Қорытынды:
• Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
• Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
• Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
• Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік!
Педагогтар мен ата-аналар есіне, егер:
баланы үнемі сыңайтын болсаңыз, ол барлығын жек көретін болады;
балаға үнемі ескерту жасасаңыз, ол тұйық болып өседі;
баланы орынды мақтай білсеңіз, ол жақсы қырларын көрсетуге тырысады;
балаға үнемі қолдау көрсетіп отырсаңыз, ол өзін-өзі бағалай білетін болады;
бала шындықты айтып өсетін болса, шыншыл азамат болып қалыптасады;
бала алаңсыз, қауіпсіз жағдайда өсетін болса, ол адамдарға сеніммен қарайтын болады;
бала ұрыс-керісті, жат қылықтарды көріп өссе, ол ашушаң, кекшіл болады;
бала қайырымдылық пен мейірімділікке бөленіп өссе, ол бұл әлемде махаббат пен сүйіспеншілікте болып, ата-анаға қайырымды болады.
Ата-аналарға не істеуге болмайды?
Баланы ешқашан қорламаңыз! Баланың ішкі дүниесі құрып, оның жаратымды образы жойылады.
Уәдені қиянатпен алмаңыз! Уәде беру бала үшін түк те емес. Егер бала сезімтал болса, оның бойында кінә сізімі болады. Егер сезімтал болмаса, бұл оны үйретеді: сөз – бір, іс – басқа.
Достарыңызбен бөлісу: |