Денсаулықты комплексті бағалау
Денсаулықты комплексті бағалау үшін Громбах С.М алты критерий
ұсынған:
1.Физикалық даму
2.Нерв-психикалық даму
3.Резистентік
4.Жүйенің функциялық
жағдайы
5.Созылмалы аурудың болуы және болмауы
6.Туа біткен ақаулардың болуы.
Осы мәлеметке сүйеніп 5 денсаулық тобы анықталады.
1 топ. Барлық критерилер бойынша ауытқу жоқ «дені сау» балалар.
2 топ. Анамнезінде асқынулар бар немесе морфологиялық өзгерістер бар.
Созылмалы патологиялар даму қауіпі бар балалар.
3 топ. Созылмалы аурулары бар немесе іштен туған ақаулары бар
компенсация жағдайдағы балалар.
4 топ. Созылмалы аурулары бар немесе іштен туған ақаулары бар
субкомпенсация жағдайдағы балалар.
5 топ. Ауыр созылмалы ауруы, ауыр туа болған ақаулары бар
декомпенсациялық жағдайдағы балалар.
Ауру тарихы
(үлгісі)
І. Паспорт бөлімі.
ІІ.Аурудың шағымдары
Шағым деп науқастың өзі сезінетін аурулық сезімді айтады. Шағымдар
негізгі жәнеқосымша болып 2-ге бөлінеді.
Негізгі (бас шағым) әр мүшенің патологиясына тән болады.
Қосымша шағымдар организмнің патологиялық процесске жалпы
арнаулы емес жауабының көрінісін білдіреді. Бұл шағымдар әртүрлі
ауруларда бірдей болады (әлсіздік,
делсалдық, тершеңдік, ұйқысының
бұзылуы т.б.).
Негізінен шағымды қай жері, мезгілі, саны, сапасы, себебі,
қосалқы жағдайларды анықтау бағытында талдайды.
ІІІ. Осы аурумен ауру тарихы
Бала осы аурумен алғашқыда қандай жағдайда ауырды. Аурудың басталуына
қандай әсерлер себебін тигізді (жүйкелік зақымдану, физикалық және ойлық
шаршау, инфекция, тоңазу және т.б.). Аурудың басталуы: жедел, біртіндеп.
Аурудың даму барысы (жүйелігі, күшеюі, өзгерістері, белгілерінің жойылуы,
жаңаларының пайда болуы). Бұрынғы (үйде, емхана) жасалған емдік шаралар
және олардың тиімділігі.
Достарыңызбен бөлісу: