Бала өмірдегі ең басты құндылық Қош келдіңіздер



бет4/7
Дата08.12.2022
өлшемі4.51 Mb.
#466827
1   2   3   4   5   6   7
Бала - өмірдегі ең басты құндылық!)

байлаймыз).

Баламды қолынан ұстап алдымда,әрі қарай жылжыдық. Қызым үндемей келеді,бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып,қолынан салып жібердім.

Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен.Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! (орамалмен қолдарын байлаймыз) Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып,оған айқайладым.

Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы?Секеңдегеніңді қой! ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен аяқтарын байлаймыз)

Мен сағатыма қарап,кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек,жүруді де ұмытып қалғансың ба, Бол тез! Әкел қолыңды! Қолың қол емес имек сиақты, я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды.

Жолыңа қара,сүрінбей,соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы!Неғып үндемей қалдың,мен сенімен сөйлесіп тұрмын ғой керең неме!

Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп айқайладым.

Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған. Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой ! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! (осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп,әрі қарай қызымды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім.

  • Яғни мен оның бала екенін және оған менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.

Ата-аналардың ой пікірлерін тыңдау

  • Сіздер осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?
  • Сіз бала орнында болғанда қандай әсер алдыңыз?
  • Осы көрініс сіздерге кішкене болса да бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру – әрбір жеке отбасының және жалпы бүкіл қоғамның міндеті. Американ жазушысы Томас Харрис дәл айтқандай, «Балаларға көмектесудің ең жақсы тәсілі – бұл олардың ата-аналарына көмектесу». Балаларымызды мейірлене құшақтауда сараңдық жасамайық! Баламызды құшақтайық – физикалық байланыс тыныштандырудың сенімді құралы болып табылады; белгілі американдық отбасылық психолог Вирджиния Сатир: “Баланың жай ғана өмір сүруі үшін күніне төрт рет, ал дұрыс дамуы үшін, - он екі рет құшақтау керек”, - деп жазған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет