Сонымен бала тұлғасының ақыл-ой және адамгершілік баюына бала тілінің дұрыс дамуының ерекше маңызы бар екендігі еш күмән келтірмейді. Сондықтан ата-аналар және тәрбишілер балалардың сөзді, буындарды, дауыссыз дыбыстарды (мысалы, р, ш т.б) дұрыс айтуын мұқият қадағалап отыруы қажет. Айтылған сөздерінің нақты заттарға, құбылыстарға, сонымен бірге адамдардың іс-қылықтары мен әсерлеріне сәйкестігіне, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлігіне, балалардың сөздік қорының молаюына және оған жинақтаушы сөздердің енуіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Балаларды әр түрлі аурулардан және жекелей алғанда олардың тіл дамуына жағымсыз әсер ететін аурулардан қорғап отырған жөн. Мектепке қабылдауда балаларда танымдық процестердің дамуының өте маңызды ерекшеліктеріне мыналарды атауға болады: - Мектепке қабылдауда балаларда танымдық процестердің дамуының өте маңызды ерекшеліктеріне мыналарды атауға болады:
- Тіл: Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кез-келген мәселесі бойынша түсінісе алатындай дәрежеге жетеді.
- Бұл жаста бала қандай сөзді қолдануға болады, ал қандай сөздер соншалықты жағымсыз, тіпті оларды айту ұят екенін түсінеді. Бала сөзге дыбыстық талдау жасай алады. Сөзді дыбыстарға бөліп, сөздегі дыбыстардың ретін анықтай алады ( егер бала балабақшаға барып жүрген болса). Алты жасар бала түсінікті тілмен-контексті тілмен, қатынас жасай алады, яғни не туралы айтылу керектігін жеткілікті түрде толық сипаттан бере алатын тіл деңгейінде, сондықтан да талқыланатын жағдай тікелей қабылдаусыз да толық түсінікті болады.
Сенсорлық даму. Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін, пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп ( үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Бұл жастағы балалар заттардың белгілі бір эталондарға сәйкестігін көрсете алады. (эталондар — бұл адамзаттың ойлап шығарған заттардың негізгі қасиеттері мен сапаларының үлгісі). - Сенсорлық даму. Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін, пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп ( үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Бұл жастағы балалар заттардың белгілі бір эталондарға сәйкестігін көрсете алады. (эталондар — бұл адамзаттың ойлап шығарған заттардың негізгі қасиеттері мен сапаларының үлгісі).
- Әсерленушілік пен білуге құмарлық қаншалықты басым болғанмен, бұл жаста қабылдау әлі ұйымдаспаған. Әлі де мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау және есту, т.б қажетті біліктіліктері қалыптаспаған.
Достарыңызбен бөлісу: |