Бала дамуындағы психологиялық ерекшеліктер


Ойлау тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі-танымдық белсенділігі



бет5/6
Дата29.04.2024
өлшемі79.07 Kb.
#500123
1   2   3   4   5   6
Бала дамуындағы психологиялық ерекшеліктер Мектепке дейінгі мекемелерге арналған презентация

Ойлау тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі-танымдық белсенділігі.

  • Ойлау тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі-танымдық белсенділігі.
  • Ойлау- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс- қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
  • Баланың білуге құмарлығы үнемі айналадағы әлемді танып білуге бағытталған. Бала ойын барысында эксперимент жүргізеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Ондағы айналадағы өмір құбылыстары бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Ақыл- ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес оның қимыл қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау–алты жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине ол жекелеген жағдайларда логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымдырақ болады

Қиял. Алты жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады, және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді.

  • Қиял. Алты жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады, және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді.
  • Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрлеріне өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжет ойлап шығарып айтып бере алады (импровизация), өз шығармасына рахаттанып оған басқа адамдарды да қатыстыра алады: қиял бала өмірінде (үлкендерге қарағанда) үлкен роль атқарады, анағұрлым жиі байқалады.
  • Қиялдың үздіксіз жұмысы — баланың айналадағы әлемді танып білуінің және игеруінің маңызды жолы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.
  • Кейінгі жылдардағы зерттеулер нәтижесі бойынша жас бала өте икемді және жеңіл оқытылады, ол бұрынғы есептегеннен гөрі әлдеқайда көбірек меңгере алады. Ал бұл мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағдарламаның танымдық мазмұнын мағыналы байытуға және бағыттар береді. Дегенмен баланың мүмкіндіктері шексіз емес, оның жасының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты олар шектеулі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет