Бірінші жастың соңында және екінші жастың басында балалар әлі сөзді толық айта алмайды, естіген сөздерінің екпінді буындарын екімүшелік тізбектерге жинақтай бастайды. «Әже маған су бер» деген сөздің орнына «әже су» сияқты сөздермен алмастырады. - Бірінші жастың соңында және екінші жастың басында балалар әлі сөзді толық айта алмайды, естіген сөздерінің екпінді буындарын екімүшелік тізбектерге жинақтай бастайды. «Әже маған су бер» деген сөздің орнына «әже су» сияқты сөздермен алмастырады.
- Екінші жас-бала тілінің өте қарқынды даму кезеңі: бала тілінің сөздік құрамы 200-400 сөзге дейін жетеді. Тілдің грамматикалық құрылымы белгілене бастайды.
Төртінші жаста сөздің құрамының баюы және тілдің грамматикалық құрылымының жетілуі одан әрі жалғасады, 4 жастан 6 жасқа дейін сезім эмоцияларды айыра алады сыртқы және ішкі әсерлерден болатын эмоциялар мен сезімдерді, қанағаттану және қанағаттанбау сезімдерін өте дәл айыра алады. - Төртінші жаста сөздің құрамының баюы және тілдің грамматикалық құрылымының жетілуі одан әрі жалғасады, 4 жастан 6 жасқа дейін сезім эмоцияларды айыра алады сыртқы және ішкі әсерлерден болатын эмоциялар мен сезімдерді, қанағаттану және қанағаттанбау сезімдерін өте дәл айыра алады.
- Бес жасқа дейін қалыпты дұрыс даму жағдайында бала ана тілінде еркін сөйлей алады. 5-6 жаста баланың шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары көріне бастайды. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типі-ойлау, көркем өнер, т.б түрлері анықталады.
Сонымен бала тұлғасының ақыл-ой және адамгершілік баюына бала тілінің дұрыс дамуының ерекше маңызы бар екендігі еш күмән келтірмейді. Сондықтан ата-аналар және тәрбишілер балалардың сөзді, буындарды, дауыссыз дыбыстарды (мысалы, р, ш т.б) дұрыс айтуын мұқият қадағалап отыруы қажет. Айтылған сөздерінің нақты заттарға, құбылыстарға, сонымен бірге адамдардың іс-қылықтары мен әсерлеріне сәйкестігіне, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлігіне, балалардың сөздік қорының молаюына және оған жинақтаушы сөздердің енуіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Балаларды әр түрлі аурулардан және жекелей алғанда олардың тіл дамуына жағымсыз әсер ететін аурулардан қорғап отырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |