Балалар аурулары пәні


Перефериялық лимфа түйіндерін пальпациялау



Pdf көрінісі
бет7/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

 
Перефериялық лимфа түйіндерін пальпациялау 
Пальпациялау екі жағынан, лимфа түйіндерін тығыз тканьге тіреуге 
тырысып, сұқ және ортаңғы аусақтармен жүргізіледі. Осы кезде тері 
астыныдағы лимфа түйіндерді саусағымызбен сезе аламыз. 
Пальпация кезінде лимфа түйіндерінің: 

Мөлшерін (сантиметрмен) тары, чечевица, бұршақ, орман жанғағы, 
көгершін жұмыртқасы 

Санын (бірлі жарым, көптеген) 

Консистенциясы (эластикалы, тығыз)

Қозғалғыштығы 



Тері мен тері асты шел қабатына қатысты (жабысқан немесе 
жабыспаған) 

Сезімталдығы мен ауырсынуы пальпация кезінде 
Қалыпты жағдайда мөлшері 1-5 мм, консистенциясы эластикалық, 
жабыспаған, ауырсынбайды, 2-3 топтардан артық емес, саны бірілі жарым 
лимфа түйіндер пальпацияланады. 
Пальпация келесі тәрітіпте жүргізіледі: 
1. шүйде 
2. құлақ арты (еміздікше тәрізді өсінді) 
3. жақ асты (төменгі жақтың бұрышы асты) 
4. иек асты (иек асты аймағы) 
5. алдыңғы мойын (кеуде бұғана еміздікше тәрізді бұлшық еттің алдыңғы 
шетімен) 
6. артқы мойын (кеуде бұғана еміздікше тәрізді бұлшық еттің артқы 
шетімен) 
7. бұғана үсті (бұғана үсті шұқыры) 
8. бұғана асты (бұғана асты шұқыры) 
9. қолтық асты (қолытық асты шұқыры) 
10. шап (шап сіңірінің бойымен) 
 
Баланың үлкен еңбегін анықтау 
Бала туылған кезде бас сүйек үлкен сүйек болып есептеледі. Төбе, 
самай және шүйде жігі ашық болады, 3 – 4 айлығында жабыла бастайды. 
Жетілген балаларда бүйір еңбектері жабық болады. Кіші еңбек (артқы) жаңа 
туылған балаларда 25 пайыз ашық және ол туылғаннан кейін 4 – 8 аптадан 
кейін жабылады. Үлкен еңбек (алдыңғы) ромб пішінді, ал мөлшерде әр түрлі 
болуы мүмкін.
Үлкен еңбектің пішінін, мөлшерін және сүйектің тығыздығын 
пальпациялау арқылы танықталады. 
- Баланы жатқан немесе отырған күйінде пальпациялау жүргізіледі.
- Тексеруші бас бармақтарын маңдайында түйістіріп, 2,3,4 
саусақтарын самай және төбе сүйектеріне қояды. 
- 2,3,4 саусақтарды бас сүйегімен жылжыта отырып, еңбектің 
жиегінің беріктігін, иілгіштігін, оның бүлкілін анықтайды. 
- Еңбектің мөлшерін 2 қарама-қарсы қабырғалары аралығын өлшеу 
арқылы анықтайды. Олар шамамен 3*3 см ден 1,5 * 2 см – ге дейін 
болады. Қалыпты жағдайда үлкен еңбектің жабылуы 1 – 1,5 жасында 
болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет