) болашақта қандай сынаққа түсетінін астарлап мысал келтіріп кеткен; Бұл біздердің бүгінгі күнгі дін басқару ісіндегі ақиқаттың айнасы. Қазақтың дін қойын баққан діншілермен, басшыларының назарына; «Малдарың және жандарың жайында әрине сыналасыңдар; сондай-ақ сендерден бұрынғы кітап берілгендерден және мүшкіріктерден де көптеген реніш естисіңдер. Егер сабыр етсеңдер әрі сақсынсаңдар; шәксіз бұл маңызды істер» «..оларға ашық дәлелдер келгеннен кейін қарсы шыққан қауымды Алла қалайша тура жолға салады? Алла залым елді тура жолға салмайды.» (3-186,86) деген аяттарды Абай атамыз дінің бірленуін, кітаптың, ақыл-ойдың оқылуын, рухтың жаңаруын ескі әдетінен танбай қудалайтындарды «антұрғандар» деп төмендегідей мысалмен тәпсірлеп кетіпті;
Бір таудағы хайуанды бір арыстан Онысы рас, басында тәуір болған,

Билеген патшасы екен әуел бастан. Сөйтсе де кімді бұзбас бақ антұрған.

Әділ атақ алмақшы ниеті бар, Алдынан жан шықпаған патшамыздың

Ешкімді ауырпастан жылатпастан. Ала қойды көргенде көзі ауырған.

Ала қойда кінә жоқ жүннен (бата, үннен) басқа,

Көрсе қаза тұрады аза бойы,

Болмады бұған айла ойламасқа.

Тұрды патша қайғырып уайым жеп:

«Ала қойды болады қайткенім еп? -Батыр патшам, не керек көп ойлану?

Аю, түлкі-қасында уәзірлері, Қойды жан деп, есіркеп кім аяйды?

Кеңеседі оларға «қайтемін»?-деп. Ақылы ала қойдың-қырып салу.

Қолбаң етіп, қорс етіп сөйлейді аю: Қабағын түйді арыстан сөзін ұғып:

-Өлтіремін оңай-ақ қойды сығып.

Өз жұртын өзі қырған патша бар ма?

Жаман аттан қорқамын, кетсе шығып.

-Бекер қан төктірмеңіз, әділ патшам

Сөкпеңіз,-деді түлкі,-мен сөз айтсам. Жаманды жақсыменен тең көріңіз.

Оңаша бір өзенді қойға беріп, Ала қой қорыққанан өзі азаяр,

Қайраңыңнан семіртіп, кең жайлатсаң. Қойшылыққа қасқырды жіберсеңіз.

Жарлықты кешіктірмей тез беріңіз, Қара деп қатты тапсыр ала қойды-ақ,

Өзгесі өсер, ол кемір, сөзімді бақ.

Жақсы сөзбен біреуге тапсырған соң,

Жаман аттан боласыз сіз дағы аулақ.

«Құп» деді, оны арыстан қабыл көрді,

Қасқырға «жақсы бақ» деп жарлық берді. Көре салды қасқырдан баяғы арсыз.

Ала түгіл ағынан (ақуынан да) тыныш бопты, Ант ұрғандық түлкі мен арыстанда,

Түлкінің айтқанын қылып еді. Ол болмаса, не қылмақ қасқыр жалғыз?

Түлкінің айтқаны рас, жұрт-ақылсыз,

Адам баласына жаратушыдан нәсілдерімізді түрлі-түсті және ұлттық ерекшелігімізді белгілеп, уәде алған ол уәдеміз ана тілі болса және ата аманаты ата салт-дәстүрлік дінімізді құрметеуді, антымызға қиянат жасамауға жаратушымыз парыз қылып бекіткен. Осы екі рухани құндылығымыздың қазынысын бір-бірімізден күнде сұрап; «Мал жаның аман ба?» деп амандасқан қазақ едік. Енді ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар жаратқанның сынынан сүрінбей, жоғалтпай, сақтап біздердей бақытты заманың ұрпақтарын өткізген аманатқа кімдер суық қолын созып; «Ат аттатырып, сүйекке таңба салғызды?». Кімдер адал рухани азығымызды арамға айналдырып, оған ел басшы, ғалымдарға дейін қалай сендіре білді? «Енді бүгін кім жаман? Данышпан емес, кім надан? Қамқор емес, кім жауыз? Жомарт емес, кім сараң? Көсем емес, кім жалтақ? Шешен емес жоқ адам. Бәрі білгіш, бәрі ер, Жеткіздің, Алла тағалам.» (Міржақып.Дулатұлы) «Түнге үйренген жарқанат, Күннің оған сәні жоқ, Қорегі нәжіс құзғынға, Адал астың дәмі жоқ.» (Жамбыл ата) Әрбір істің де сөздің де нәтижеленетін кезі келіп, одан ешқандай адам баласы ақирет, өлімге дейін де жауапсыз өтіп кете алмайды, Таразы тартылды, рухани егінге орақ түсті, жер ана жүгін шығарып әрбір пендесіне періштелер түсетін, «шақ» келді!

Інжілден ескерту; «Кім жасауға тиісті жақсылықты біле тұра жасамаса, сол күнәлі! (зияраттау, Алла жолында мал жұмсау, хайыр жасау, емшілік тазарту істері) Сонымен, байлар, құлақ түріп тыңдаңдар! Бастарыңа төніп тұрған қасіреттеріңе бола зар еңіреп жылаңдар! Дүние –мүліктерің шіріп, киімдерің (рухани дене, мал, жан) күйеге жем болды, алтын мен күмістеріңді (жан киімі мен рухтың азығы) тот басты. Солардың тоты сендерге қарсы айғақ болып, тәндеріңді оттай жалмайды. Осы заманның ақыры жақын болса да, өздеріңе қазына жинап келесіңдер! Міне сендер егіндеріңді жинаған жұмысшыларға (аруақтарға) төлемеген тиесілі жалақылар (садақа, құрбандықтар) өздеріңе қарсы айғақ болып шағынып тұр, орақшылардың айқайлаған дауыстары (күн күркіреп, періштелер) әлемді билеген Жартқан Иенің құлағына жетті. Сендер бұл дүниеде молшылыққа белшеден батып, рахат кешіп келесіңдер. Құритын күндерің жетсе де, бордақылаған малдай семірудесіңдер. Тіпті өздеріңе қарсы шықпаған әділділерді соттап, өлтірдіңдер! Сотталмауларың үшін, бауырларым, бір-біріңнің үстеріңнен шағым айтпаңдар. Үкім шығаратын Иеміздің жуырда қайта оралатынын білесіңдер ғой. Ол есік алдына келіп қалғандай жақын». ( Жақып: 5-тарау)



Інжіл философиясы бойынша қиямет мезгілі жер бетінде адамзаттың өздеріне берілген нығметпен білімнің арқасында, шаруашылық істердің жетіліп білім тозуымен, керісінше рухани жетілу тежеліп, халықтар түрлі азғындық, құдайсыздық теріс қылықтармен, ойын-сауықтармен өздерін мұңсыз көріп, жер бетінің үстем билеушісі болып сезініп, түрлі дінсіздік істерімен азғындыққа түсетін кезеңдері мезгілдері болып, сол уақытта жаратушы тарапынан өз араларында мұғзижа, хикметтермен елшілердің келіп, бірақ ондай халық арасынан дінге шақырған адамдарды мазаққа айналдырып қудалану әрекеттерінен кейін апаттар, сынақтар болып үлкен ескертулермен, азап аурулармен жер бетінде пайда болатын оқиғалар, қорқынышты белгілер арқылы Ғиса пайғамбарымыздың хикметті істерінің рух үстемдігінің қайталанып, адамзаттың екінші бір ақпараттық кезеңге өтуі және діннің үстемдігі мен хикметті рухани даму, құдайлық адамзат санасын оятумен, ақыл-ойларын жетілдіру заңдылығы жүретінін ескертеді. Бұндай қиямет мезгілдері жер бетінде дүние жүзідік соғыстар немесе ашаршылық індеттер арқылы да үнемі қайталанып отырса, ал рухани соғыс 400-500 жылдай аралықта үнемі қайталанып отыратынын әлем тарихынан да қазақ елінің бабалар аманаты шежіресінен де көрнісін береді. Қиямет оқиғасының әлемдік деңгейде біртұтас қайталануы әрбір 700-1000 жылдық арасын қамтитын қиямет өзгерісі болып, ол оқиғаның енді біздің өмір сүрген заманымызға келіп тұрғанын Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиеттері мен құранның да растайтынын осы шағын кітапшалар арқылы нақты дәлелдермен ғылым, білімін және ислам дінінің нақты бейнесімен ислам әлемінің қалай кері шегініп дін тұтастығын бөлшектеушілерге айналғанына дәлелдер береміз. Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы. 2011 жыл Қыркүйек айы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет