Bala Turkvizyon 2015» Түрік әлемі әндерінің Ұлттық іріктеу турының ережесі Байқауды ұйымдастырушылар: «Bala Turkvizyon 2015» Ұлттық Түрік әлемі әндері байқауының (ары қарай Байқау) ұйымдастырушылары «rimas televiziyon Radyo Produksyon A



Дата06.06.2016
өлшемі40.5 Kb.
#117392
«Bala Turkvizyon - 2015» Түрік әлемі әндерінің Ұлттық іріктеу турының ережесі

Байқауды ұйымдастырушылар: «Bala Turkvizyon - 2015» Ұлттық Түрік әлемі әндері байқауының (ары қарай - Байқау) ұйымдастырушылары «RIMAS Televiziyon Radyo Produksyon A.S» (TMB TV) ) (ары қарай - ұйымдастырушы) компаниясы.

Байқауға қатысушылар: Байқауға қатысуға 8 және 13 жас аралығында болатын балалар байқау финалы өткізілетін күнге жіберіледі.

Байқауға қатысушы ретінде жеке қатысушы немесе құрамында 6 адамнан аспайтын топ болып (Қатысушылардың жасы - бишілер, бэк – вокалистер, музыканнтар – инструменталистер және т.б. 8 бен 13 жас аралығында).



Байқаудың аймақтың іріктеу айналымы:

Байқаудың географиялық аумағы еліміздің 14 аймағын, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларын қамтиды.

Байқаудың кезеңдері:

1.16 жеңімпазды анықтайтын аймақтық іріктеу айналымы

2. Қатысушыларды жартылай финалға дайындайтын «Жұлдызды үйі»

3. Бір ғана жеңімпазды анықтайтын байқаудың жартылай финалы

4. Мары (Түрікменстан) қаласында болатын Гранд-финалына Ұлттық іріктеудің жеңімпазы Қазақстан намысын қорғайды.

Жоба жетекшілері:

Әр аймақтың өз жетекшілері белгіленеді: белгілі әртіс өзінің тобымен сол аймақтың жетекшісі болып табылады.

Аймақтық іріктеуден кейін жеңімпаздың жетекшілері байқаудың финалына дейін әндерін жазып, әнге қойылымдарын ойластырады.
Әнге қойылатын талаптар:


  • Аймақтық іріктеу айналымында орыс немесе түркі тілдеріндегі әндер қатыса алады.

  • Қатысушылар репертуарын өз көзқарастары бойынша таңдайды. Қазіргі заманғы танымал әндер жіберіледі. Ән кем дегенде екі шумақ, екі қайырмадан тұруы керек.




  • Байқауда ән, қатысушылардың таза дауысымен және әншінің дауысын қайталамайтын фонограмма музыка және бэк – вокалмен айтылады.

  • Барлық қатысушылардың фонограммасы «-1» СD немесе флэш – тасығыштарда орындалады.

  • Орындалатын әннің ұзақтығы екі минут отыз секундтан немесе үш минуттан ұзақ болмауы керек.


Ұлттық іріктеу айналымының жеңімпазы:

Ұлттық іріктеу жеңімпазы кәсіби әділқазылар алқасы және халықтық смс дауыс беру арқылы анықталады.



Келісім шарт

Байқау ұйымдастырушылары ресми өкілдер келісімімен заңды, ресми өкілмен немесе заңды өкілмен байқауға қатысу туралы, ресми өкілдің байқауға дайындық реті келісіледі. Келісімшарт ұймдастырушылар тарапымен жасалынады.



Қосымша ақпарат

Финалда байқаудың ұйымдастырушылар алқасы қатысушыны және бір жолкөрсетушіні:



      • Жолақысын (барып - қайтуын)

      • Ішкі транспорт

      • Тұратын жерін

      • Үш мезгілдік тамағын толыққанды қамтамасыз етеді.

Қажет кезінде ұйымдастырушылар алқасы виза алуына көмектеседі. (жіберуші хат, шақыру және т.б.)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет